Бірінші реттік (негізгі) міндеттерге
басылым орны, уақыты
мен мамандануы және басқа да жанама факторларға қарамастан,
барлық публицистикалық тақырыпаттар жауап беруі тиіс талаптар
жатады.
Ең бірінші, бұл –
ақпараттылық
яки
мазмұндылық
қызметі. Кез
келген тақырыпат, ең алдымен, реципиентті мақала мазмұны
турасынан жылдам әрі шағын түрде хабардар етуге арналған. Олар
осы себептен де пайда болғандығын да ұмытпауымыз керек.
В. Короленко өзінің бір сөзінде: «Шығарма атауы белгілі
деңгейде оның мазмұнынан хабар беруі керек. Мен бұл ескертуді бір
рет Н.Г. Чернышевскийден естігенмін және, меніңше, бұл әділ
айтылған сөз» [16], – деп, шығарма тақырыбында ондағы негізгі
айтылатын ойдың көрініс табуы қаншалық маңызды екендігін атап
көрсеткен. Ал публицистикаға келгенде, тақырыпаттың бұл қыры
39
өзінің «салмақтылығын» еселей түседі. Бұл туралы орыс жазушысы,
тарихшы Н.А. Ульянов: «Тақырыпат мақала мазмұнын дұрыс
ашпағандықтан, шын мәнінде мазмұны қызықты болатын мақала өз
оқырманын таба алмай жатады», – дей отыра, қаламгерлердің
шығармаларына «есім» берместен бұрын, оның нақтылығына және
мағыналылығына ерекше ден салу керектігін айтады [16]. Мұның өзі
оқырман көңілін нақты мәтінге аударуда мақала тақырыпатының
ақпараттық тұрғыда мағыналы болуының маңызы зор екендігін
көрсетеді.
Кез келген тақырыпат қандай да бір деңгейдегі ақпараттылыққа
ие. Мақала атауының мазмұндылығы тақырыпатта баяндалатын
оқиғаға байланысты емес, мақала мәтініндегі осы оқиға туралы
айтылған ақпаратқа байланысты анықталады.
Ақпараттылық түсінігі (ақпарат түсінігіне қарағанда) мәтінде
айтылатын фактілермен, сондай-ақ адресатпен де өзара тығыз
байланысты. Яғни мақала атауының ақпараттылығы ұғымына мәтінде
сөз етілетін оқиғалардың тақырыпатта көрініс табуы ғана емес,
сонымен қатар әрбір жеке оқырман өзінің біліміне байланысты
қабылдайтын кешенді ақпараттың көлемі де жатады. Әрине, әр
адресаттың бастапқы білімі мен өзіндік түсінігі әртүрлі. Сол себепті
журналистикада
мақаланың
атауы
реципиенттердің
орташа
ақпараттылық деңгейіне негізделе отырып құрылады. Ақпаратқа
қарағанда тақырыпат ақпараттылығы нақты адресанттың мәтіннен ала
алатын ақпарат көлемін білдіреді.
Мақала атауының мазмұндылық деңгейі де әртүрлі болады. Бұл
тікелей тілшінің өзіне байланысты. Егер тілші екпінді тек
ақпараттылыққа түсіргісі келсе, ол өз шығармасындағы «тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйінін» мақала атауы ретінде ұсынып, оқырманның
оны қабылдауын жеңілдетеді. Бірақ журналист мақала атауына
ақпараттылықпен қатар басқа да бір міндетті (мысалы, бағалаушы)
жүктегісі келсе, бұл әрекет тақырыпат мазмұндылығына әсер етпей
қоймайды. Мысалы:
«Назарбаев қамалып қалды»
(ЖА. – 30.06.2015)
деген тақырыпатқа тап болған оқырман бірден аң-таң болып,
даурығатыны сөзсіз, себебі «қамалып қалу» тіркесімен көп жағдайда
«түрме», «зындан», «абақты» сынды жағымсыз ұғымдар қатарласа
жүреді, сөйтіп, ақпаратты қабылдаушы оны бұрыс сарында ұғынуы
мүмкін және ол мақаланы толық оқыса ғана мәселенің мүлде
ойлағандай емес екеніне көз жеткізе алады. Ал
«Назарбаев Италия
премьерімен лифтіде қамалып қалды»
(АА. – 29.06.2015) деген мақала
атауын оқыған адресат мәселенің мән-жайын еш қиындықсыз бірден
түсіне алады. Бұл жердегі екі тақырыпаттың айырмашылығы –
олардың ақпараттылығында.
40
Э.А. Лазарева жоғарыда аталған еңбегінде атап көрсеткендей,
тақырыпатта мәтіннің мағыналық құрылымының қандай да бір бөлімі:
тезис, негізгі идея, фондық ақпарат, баяндалатын оқиғаға деген
аналитикалық баға – көрініс табуы мүмкін.
Аталған мәтін элементтерінің тақырыпатта қалай көрініс
табатындығына байланысты тақырыпат атауларын толық ақпаратты
және толымсыз ақпаратты деп бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |