Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


 Стресс-менеджмент және өзін реттеу психологиясының негізгі мәселелері



Pdf көрінісі
бет22/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

1.4 Стресс-менеджмент және өзін реттеу психологиясының негізгі мәселелері 
 
Стресс деген сөз күнделікті өмірімізде үйреншікті болып кеткенімен ғылыми әлемде 
оған қатысты мәселелер өте көп. Бұл күндері стресс қоғамдық өмірдің бір ажырамас бөлігіне 
айналды, қандай оқиға өтсе де осы стресспен байланыстырады. Ғылыми әлемде стресс 
туралы 600-ге жуық анықтамалар мен көптеген теориялар бар.
Қазір көп айтылып жүрген психологиядағы жаңа бағыт когнитивті процестер, 
психоиммунология сияқты зерттеулерде стрестік жағдайға ойлау іс-әрекеті қарсыласа алады 
деген түсінік қалыптасқан. 
Міне өмірімізде көп қолданыс табатын стресс ұғымының қысқаша тарихы осылай 
басталады. Осы айтылғандарды қорыта келе, стресс дегеніміз адамға қауіп тудыратын және 
мінез-құлықтық және физиологиялық реакциялар шақыратын эмоциялық бір күйді бастан 
кешіру.
Стрестің симптомдары:
-физиологиялық;
-эмоциялық;
-мінез-құлықтық; 
-интеллектік симптомдар.
Сізде неғұрлым симптомдар көбейсе онда сіз стресті қадағалай алмайтын нүктеге, 
нәтижеге соғұрлым жақындайсыз.
Әрбір адам өзінің табиғатына, өзінің ішкі тұрақтылығына жету үшін өзін тепе-теңдікте 
ұстауға ұмтылады. Егерде ішкі тепе-теңдікке қауіп төніп тұрса, онда мазасыздану, 
беймазалық, толқу сияқты күйлерді бастан кешіріп, стреске шалдығамыз, мысалы белгілі бір 
жағдай біздің қадағалауымызға көнбейді, өзіңді қадағалай алмайсың, ары қарай дами 
алмайтыныңды сезіну, ешкімнен көмек жоқ тек өзіңе ғана сенетін жағдайды сезіну. Егер 
осындай күйлер мен сезінулер өзгермей жалғаса берсе, ұзақ уақыт олар әлсіремесе, онда
ұзақ уақытқа созылған стресс туралы айтамыз.
Американдық психофизиолог Уолтер Кеннон (Cannon, 1928) стресс терминін бұзылуға 
әкелетін сыртқы факторлармен «күресу керек немесе қашып құтылу керек» деген 
реакцияларға қатысты қолданды және оны өзі гомеостаз деп атады.
Осы стресс ұғымын тіпті ғылымға қатысы жоқ барлық адамзатқа таныс болып кеткені 
бәрімізге аян, стресс термині австрия-венгрияның тумасы, канадалық эндокринолог Ганс 
Сельенің (Hans Selye, 1953) есімімен өте тығыз байланысты. Ол организмнің стрессорларға 
ерекше реакциясына арналған көптеген зерттеулер жүргізген, яғни ол биологиялық стрестің 
болатыны туралы идеяны айтты. 
Басында Селье стресс терминін емес оның орнына бейімделгіш синдром деген 
терминді көп қолданды, себебі өзіне дейін белгілі болған жоғарыда айтылған Кэннон 
қолданған стресс терминінен көп уақыт қашқақтап жүреді. Г. Селье стресс тудыратын 
реакцияны үш фазаға бөледі:
1.Мазасыздану реакциясы; 
2.Қарсыласу фазасы (резистенттілік); 
3.Әлсіреу фазасы.
Осыларды қорыта отырып қысқаша келесі жағдайды айтуға болады, стресс 
тітіркендіргіштер ретінде түсініледі (Т .Холмс, Р. Рэя-стресс шкаласы-ситуативті стресс 
дегенді зерттеді). 


27 
Еңбек психологиясы мен ұйымдастыру психологиясындағы стресс теориялары-
берілетін талаптарға қатысты-сыртқы стрессорлар (стрессорлар дегеніміз стресс шақыратын 
себептерді айтамыз) стресті тудырушы деп қаралады; стресс реакция ретінде, яғни ерекше 
физиологиялық, психологиялық және мінез-құлықтық реакциялар арқылы стресті түсіндіреді 
(Г. Селье теориясы). 
Кэннон «ұру немесе қашу» реакциясы деп атаған стрестік жағдайлардан қашу немесе 
күресу бағытындағы мінез-құлықтағы реакция туралы айтады; биохимиялық теориялар, 
қазіргі жаңа заманауи нейроэндокринологиялық теория; стрестің трансактілік (трансакция-
өзара әрекет дегенді білдіреді) теориялары стресті адам мен қоршаған ортаның өзара 
әсерінен туындайды деп қарастырады, когнитивті теория стресті қабылдаудың үш түрін
көрсетеді: 
-бірінші бағалау – қауіп қатерді алғашқы бағалау;
-екінші бағалау – тәуекелділікті бағалау және альтернативті таңдау (копинг);
-үшінші бағалау – болған жағдайды қайта бағалау, тұлғаны когнитивті және эмоциялық 
бағалау арқылы қарастырады, адам өзін өте жағымды сезінген кездегі сезімдерге негізделген 
адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасын когнитивті бағалау арқылы стресс түсініледі 
(Р. Шварцер, 2000); 
Р. Лазарус және С. Фольманның (1987) стрестің трансактілік моделі- мұнда болған 
оқиға теңесуді бұзады, бейімделуге қажеттілікті басынан кешкенде адамда үш түрлі жағдай 
болады:
-жоғалту, зияндылық бұл қайғыны береді;
-қауіп қатер – ол қорқыныш береді,
-шақыру – жағымды белсендіруді береді. 
С. Хобфолдың ресурстарды сақтау теориясы, ресурстарды жоғалту стрестің негізгі 
себебі, соның ішінде адамның өзін бағалауы ең негізгі ресурстарының бірі (1996); 
К. Решке және Г. Шредердің әрекет теориясы (2010) – стресс адамның өзімен және 
стресс туғызған жағдайдың сипаттамасымен байланысты, адам жағдайды қалай қадағалай 
алады сонымен стресс тікелей байланысты болады, адамда өзін теңгерімде ұстай алу сезімі 
үстем болады.
Қазір өте көп оқылатын Б. МакЭвеннің психобиологиялық стресс моделі (McEwen. 
2003) өте маңызды, бұл стресс-реакциялар керемет парадоксты береді, белгілі бір 
жағдайларда стресс адамды қорғайды, денсаулығымыз үшін маңызды, алайда басқа 
жағдайларға қатысты бізді ауыртып, ол бізге зиянды болуы мүмкін. 
Сіз өзіңіздің стресс деңгейіңізді білгіңіз келсе келесі экспресс тесті орындайық (1-
кесте): 7 түрлі стресс сферасы беріледі, өзіңізді берілген 4 балл бойынша бағалаңыз: бағалау 
критерийлері: 
1балл-маған мүлдем тән емес; 
2 балл-менде сирек болады; 
3 балл-менде жиі кездеседі; 
4
балл-маған өте дәл келеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет