15.8- сурет. Центрдентепкіш тәсілмен құйма дайындау схемасы: а-
көлденең осьті айналумен; б- тік осьті айналумен.
Артықшылығы:
Өнімділігі жоғары, құм-балшықтық тәсілімен
салыстырғанда қарапайым процесті, құйманың сапасы көтеріңкі, жарамды
құймаларды дайындау 20...60% артады.
Кемшілігі:
Қорамалар қымбат бағалы, дайындау өнімдерінің
атаутізімдері шектеулі.
15.5.4 Балқытылатын үлгілермен құю
Металды жеңіл балқитын үлгілік құрамнан үлгі бойынша жасалған бір
реттік жұқалтаң қыш қорамаға құяды. Мұндай тәсілмен қандайда болмасын
қорытпалардан массасы бірнеше граммнан 100кг дейінгі механикалық
өңдеуді қажет етпейтін өлшемі мен бетінің тазалығы жоғары дәлдіктегі
құйма дайындалады.
Балқытылатын үлгілермен құйма дайындау технологиясы келесі
кезеңдерден тұрады: үлгі үшін баспаққалыпты дайындау; үлгілік құрамды
баспаққалыпқа тығыздау арқылы балауыздан үлгі жасалады; үлгі блоктары
ортақ коректендіргішке жиналады; бір реттік үлгінің немесе блоктың бетіне
отқа төзімді жабын жалатылады; отқа төзімді (қышты) қабықшалы
қорамалардан үлгілер ыстық бумен немесе ыстық сумен балқытылып
алынады; қорамаларды теседі; ыстық қорамаларға металл құйылады.
Ыстық қорамаларға металды құю арқылы оның сұйықтайаққыштығын
көтереді және жұқа қабатты күрделі құймалар алуға мүмкіндік туады.
Құйманы суытқаннан кейін қолмен немесе пневмодірілдеткішпен
соғып отқа төзімді жабындық қабаттан тазартады Қуыстар мен тесіктердегі
қораманың қалдықтары ащы натрдың қайнаған ерітіндісінде сілтіден айыру
арқылы жойылады, артынан құйманы сода қосылған жылы сумен жуады.
Балқытылатын үлгілермен автотракторжасауға, аспапжасауға арналған
әртүрлі күрделі құймаларды, ұшақтың тетіктерін, турбиналардың
қапалақтарын, кескіш және өлшеуіш құралдарды дайындайды.
15.9- сурет. Балқытылатын үлгілермен құю
15.5.5 Құймаларды қабықшалы қорамаларда дайындау
Массасы 100 кг дейін шойыннан, болаттан және түсті металдардан
құймалар дайындалады. Көбінесе ірісериялы және жаппай өндірісте жауапты
ұсақ және орташа құймаларды дайындауға қолданылады. Жұқа қабатты
(қалыңдығы 6...10 мм) қабықшалы жартыланған қорамалар құм-шайырлы
қоспалардан
(ұсақтүйіршікті
кварцты
құммен
термореактивті
фенолформальдегидті
шайырдан,
3...7%)
жасалады.
Қабықшалы
қорамаларда дайындалған құймалардың дәлдігі мен беттік тазалығы жоғары
болғандықтан
құймалардың
массалары
20...40%
кішірейеді
және
механикалық өңдеудегі еңбексиымдылығы 40...60% төмендейді. Осы
тәсілмен машинаның жауапты тетіктері – иінді және жұдырықшалы біліктер,
бұлғақтар, кедір-бұдырлы цилиндрлер ж.б. дайындалады. Қабықшаларды
жасау процесі жеңіл автоматтандырылады. Қабықшалы қорамаларда
дайындалған құймалар көбінесе темір негізді қорытпалардан (шойын,
көміртекті және таттанбайтын болаттар), сонымен қатар мыс негізді және
арнаулы қорытпалардан тетіктер дайындауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: