Байланысты: Карабалаева Динара. Find system мобильді қосымшасы
2.4 Деректер құрылымы Мобильді қосымша серверінің деректер қорын басқару жүйесі ретінде
MySQL пайдаланылды. MySQL сервері клиент-серверлік және кірістірілген
жүйелерде жұмыс істейтін болғандықтан бағдарламаға өте қолайлы.
MySQL деректер базасын басқару жүйесі көп нүктелі SQL серверін
қамтитын клиент-серверлік жүйе болып табылады, әрі әр түрлі платформаларды,
бірнеше клиенттік бағдарламалармен кітапханаларды, әкімшілік құралдарын
және қосымшалардың бағдарламалық интерфейстерінің кең ауқымын
қолданады.
Деректер базасының сервері қолдануда үлкен жылдамдықпен және
жеңілдікпен бейнеленеді. Деректер құрылымы сансыз көп мәліметтерді өңдеуге,
оны сақтауға, нақты әрі тиянақты өңдеуге және жаңа мәліметтер қосуға
мүмкіндік береді. Бұл бағдарламамен бір уақытта көптеген қолданушылар
қолдана алады. Деректер құрылымының сұраулары арқылы мәлеметтердің
кестесін құруға, оны өзгертуге және жоюға болатын әрекеттер орындауға
болады. Әрине, ол үшін админ қолданушысы сәйкес құқықтарға ие болу керек
және де әрбір сұрау үтірлі нүктемен аяқталуы керек.
Деректер құрылымы-серверлік бағдарлама, ол әрқашанда компьютер
жадында үздіксіз жұмыс жасалып тұрады. Клиенттік бағдарламалар оған арнайы
сокет атты сұрауларды жіберіп отырады, ал ол оларды өңдеп нәтижесін өз
жадысында сақтайды. Мәліметтер қоры өте үлкен болғандықтан, тек сұралған
операцияға байланысты жауап қайтады. Деректер құрылымы өте еркін жүйе,
яғни оны пайдалану үшін төлеудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, бұл өте жылдам,
сенімді ең бастысы деректер қорын пайдалануда аса үлкен жобалар үшін өте
қолайлы. Деректер қорының тағы бір артықшылығы тек мәтіндік жүйеде емес,
сонымен қатар графикалық түрде де жұмыс жасауға болады. Бұл артықшылықты
PHP тілінде жасаған. Деректер қорының PHP тілімен қатынасын төмендегі 2.4-
суретте көрсетілген.