жөнінде
шешім қабылдаған жағдайда, ол жайлы Жалға алушыға өзгеруі
ықтимал мезгілден 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
3.4. Төлемді кешіктіргені үшін Жалға алушы кешіктірген әр күн үшін айлық
жалдау ақысының 0,1 %-ы (нөлдік нүкте және пайыздың оннан бір бөлігі)
көлемінде өсімпұл төлеуге міндетті.
4. Форс-мажор
4.1. Тараптар осы келісімшарт бойынша міндеттерін келісімшарт жасалғаннан
кейін еңсерілмейтін күш салдары
болып табылатын, міндетін толық немесе
ішінара орындай алмаған тарап болатынын болжай алмайтын және қисынды
әдіспен алдын ала алмайтын төтенше жағдай нәтижесінде ішінара не толық
орындалмаған міндеттері үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін
күшке өрт, табиғи апат, соғыс, блокада, төтенше жағдай енгізу, мемлекеттік
билік органдарының осы келісімнің шарттарына тікелей қайшы болатын жаңа
заң және нормативті-құқықтық актілер
қабылдауын қоса алғанда және
онымен шектелмейтін жағдайлар жатады.
4.2. Осы келісімшарттың 4.1-тармағында көрсетілген жағдай болғанда, осы
келісімшарт бойынша міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмаған тарап
барынша қысқа уақытта ол жайлы жазбаша түрде екінші тарапқа хабарлауға
міндетті.
4.3. Еңсерілмейтін күш жағдайына қандай да бір Тараптың қасақана әрекеті
салдарынан болған кез келген оқиға жатпайды.
4.4. Егер жоғарыда аталған жағдайлар үш
айдан ұзақ болса, осы
Келісімшарттағы Тараптардың кез келгені екінші Тарапты жазбаша түрде
ресми ескертіп, келісімшартты біржақты тәртіпте бұзуға құқылы, бұл ретте
Тараптардың ешқайсысы екіншісінен айыпақы төлеуді не шығынды өтеуді
талап ете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: