ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет30/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Түйін сөздер:
 
Шығыс, елдер, Рашид ад-Дин, Азия, Африка, дерек, тарихнама, 
А.Тойнби, ӛркениет, парадигма.
 
Шығыс елдерінің тарихын зерттеу - шығыстанудың кешенді ғылым ретіндегі құрамдас 
бӛлімдерінің бірі болып саналады. Шығыстанулық тарихи зерттеулер шығыс елдерінің ӛткен 
тарихын айқындап қана қоймай, осы елдер жайлы терең түсінік алуға кӛмектеседі. Шығыс 
халықтары ежелден-ақ ғасырлар бойы сақталған дәстүрлері мен тарихи ескерткіштерін 
мұқият сақтауда. Шығыс елдерінің тарихы әлемдік тарихта ерекше орын алады. Осы 
аймақтарда әлемдік ӛркениеттің алғашқы ошақтары, ежелгі мәдениеттің, жазудың, 
ғылымның орталықтары: Ежелгі Мысыр мен Шумер, Финикия мен Ассирия, Ежелгі Индия 
мен Қытай пайда болды. Әсіресе, орта ғасырлар кезеңінде шығыс елдері ӛзінің даму 
қарқыны жағынан Европадан озық тұрды. Осы кезеңде Қытай империясы, Араб халифаты, 
Шыңғысханның Моңғол мемлекеті, Осман империясы, Ұлы Моғол империясы сияқты ірі 
мемлекеттер пайда болып, дамыды. Қытай әлемге компас, қағаз, оқ дәрі мен кітап басып 
шығаруды паш етсе, арабтар әлемдік ӛркениетке математика мен медицинаны танытып, 
индиялықтар терең діни-философиялық теорияларды ойлап Батыстан әлдеқайда кӛш ілгері 
дамып, талай ӛнер туындыларын жасады. Жаңа заман әлемді түбірінен ӛзгертті. Батыс Азия 
және Африканы басып озып, оларды отарлауға кӛшті. Отаршылдық дәуірінде батыс 
ғылымында «озық Европа», «артта қалған Шығыс» деген түсінік қалыптасты. Батыс Азия 
және Африка елдерінің ӛз бетінше дамуына кедергі келтірді. ХХ ғасырдың екінші 
жартысынан бастап әлемде қайтадан жаңа ӛзгерістер туып, Азия және Африка елдері 
тәуелсіздіктерін алып, прогрессивті даму жолында елеулі табыстарға қол жеткізіп, 
экономикасы дамып, әлеуметтік салада да үлкен ӛзгерістер пайда болды. Бүгінгі күні тек 
Жапония ғана емес Қытай, Индия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Таиланд, Малайзия және тағы 
басқа елдер күрделі жаңалықтары мен табыстары арқылы әлемді таңқалдыруда. Жаңа заман 
кезеңінде тарих ғылымында евроцентристік қӛзқарас үстемдік етіп, әлем тарихы европалық 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
78 
материалдар негізінде қарастырылды. Соңғы жылдары Азия және Африка елдерінде ұлттық 
шығыс 
мектептерінде 
шығыстанушы 
тарихшылардың 
зерттеулерінің 
арқасында 
евроцентристік қӛзқарастан бас тартып жаңа қадамдар жасалуда. Кӛптеген шығыс 
халықтарында тарихты жазуға құрметпен қарау ерекше орын алады. Тарихи білімдерге 
маңыз берілген. Ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы кӛптеген тарихшылардың есімдері 
халықтың жадында сақталған. Сыма Цяньды қытай тарихын жазудың атасы деп санайды. 
Оның Қытай тарихына байланысты «Ши цзи» («Тарихи жазбалар») деп аталатын еңбегі 
тарихи материалды баяндауда Қытай династиясының тарихы жайлы қомақты еңбек болып 
саналады.
Парсы мемлекетінің қайраткері, ұлы ғалым-энциклопедист Рашид ад-Дин
(1247–1318 жж.) фундаментальды «Джами ат-Таварих» (Жылнамалар жинағы) деп аталатын 
тарихи шығармасын жазды. Бұл еңбектің құндылығы сонда автор әлем тарихын жазуда 
мұсылман халықтары ғана емес Европа, Қытай, Индия тағы басқа елдер жайлы материалдар 
енгізген. 
«Тарихи дерек» тарих ғылымының базалық категориясына жатады. Шығыстанушы 
үшін «дерек» — шешуші ұғым. Тарихи деректерге сүйене отырып, Шығыс елдеріндегі 
оқиғалар жайлы мәлімет алуға болады. Тарих ғылымының негізгі мәселелерінің бірі болып 
саналатын тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі [1, 8 б.]. 
Деректер қатарына тарихшылар ӛткен оқиғалар жайлы ақпар беретін жазбаша, заттай 
ескерткіштер мен материалдарды жатқызады. Шығыстанушы-тарихшы жазбаша немесе 
заттай деректерге сүйенеді. Қазіргі кезеңде ақпарат, радио, телехабарлар, аудио, 
видеотаспалар да дерек кӛздеріне айналуда. ХХІ ғ. басында қазіргі ақпарат жүйесінде 
интернетте «дерек» ретінде саналады. Қытай тарихының деректерін зерттеуші ғалым,
 
Г.Я.Смолин Шығыс елдерінің ежелгі және орта ғасырлар тарихына байланысты негізгі 
тарихи деректерді беске бӛледі: «1) заттай; 2) мифологиялық және басқа фольклорлық 
деректер; 3) эпиграфиялық; 4) жазба; 5) тілдік» [2, 12]. Профессор Г.Я.Смолиннің деректерді 
осылайша 5 түрге бӛлуі кӛп жағдайда шартты болып есептеледі. Мысалы жазу белгілері бар 
ақшалар мен мӛрлер (Шығыс елдерінде кеңінен дамыған), елтаңбалар, тӛс белгілерін кӛп 
жағдайда заттай да кейде эпиграфикалық, тіпті жазба деректер де жатқызуға болады. 
Жоғарыда кӛрсетілген тарихи деректер жіктелуіне сәйкес тектерге бӛлінеді. Заттай 
деректердің ішінде ӛндірістік қызмет бұйымдары, діни наным мазмұнындағы ескерткіштер 
мен заттар және мәдени-тарихи ақпарат беретін деректер ерекше орын алады. Жазба 
деректер тегі жағынан баяндайтын нарративті, құжаттық болып екіге бӛлінеді. Тарихи 
деректер деректану деп аталатын тарихи ғылымның арнайы бір зерттеу саласының объектісі 
болып саналады. Деректану саласында тарихи деректерді зерттеудің жаңа тәсілдері мен 
концепциялары оны пайдалану жолдары жасалып жатыр. Тарихшы-шығыстанушылар 
филологиялық пәндермен қатар палеография, лингвистикалық палеонтология, текстология, 
топонимикамен де айналысады. Шығыстық деректануда тарихи және филологиялық 
бастаулары бір-бірімен тығыз байланысты әрі бірін-бірі толықтырып отырады. 
Тарихнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет