17
Жиналған балл санының ең төмені – 15, ең жоғарғысы – 75.
51-75 балл - жоғары көрсеткіш (мысалы, I фактор үшін экстраверт)
41-50 балл– орташа көрсеткіш (мысалы, I фактор үшін амбиверт)
15-40 балл– төмен көрсеткіш (мысалы, I фактор үшін интроверт).
1.2 Тұлғаның мотивациялық сферасы
Мотив (латын тілінде moveo - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке
бастайтын
ішкі субъективті себеп, оның қажеттіліктері мен мүдделерін білдіруге
бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес.
Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның
талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді.
Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде болады,
«арнайы» мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға
тәуелді, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз
мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып
тастай алады.
Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа
экономикалық қатынастар өткен кезеңдерге байланысты
жұмыскерлерге жаңа талаптар
қояды. Бұл тек қана таңдау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру және де жаңаша
ойлау қабілеті.
Мотивация - бұл тұлғаны немесе топтың ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі. Бұл міндеттерді
шешу үшін мотивацияның әр түрлі әдістері қолданылады. Ең
бірінші және ең көп тараған
әдіс бұл жазалау және кешіру әдісі. Бұл әдіс көбінесе өз қажеттіліктерін қанағаттаныру үшін
қолданылады.
Мысалы, жұмысты кешке қарай бітіру өте қажет болса, онда бұл сізге стимул береді
немесе сіз бәрібір кешке қарай кетіп қаламын, ал жұмысты сосын аяқтаймын десеңіз, стимул
одан да күштірек болады.
Бірақ бұл әдіс уақыт өтісімен әкімшілік жүйе мен экономикалық мақұлдауға және
стимулға айналып кеткен. Адамдық фактордың көтерілуімен психологиялық мотивация
әдістері пайда болады. Психологияның көз қарасы бойынша, мотивация - адамды белгілі бір
мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік.
Мотивациялық процесс.
Егер мотивацияны процесс ретінде қарастырсақ, оны бірінен соң бірі жүріп отыратын 6
кезең арқылы көрсетуге болады. Бұл қарастыру
шартты сипатта болғанымен, мотивация
процесі қалай жүретіні, оның логикасы және құрама бөлшектері қалай жүретіндігі туралы
түсінуге көмектеседі.
Алғашқы кезең
–
қажеттіліктердің пайда болуы
. Қажеттілік адамға бір нәрсе
жетіспеушілігін сезуі барысында пайда болады. Ол белгілі бір нақты уақытта пайда болып,
адамнан оны жоюға белгілі бір қадамдар жасауын талап ете бастайды. Қажеттіліктер әр түрлі
болуы мүмкін. Оларды шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:
•
физиологиялық;
• психологиялық;
• қоғамдық.
Екінші кезең – қажеттіліктерді жоюды іздестіру жолдары
. Адамда белгілі бір
қажеттіліктер пайда болып, олар адамға мәселелер туғызған жағдайда оны қанағаттандыру,
басу, байқамау сияқты жою жолдарын іздестіреді. Бір нәрсе істеу, бір шара қолдану қажеттігі
пайда болады. Қажеттілік әрекетке мотив туғызады.
Үшінші кезең – қызметтің мақсатын (бағытын) анықтау
.
Мотивтердің бағытталуы
және пайда болу күшіне сәйкес қажеттіліктерді жою үшін адам қандай құралдарды қолдана
18
отырып, қандай мақсатқа қол жеткізуі керек, не алу керектігін шешеді. Осы кезеңде адам өзі
үшін төрт сұрақты шешеді:
-
қажеттілікті жою үшін не істеу керекпін?
-
қалаған нәрсеме қол жеткізу үшін не істеуім керек?
-
қалаған нәрсеме қаншалықты дәрежеде қол жеткізуім мүмкін?
-
менің алатыным қаншалықты қажеттілікті жоюы мүмкін?
Төртінші кезең – қызметті іске асыру.
Бұл кезеңде адам өзінің қажеттілігін
қанағаттандыруына мүмкіндік беретін әрекеттерді жасауға бар күшін салады. Қызметті іске
асыру процесінде мақсаттар мен қажеттіліктер өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Бесінші кезең – қызметті іске асырғаны үшін сыйлық алу.
Белгілі бір істі атқарған соң,
адам не қажеттілігін жоя алады, не қалайтын объектісіне айырбастай алатын затты алады.
Бұл кезеңде қалаған көрсеткішпен салыстырғанда, жасалған әрекет қаншалықты нәтиже
бергендігін анықтауға болады. Осының нәтижесінде қызметке бағытталған мотивацияның не
күшеюі,
не әлсіреуі, не сақталуы жүзеге асырылады.
Алтыншы кезең – қажеттіліктерді жою
.
Достарыңызбен бөлісу: