10
адамдар. Жұмыс орындауда олар, әдетте, жылдамдыққа бағытталған, бірқалыпты жұмыстан
тез жалығады. Экстраверттер адамдармен жұмыс жасағанды ұнатады.
Іс-әрекетте экстраверттер, интроверттерге қарағанда, есінен ақпаратты тез алып, қиын
тапсырмаларды уақыт дефициті жағдайында жақсырақ орындайды. Олардың қысқа мерзімді
еске сақтау қабілеті жақсы. Экстраверттер өздерін
кешкі мезгілде сергек сезініп, түстен
кейнгі уақытта жақсы жұмыс жасайды. Мұндай адамдар мақтауға сезімтал болады.
Интроверт
Ерекше қасиеттері:
Өз ісінің жөнділігіне сенімсіздік, айналасындағы болып жатқан жағдайларды елемейді;
өзге адамдардың пікіріне қарағанда, өз күші мен тілектеріне сенімділік танытып;
нақты
құбылыстарға қарағанда, абстрактілі идеяларға таңдау береді.
Интроверттердің көңіл-күйлері бірқалыпты, аздап түсіңкі болады. Олар өздерінің жеке
басты шаруалары мен сезімдеріне алаңдайды. Мұндай адамдар, әдетте, ұстамды, ұяң, өзі
туралы айтқанды ұнатпайды, және өзгелердің мәселерімен қызықпайды.Олар
адамдармен
сөйлескенге кітаптарды артық көреді. Интроверттер қызметте теориялық және ғылыми
істерді таңдайды.
Оқуда олар экстраверттерге қарағанда айқынды нәтижелерге жетеді. Интроверт
адамдар өз болашағын
жоспарлағанды ұнатады, алғашқы ниет пен әуестеріне сенбейді,
сатып алуда мұқият ақылға салады және өз сезімдерін қатаң қадағалайды.
Осындай психологиялық сипаттамадағы адамдар бірқалыпты жұмысты жақсы көтереді,
зейінді қажет ететін істерде табысты, тыныштық жағдайында және күннің
алғашқы
жартысында жақсы жұмыс жасай алады. Олар мақтауға қарағанда, жазалауға сезімталдық
танытады.
Достарыңызбен бөлісу: