Соқыр да сақау саясат
немесе ұлтсыздар ұлтты ұлықтай ала ма?»
(ЖА. – 28.01.2010) деген тақырыпатты қарастыратын болсақ, тілшінің
«саясат» сөзін осындай эпитеттермен «безендіруі» оның бұл мәселе
жайлы жағымды көзқараста емес екендігін анық аңғартады. Ал
«Шығыс пен Батыс
текетiресi... жоқ қоғамдастығы
»
(П. – 1992.
№12) деген мақала тақырыпатында журналистің ойы ап-анық көрініп
тұр және бұл аңдаусызда кеткен қате емес, тілшінің қасақана барған
қадамы. Бұндай әрекет те оқырман назарынан тыс қалмайтындығы
және мақала тақырыпатының прагматикалық әлеуетіне әсер ететіндігі
сөзсіз.
Қысқасы,
публицистикалық
мақала
тақырыпаттарының
атқаратын қызметтеріне сай ондағы міндеттерді келесі сызба (Сызба
1) негізінде түйіндеуге болады.
44
Сызба 1. Газет тақырыпаттары атқаратын қызметтер
Журналист – бас аспаз да, мақала тағам іспеттес: аспаз тағамды
қандай тұздықпен ұсынатындығы, оның дәміне және дәм татушылар
тарапынан қалай қабылдануына тікелей әсер етеді. Ол тұздыққа
қандай дәмдеуіштер қосқанына байланысты оның тағамға берер дәмі
де өзгеріп отырады. Публицистикада да бәрі тап осылай: газет
тақырыпаты түрлі қосалқы қызметтерде (коммуникативті, когнитивті,
т.б.) қолданылуы мүмкін – мұның барлығы автордың өз қалауына
байланысты. Мұнда тақырыпат міндеттеріне қойылар нақты
шектеулер жоқ.
45
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПАТТАРДЫҢ
ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Газет тақырыпаттарының прагматикалық әлеуеті
1) Тақырыпат кешенінің прагматикасы және оның қазақ
публицистикасындағы көрінісі
Публицистикалық
мерзімді
басылымдар
–
әлемдік
жаңалықтардан хабардар етуде әрі қоғамдық санаға әсер етуде
айрықша рольге ие құрылымдар. Қазіргідей сан алуан газет-
журналдар мен ондағы осынау көп мақалалардың ішінен оқырманның
өзіне қажетті әрі қызықты ақпаратты іздеп табуда публицистикалық
тақырыпат кешендері маңызды қызмет атқарады. Дұрыс құрылған
тақырыпат арқылы тілші адресатқа мақала жайлы алғашқы және
жалпы түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар оған белгілі деңгейде
әсер етіп, мақаланың толық мәтініне жүгінуіне, ой әрекетіне
итермелей алады. Кез келген әлеуетті реципиент қолына газетті алған
кезде оның ішінен өзіне керекті мақаланы оның тақырыпаты негізінде
іздеп, анықтап табады. Тақырыпат кешенінің газет беттеріндегі
мақалаларды бір жүйеге келтіріп, реципиенттің өзіне керекті
мағлұматты тауып алу ісінде жолсерік қызметін атқаратынын осыдан-
ақ аңғаруға болады.
Тақырыпат – мақала мәтінінен бұрын орналасатын, оның
мазмұнынан хабардар етіп, оқырман санасында алғашқы түсінік
қалыптасуына әсер ететін, публицистикалық шығарманың толық
мәтінін оқуға итермелейтін стилистикалық тұрғыда салмақты әрі
маңызды құрылым. Дей тұрғанмен, ол публицистикалық басылымның
басқа да құрылымдық элементтерінен тәуелсіз жеке дара компонент
ретінде бола алмайды. Жыл санап публицистика дамыған сайын,
ондағы тақырыпат кешені де өзінің жетілуін тоқтатпаған. Қазіргі газет
беттеріндегі тақырыпат кешені келесідей деңгейлерден тұрады:
Айдар
газет не журналдағы барлық публицистикалық шығармаларды
тақырыптық тұрғыда сұрыптап, топтастырады. Әдетте, қазақстандық
мерзімді басылымдардың айдарлары «Экономика», «Саясат»,
«Қоғам», «Руханият», «Спорт» деген сынды мақалалардың жалпы
тақырыптық белгілеріне қарай ажыратылады. Кейбір басылымдардың
айдарлары тұтас бір (кейде екі) бетті қамтып, ондағы мақалалардың
басын қосса, келесі бір газет-журналдардың журналистері бір-екі
мақаланың жоғарғы шеткі бөлігіне «айдар тағуды» жөн көреді.
Айдар → тақырыпат → тақырыпша → лид
46
Кейбір заманауи газеттер өзге бәсекелестерінен озып, мейлінше
көп оқырмандардың назарын өздеріне аудару үшін тақырыпат
кешенінің бірінші сатысынан-ақ ерекшеленуге тырысады. Бүгінгі
таңда қазақстандық мерзімді басылым беттерінен де қарапайым әрі
бұрыннан қалыптасқан айдарлардан жаңа, «жарқын» айдарларға көшу
үдерісін байқауымызға болады. Айталық, «Ана тілі» газеті бетінің
төменгі бұрышында «Бет қатталып жатқанда» деген атаудың астында
бір топ мақала жария етіледі. Мақала дегеннен гөрі оларды кішігірім
ақпараттар мен хабарлар деген жөн. Мұнда газет редакциясы, әдетте,
еліміздегі не әлемдегі айтарлықтай маңызды болмаса да, қызықты я
көңіл аударуға лайық жаңалықтарды, ескертпе хабарларды бірінен соң
бірін тізіп жазады. Олар көбіне еш суретсіз һәм қандай болмасын
графикалық не қаріптік ерекшелендірусіз басылып шығады. Десе де,
осы беттегі бір топ мақалалардың мазмұнымен танысып, ой елегінен
өткізіп, ендігі келесі бетке көшуге, яғни тағы бір ақпарат
«жиынтығын» қабылдауға әзірленіп жатқан реципиент үшін мұндай
аралық әрі ақпараттық тұрғыда қабылдауға «жеңіл» мәліметтермен
танысу кішігірім «сергіту сәті» іспеттес болады. Адресаттың оны
оқымай-ақ, әрі қарай парақтай жөнелуіне болады не болмаса осындай
«бет қатталып жатқан» сәтте тағы біраз болсын ақпаратқа кенелу
мүмкіндігі бар. Кейбір баспасөз беттерінен арнайы салалық не қандай
болмасын іс-шараға байланысты туындаған айдарларды да байқауға
болады. Мысалы: «Жеңіс – 70» (Айқын), «Сандықта сақталған сурет»
(Ана тілі), «Сүзеген сөз» (Жас Алаш) және т.б. Осылайша, айдар
реципиенттің газетті қолына алған сәтінен-ақ өзіне қажетті де
қызықты көрінетін ақпаратты табудағы алғашқы жол нұсқаушы белгі
қызметін атқарады.
Тақырыпат кешеніндегі келесі саты –
мақала атауы
. Бұл
құрылымның публицистикада алар орны да, атқаратын қызметі де
орасан зор.
Тақырыпатқа
жүктелетін
міндеттерді
Р.E. Гарст
және
T.M. Бернштейн өте қызықты әрі дөп басып суреттейді. Ғалымдардың
ойынша, публицистикалық мақала атауы тіс емханасындағы тіс
пастасының болмаса қонақүйдегі сабынның сынама үлгісі іспеттес
роль атқарады. Бұл үлкен бүтіннің кішкентай бөлшегі әлеуетті
тұтынушыға өнім жайлы сенімді де толық ақпаратты жылдам әрі
жеңіл түрде жеткізуге және мұны тартымды істей отыра, оның өнімге
үйір болу, қызығушылық сезімдерін тудыруға арналған. Газет
тақырыпатының мақсаты да сондай: анық әрі толық ақпаратты
жылдам және тартымды жеткізе білу [20, 103].
47
Публицистика дамуының алғашқы сатыларында тілшілердің өз
мақалаларына берген атаулары редакторлар тарапынан қатты сыналып,
нақты талаптарға жауап берілу мәселесіне ерекше назар аударылатын.
Сондағы басты қағидалардың қатарына мақала атауының ықшам
болуы әрі ондағы мәтін жайлы мейлінше нақты мәлімет бере білу
қабілеті кіретін. Бұл мәселе туралы Е.А. Реферовская былай дейді:
«Газет тақырыпаттары өзіндік грамматика-стилистикалық ерекшелікке
ие. Бұл олардың тілдік құралдарды үнемдеуде зор мүмкіндігі бар
функционалдық сипатымен байланысты. Барынша аз тілдік құралдар
арқылы мейлінше көп ақпаратты жеткізу баспасөз тіліне, әсіресе
ондағы мақала тақырыпаттарына тән жалпы үрдіс болып табылады»
[130, 48].
Мұндай үрдіс ұзақ уақыт бойы публицистиканың «алтын
қағидасы» болып саналып келсе де, заман талабына сай журналистер
аталмыш ереженің олар үшін тиімсіз екендігін аңғарды: ықшам әрі
ақпараттық тұрғыда салмақты тақырыпатта екі ойлылық, астыртын
мағына, мәнмәтін сынды оқырмандар назарын өзіне тартып,
қызығушылығын оята білетін құбылыстарды үйлестіре білу қиынға
соғатын. Осыған орай тілшілер өз мақалаларына атау беру барысында
ақырындап ортақ ережеден ауытқи бастады. Нәтижесінде газет
беттерінде көлемді не бірнеше компонентті мақала атауларының,
тақырыпат құрамында бұрын-соңды қолданылмаған жаңа тілдік
құралдардың кездесуі жиілей бастады.
Бұл жайлы С.В. Ляпунның еңбегінде мынадай топшылауды көре
аламыз: «Заманауи публицистикада мақаланың негізгі тақырыбы
ашық көрсетілетін тақырыпаттар сирек кездеседі, өйткені мұнда тілші
үшін астарлы мән құру мүмкіндігі жоқ. Есесіне мақала атауы мен
оның мазмұны арасында ассоциативті байланыс түрі анағұрлым жиі
кездеседі. Аталмыш жағдайда автордың түрлі құралдар арқылы
тақырыпатты оқырман көңілін еліктіре алатындай қызықты етіп ұсыну
мүмкіншілігі зор. Осылайша, шытырман тақарыпат бүгінде
публицистикада тілшілер тарапынан жоғары сұранысқа ие әрі өнімді
құрал болып саналады» [131, 125].
Мерзімді баспасөздегі бұл үрдіс қазақ публицистикасын да
сыртқары айналып өткен жоқ. Әр жылдары басылып шыққан газеттерді
ашып көретін болсақ, ондағы мақала атауларының құрылымдық тұрғыда
да, мағыналық тұрғыда да түрленіп отырғандығын байқаймыз.
48
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |