18
тартпайтындарға қарағанда өлі балалар туылуы екі есе жоғары. Дене салмағы
қалыптыдан төмен болуы балалардың 7-8% кездеседі [108; 109].
Т.Г. Демьянова авторлармен бірге (2006 ж) сәбилер өліміне алып келетін
қауіпті әсерлерге, жоспарланбаған жүктіліктен болған, гестациялық мерзімі 28
аптаға дейінгі, морфо – функциональді толық дамып жетілмеген, 1000 г дейінгі
салмақты шала туылған балалар, әлеуметтік – экономикалық қолайсыз
отбасыдан шыққан жалғыз басты, 17 жасқа дейінгі немесе 35 жастан жоғары
жұмыссыз әйелдер, білімі мен санитарлық – гигиеналық мәдениеті төмен,
зиянды әдеттері бар, әйелдер кеңес үйінде тіркелмеген немесе бақыланбайтын
жүкті әйелдер, гинекологиялық және соматикалық ауруларының өршуі бар,
сифилис, ЖИТС, вирусты гепатит ауруларымен ауыратындар жатады [73, c.87].
Нәрестелер өліміне ықпалы мол әсерлерге – анасының жасы, оның
денсаулық жағдайы, босану түрі, кәсіби зияндылықтар, зиянды әдеттер жатады.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, қысқа аралықта (2 жылға дейін) жиі босану
ана мен ұрыққа қауіпті әсер болып табылады. Қысқа аралықта туылған балалар,
интервалы 2 жыл және одан ұзақ уақытта туылған балаларға қарағанда 2 есе
жиі қайтыс болады (1 жасқа дейін) [110;111].
О.Р.
Беккердің
(1991ж.)
зерттеу
нәтижесі
бойынша
қысқа
интергенетикалық интервалдар және босанудың жоғары қауіптілігі, анада
анемияның болуы жатырішілік дамудың кідіруімен жүретін нәрестелердің шала
туылуына алып келеді. Автор ең аз нәрестелердің өлімі 20-30 жас аралығында
босанған аналар арасында болатындығын атап көрсетті. Нәрестелер өлімі
алғашқы жүктілікте және 6-7 бала босанудан кейін жиілейтіндігін мәлімдеді.
Алты және одан жоғары босанулар болса, нәрестелер өлімінің саны
жоғарылайды [110, c.17].
Көптеген ғалымдардың пікірінше, жүкті әйелдер арасында темекі тарту
мен арақ–шарапқа әуестенбеу нәрестелер өлімін төмендетеді [108, c.6].
Қорытындылай келе, туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған
балаларда өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы, дұрыс нәтижеге алып
келмейтін анте – интранатальді кезеңдердегі қауіпті әсерлерді ескере отырып,
көмек көрсетудің жаңа жолдарын ұйымдастыруды және жетілдіруді талап етеді
[112].
Достарыңызбен бөлісу: