Аренда на каз (2). docx


 Келісімшарт бойынша төлемдер мен есептер



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата26.11.2023
өлшемі59,85 Kb.
#128225
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жалға беру

3. Келісімшарт бойынша төлемдер мен есептер
3.1. Жалға алушы Жалға берушіге ай сайын __________ (
жазбаша
сома:
____________________________)
теңге көлемінде жалға алу ақысын
төлейді. Осы /келесі айдың (қажетін белгілеу) ақысы ай сайын ___ күнге дейін
төленеді.
3.2. Нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған сәттен бастап _____
жұмыс күні ішінде
ағымдағы ай үшін жалдау ақысын төлеуге және Жалға
берушінің шотына сақтандыру төлемі ретінде бір айлық жалдау ақысы
көлемінде ақша аударуға міндетті. Осы келісімшарт бұзылған немесе жаңа
мерзімге келісімшарт жасалмаған жағдайда сақтандыру төлемі аталған
тұрғынжай жалға алынған соңғы ай үшін жасалған төлем болып саналады.
Жалға алушы соңғы ай үшін ақы төлеп қойған жағдайда, Жалға беруші
сақтандыру төлемінің сомасын Жалға алушы Нысанды қабылдау-тапсыру
актісі бойынша өткізгеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде қайтаруы қажет.
(Тараптардың қалауымен қосылатын тармақ)
.
3.3. Жалға алу ақысының мөлшері келісімшарт күшінде болатын кезеңде
жылына бір реттен жиі өзгермеуге тиіс. Жалға беруші жалдау ақысын өзгерту


жөнінде шешім қабылдаған жағдайда, ол жайлы Жалға алушыға өзгеруі
ықтимал мезгілден 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
3.4. Төлемді кешіктіргені үшін Жалға алушы кешіктірген әр күн үшін айлық
жалдау ақысының 0,1 %-ы (нөлдік нүкте және пайыздың оннан бір бөлігі)
көлемінде өсімпұл төлеуге міндетті.
4. Форс-мажор
4.1. Тараптар осы келісімшарт бойынша міндеттерін келісімшарт жасалғаннан
кейін еңсерілмейтін күш салдары болып табылатын, міндетін толық немесе
ішінара орындай алмаған тарап болатынын болжай алмайтын және қисынды
әдіспен алдын ала алмайтын төтенше жағдай нәтижесінде ішінара не толық
орындалмаған міндеттері үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін
күшке өрт, табиғи апат, соғыс, блокада, төтенше жағдай енгізу, мемлекеттік
билік органдарының осы келісімнің шарттарына тікелей қайшы болатын жаңа
заң және нормативті-құқықтық актілер қабылдауын қоса алғанда және
онымен шектелмейтін жағдайлар жатады.
4.2. Осы келісімшарттың 4.1-тармағында көрсетілген жағдай болғанда, осы
келісімшарт бойынша міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмаған тарап
барынша қысқа уақытта ол жайлы жазбаша түрде екінші тарапқа хабарлауға
міндетті.
4.3. Еңсерілмейтін күш жағдайына қандай да бір Тараптың қасақана әрекеті
салдарынан болған кез келген оқиға жатпайды.
4.4. Егер жоғарыда аталған жағдайлар үш айдан ұзақ болса, осы
Келісімшарттағы Тараптардың кез келгені екінші Тарапты жазбаша түрде
ресми ескертіп, келісімшартты біржақты тәртіпте бұзуға құқылы, бұл ретте
Тараптардың ешқайсысы екіншісінен айыпақы төлеуді не шығынды өтеуді
талап ете алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет