4
Құдай оны
әлемнің ортасына қойып, былай деген:
«сен қалауың бойынша өз бейнеңді қалыптастыруың
үшін мен сені бірде аспандық, бірде жердік, бірде
ажалды, бірде ажалсыз етіп жасамадым»
О, адамға берілген қандай керемет бақыт десеңші,
кім болғың келсе өз қалауың біледі!
Пико делла Мирандола
АЛҒЫ СӨЗ
Жастарда туған жеріне деген сүйіспеншілікті дарыта отырып, өзі өскен мекеніне деген
мақтаныш сезімін,
махаббатын ояту, салт-дәстүрі мен мәдениетін сыйлай білу арқылы
патриоттық тәрбие беру негіздерін психологиялық білімдермен ұштастыру, психологиялық
сауаттылықты дамыту аса маңызды сұрақтардың бірі.
Ұлттық деңгейдегі 2017 жылдан бастап елімізде жүзеге асып жатқан «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекетік бағдарламасы аясында оқытылатын бұл курс
студенттер мен жалпы оқырмандар үшін алатын орны ерекше.Ұлттық жаңғыру деген
ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді, осыған орай оқу құралында психология
негізінде ұлттық сананы қалыптастыру басты мақсат болып табылады.
Оқу құралының негізгі мақсаты:мінез-құлық моделдерін талдау барысында әлеуметтік
интеллект пен имидж түсініктерін негіздеуге бағытталған бағдарлама құрастыру үшін
психодиагностикалық әдістер мен психотехнологияларды қолдану
арқылы ұлттық сананы
дамыту контекстіндегі тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі, құндылықтар жүйесі
туралы теориялық білім негіздерін қалыптастыру.
«Психология» курсын оқу барысында алынған тұлғаның психологиялық табиғаты,
ұлттық сананың психологиялық негіздері сияқты сіз үшін қоғам мүшесі ретінде аса қажет,
сізге бағдар бере алатын теориялық-практикалық білімдер сіздің өз өміріңізде сәттілікке
жетуге, бәсекеге қабілетті болуға үйретеді.
Теориялық
зерттеулер,
практикалық
психологиялық
жаттығулар,
көптеген
психологиялық әдістер «Мен кіммін?» деген негізгі ішкі сұраққа жауап алуға сізді
бағыттайды. Өзіңіздің психологиялық портретіңізді жасайсыз,
қоршағандармен позитивті
қарым-қатынас жасау психотехнологияларын игересіз, қазіргі ақпараттық технологиялардың
дамыған заманында өзіңіздің психологиялық денсаулығыңызды нығайта аласыз.
Күнделікті өміріңізде өтіп жатқан жағдайларға орай сіз өз стрестік күйіңізді өзгерте
алатын стресс-менджмент, эмоциялық интеллект, әлеуметтік интеллект пен имиджді
қалыптастырудың
негіздеріне
бағдарланған
психологиялық
семинар-тренигтік
бағдарламаларды игересіз, өзіңізге психологиялық көмек беруге машықтанасыз. Ең бастысы
сіз өзіңіздің мотивациялық және эмоциялық әлеміңізді тани отырып сіз позитивті жаққа
қарай өзгересіз, өзіңізді жеңесіз, сіз сәтті, ұтқыр,
динамикалы, интеллектуалды, күшті, бәрі
сізге қызыға қарайтын тұлғаға айналасыз. Мен-концепциясын игеріп, өзіңізді адекватты
бағалау мен құрметтеуге жол тартасыз!
Оқу құралында әлемдік бағыттағы психология ғылымындағы жаңа зерттеулерге
бағытталғантұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі ұлттық сананы қалыптастыру
негізі,ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға психологиясы,
тұлғаның
мотивациялық және эмоциялық әлемі ұлттық сананы қалыптастыру негізі ретінде, тұлға
психологиясындағы тұлға және ұлттық сана мәселелері, тұлғаның мотивациялық
сферасының
теориялық
негіздері,
тұлғаның
мотивациялық
сферасы,
эмоция
психологиясының теориялық-практикалық аспектілері, тұлға
дамуындағы эмоциялар және
эмоциялық интеллектінің маңыздылығы, тұлға дамуындағы эмоциялар және эмоциялық
интеллектінің маңыздылығы, стресс-менджмент және өзін реттеу психологиясының негізгі
мәселелері, тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет, тұлға дамуындағыдағы
құндылықтар және құндылықтарға бағдарлану, әлеуметтік
өзіндік және кәсіби өзіндік
5
анықталудың психологиялық ерекшеліктері, психологиялық денсаулықты зерттеудің
теориялық мәселелері, қарым-қатынас процесінің психологиялық ерекшеліктері, тұлға
аралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі, тұлғаның коммуникативті дағдылары және
коммуникация
модельдері,
тұлғааралық
қарым-қатынастағы
сандық
(цифрлық)
технологиялар
және іскерлік қарым-қатынас, мінез-құлық модельдері және конфликтілік
мінез-құлықтың ерекшеліктері, әлеуметтік интеллект және әлеуметтік табыстылықтың
психологиялық ерекшеліктері, тұлғаның имиджін қалыптастырудың психотехнологиялары
сияқты рухани жаңғырудың негізін қалайтын психологиялық мәселелер қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: