12
Шыншыл, күнделікті өмірге жақсы бейімделген. Ол өмірге парасатты, әрі шынайы
қарайды, дерексіз ойға қарағанда, материалдық құндылықтарға көбірек сенеді. Ол көбіне
өзінің материалдық мәселелеріне бас ауыртады, қайратты еңбектеніп, жоспарларын жүзеге
асыру жолында табандылық танытады.
Ол икемсіз, әртістік қабілеті жоқ, күнделікті өмірде юморға орын бермейтін,
қызығушылықтары мен әдеттерін өзгертпейтін адам. Бұл адам өмірдегі жылдам өзгерістерді
ұнатпайды, айналасындағы барлық затта тұрақтылық пен сенімділікті бағалайды.
Ол сентименталды болмағандықтан, оны өз-өзінен шығару және жасаған таңдауына
әсер ету өте қиын. Бұл адам өмірдегі барлық жағдайларға логикалық өлшеммен қарап, дұрыс
түсінік пен тәжірбиелік пайда іздейді.
«Үлкен бестік» теориялық моделінің танымалдылығы, адамды интегралды жүйе
ретінде сипаттайды және «Адам» жүйесінің ішкі құрылымдарына сәйкес келеді.
«Үлкен бестік» сауалнамасы
Нұсқау:
Алдарыңызда 75 бір-біріне қайшы мағыналы сөйлемдер берілген. Әр сөйлемде
түрлі өмірлік жағдайда көрініс алатын тұлға қасиеттері мен іс-әрекет ерекшеліктері
сипатталған. Дұрыс немесе бұрыс жауабы жоқ, және де «жақсы» немесе «жаман» қасиеттер
болмайды.
Барлық сөйлемдер -2 мен 2 аралығындағы өлшеммен берілген. Алғашқысөйлемдегі екі
жақты сипаттаманы оқып, өзіңізге қайсысы көбірек тән екенін анықтаңыз. Егер сол жақтағы
сөйлем тұлға қасиеттеріңізге жақынырақ көрінсе, соған жақын орналасқан -2 мен -1 баллды
қаншалықты жақын екендігіне қарай таңдайсыз.
Мысалы, «Маған дене шынықтырумен айналысқан ұнайды» сөйлемі сізге жақынырақ
болса, «қатты ұнайды» деген баға -2, «жалпы ұнайды» деген баға -1 баллымен белгіленеді.
Егер оң жақтағы сөйлемді таңдасаңыз, 1 және 2 аралығында балл қоясыз. Бір жолда
орналасқан екі қайшылықты сөйлемдер арасынан біреуін таңдап, баға бере аласыз. Ортада
орналасқан 0 бағасы ешбір қасиет сізге тән емес, немесе ол қасиеттерге ешбір баға бере
алмасаңыз қолданылады. Өз-өзіңізбен шынайылық таныта білсеңіз, тұлғаңыздың шынайы
келбетін анықтай аласыз. Әр сөйлемді мұқият оқып, алғашқы ойыңызға келгенжауапты
таңдаңыз!
Достарыңызбен бөлісу: