«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың  тұжырымдамалық әсілдері. Астана 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет134/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   188
 
2.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың 
тұжырымдамалық әсілдері. Астана 2015 жыл
 
3.
Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы. 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ-ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ 
ҚҰРАЛЫ 
 
О.Т.Мусин 
 
«С.Саттаров атындағы мектеп-лицей» КММ 
Қарағанды қаласы 
 
Аңдатпа. Ұлттық ойындардың мақсаты – білім алушыларды өз 
денсаулықтары мен психикаларын нығайтуға ынталандыру болып табылады. 
Білім алушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескеріп, бойда 
қалыптасқан арнайы ойын дағдылар мен сапаларды қолданып, сол арқылы 
олардың физикалық қабілеттерінің дамуларына ықпал ету. «Шығармашылық 
қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты 
қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: қимыл-қозғалыс 
әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу
көшбасшылық, сондай-ақ, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын 
дамыту және қолдану; қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет 
бірқатар тиімді дағдыларды көрсету; өзінің және өзгелердің шығармашылық 
қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау және оны шешудің балама жолдарын 
ұсыну; жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу; жарыс кезінде 
таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету; 
түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және 
олардың айырмашылықтарын сезіне білу.


320 
Аннотация. Целью национальных игр является стимулирование 
обучающихся к укреплению своего здоровья и психики. С учетом 
индивидуальных и возрастных особенностей обучающихся, используя 
сформированные специальные игровые навыки и качества, тем самым 
способствуя развитию их физических способностей. Раздел "формирование 
критического отношения через творческие способности и двигательные 
навыки" включает следующие подразделы: адаптация к умению реагировать на 
изменяющуюся ситуацию посредством двигательных действий; лидерства, а 
также умения работать в составе команды; демонстрировать ряд эффективных 
навыков, необходимых для формирования благоприятной учебно-обучающей 
среды; критически оценивать свои и чужие творческие способности и 
предлагать альтернативные пути их решения; знать правила судейства и 
соревновательной деятельности; проявлять чистоту во время соревнований, 
патриотизм и проявлять поведение, относящееся к сотрудничеству; выполнять 
роли, обусловленные различными движениями и уметь чувствовать их 
различия. 
Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы 
мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса 
бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалмалы біліктілік, дағдыларды 
дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың 
ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары 
мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын 
бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін 
тәрбиелеуге баулуды қарастырады. 
Қазіргі таңда оқушылардың көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық 
ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген 
мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми 
негізделген әдістемесінің жоқтығы, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті 
білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың 
материалдық базасының нашарлығы қазақтың ұлттық ойындары арқылы 
оқушылардың дене дайындығын қалыптастыру мәселесінің өзектілігін 
көрсетеді. 
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру мәселелері көптеген 
жетекші ғалымдар зерттеулерінің негізгі нысанына айналды. Мектеп 
оқушыларының дене тәрбиесін дайындаудың тиімділігі бойынша көптеген 
нұсқаулар жасалынды. Алайда, бұл зерттеулердің бәрі негізінен, дене тәрбиесі 
сабақтарының тиімділігін арттыруға, сабақтағы дене сапасын дамытуға ғана 
арналған, сондай-ақ өз бетінше жүргізілетін жұмыстың ғылыми-әдістемелік 
негіздері жеткілікті дәрежеде жасалмаған. I-XI сыныптардағы дене тәрбиесінің 
кешенді бағдарламасы дене жаттығуларының ұлттық түрін пайдаланумен бірге 
өз бетінше жүргізілетін сабақтардың санының көбейтілуін талап етеді [1].
Денешынықтыру - денсаулық көзі, денсаулықты сақтау үшін әрекет, адам 
күш мүмкіншілігін дамыту, жеңіске деген жігерін шыңдау, қиыншылыққа төзу 
қимыл-әрекетін шоғырландыра білу, соларға үйрену:


321 
- дене еңбегімен үнемі шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет 
талшықтары тез өседі, бойының күш-қуаты қалыптасады; 
- сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларына төзімдірек келеді; 
- қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемі жарасқан, қарым-қатынастық 
ережеге бейімделуі жоғары; 
- сезіну, ойлану және еңбектену қабілеттері бір-бірімен үйлесімді және 
бірін-бірі толтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан 
айналым жүйкесі біртіндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-
сарсаң құрастырады. Жүрегі шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ 
немесе ашушаң келеді. Жалқаулық жекенің де, ұлттың да қасіреті. Онда 
сапасыздық басым. Жүрегі шыныққан адамның мінезі де төзімді, кеңпейіл, 
батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келеді. Жүрегі 
ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудің саналы жолын 
таңдайды, өзін қарапайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейді. 
Өзін емдеудің, сергітудің тиімді тәсілдерін қолданады. Халқымызда 
қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды 
төрт топқа бөледі:
1.
Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек, лек 
жалау, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.; 
2.
Жануралар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-
түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.; 
3.
Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік 
жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.; 
4.
Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, 
шымбике, мәлкетотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.[3] 
Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, әдет-дағдыларын жас ұрпақтың 
бойына сіңіру, ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір қажеттігінен 
туындап отыр. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, 
батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйе білуге, отаншылдыққа, адамгершілікке
мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы - ойын. Оның тәрбие, білім 
берудегі сиқырлы сырын терең меңгеру үшін ежелден бері өркен жайып, 
үздіксіз дамып келе жатқан ұлттық ойындарды оқыту процесінде пайдаланудың 
тиімді жолдарын анықтау - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 
Ұлттық ойындарды оқыту процесіне сәйкес таңдап алу, оларды дұрыс 
өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарты. Ойынды 
оқу әрекеттеріне енгізу, біріншіден, сабақта қолайлы жағдайдың болуы, 
екіншіден, мұғалімнің шеберлігін, үшіншіден,оқушылардың психологиялық 
көңіл-күйінің болуын талап етеді.
Ұлттық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен 
мақсат-міндетін дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының 
мұғалімнің 
жетік 
игеруіне, 
шеберлік 
танытуына, 
ойынға 
қажетті 
материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуа, ойын процесіне 
оқушыларды бесенді ұйымдастыруға байланысты. 


322 
Дене тәрбиесі мұғалімдері әр сабақты жүйелі ұйымдастыра отырып, 
оқушылардың денсаулығын нығайтуға көңіл бөлуі тиіс. Осы тұрғыдан мынадай 
ұсыныстар айтуға болады: 
-
қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулары ендірілген 
сабақтарды ұйымдастыру; 
-
ұлттық ойындар арқылы оқушылардың дене дайындығын қалыптастыру 
үшін олардың теориялық негіздерін жетік меңгеру; 
-
әрбір ұлттық ойнның атқаратын қызметі мен педагогикалық 
мүмкіндіктеріне сай сабақта қолданылу орнын анықтау керек [2].
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар-халық мұрасы», «Кітап» 2006 ж. 275 б. 
2.
Молдағаров А. «Қазақ ойындары» балаларға арналған. Алматы, 
«Балалар әдебиеті» баспасы,2007 ж.48 б. 
3.
Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері».-Алматы: Санат,2000.36 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет