Тутаева айгерим айтбаевна


Жұмыстың тәжірибелік құндылығы



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Тутаева Диссертация

Жұмыстың тәжірибелік құндылығы 
1. 
Аурухана жағдайында туа пайда болған даму ақаулары бар шала 
туылған балаларда анықталатын қауіпті әсерлер мен клиникалық мәліметтерді 
кешенді түрде білу, соматикалық және неврологиялық ерекшеліктерді ескеру



соңғы нәтижені болжауға және ең тиімді емдеу жолын таңдауға мүмкіндік 
береді. 
2. 
Жаңа туылған нәрестелерде неврологиялық зерттеудің жаңа әдісі 
ұсынылып, тәжірибеге ендірілді. Шала туылған балаларды неврологиялық және 
педиатриялық қарауда шартсыз рефлекстің рөлі мен маңыздылығы анықталды. 
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар 
1. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың 
клиникалық көріністері әртүрлі өтуімен, даму ақауларының қосарлануымен, 
неврологиялық жетіспеушіліктің тұрақтылығымен, соматикалық және 
неврологиялық асқынулардың көрінуімен және емдеудің соңғы нәтижелерінің 
түрлі болуымен сипатталды. 
2. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларды емдеу
нәтижелерінің сәтсіздігіне алып келетін жағдайларға: даму ақауының сипаты
туылған кездегі нәресте жағдайының неврологиялық және соматикалық 
тұрғыдан ауырлығы, аурудың клиникалық ағымын сипаттайтын көрсеткіштер 
және орталық нерв жүйесінің терең тежелуі жатады.
3. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар жаңа туылған нәрестелерде 
шартсыз рефлекстерді зерттеу нәтижесі клиникалық және аспаптық зерттеулер 
көрінісінен бұрын білінетін неврологиялық статусты ерте бағалауға мүмкіндік 
береді. 
Зерттелген нәтижелерді тәжірибеге енгізу 
Жұмыстың нәтижелері Түркістан қалалық балалар ауруханасының шала 
туылған балалар бөлімшесінің, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік 
университеті клиникасының неврология бөлімшесінің емдеу
жұмыстарына 
енгізілді. 
Диссертацияның 
негізгі 
мәліметтері 
Қ.А.Ясауи 
атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік университетінде неврология, балалар хирургиясы 
пәндері бойынша дәрістерде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет