Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
79
пәнге байланысты тарихи тәсіл пайдаланған алғашқы шығарманы Лукиан Самосатский
(б.э.д. 120 – 180 жж.) жазды. Европада тарихқа ғылыми кӛзқарас XIX ғ. ортасында
қалыптасты. Тарих ғылымы методологиясының қалыптасып дамуына үлкен үлес қосқан
ғалымдардың қатарына ресейлік ғалым, Петербург ғылым академиясының мүшесі
А.С.Лаппо-Данилевский (1863–1919) жатады. Ол ұсынған методологиялық тәсілдер «Тарих
методологиясы»
фундаментальды
еңбегінде
берілген.
Тарих
методологиясының
құрылымына: 1) тарихи білім теориясы 2) тарихи зерттеу тәсілі, 3) деректану методологиясы,
4) тарихи құрылым методологиясы жатады. Тарихи білім теориясы, А.С.Лаппо-
Данилевскийдің кӛзқарасы бойынша тарихи танымның бастау
принциптерін құрайды оған
мыналар жатады: а) теориялық-танымдық кӛзқарас, б) тарихи құрылымдардағы себеп пен
салдар принциптері в) тарихи баға беру критерийі негізінде тарихшының материалды
таңдауы, г) тарихшы пайдаланатын «эволюция», «прогресс», «регресс» түсініктерінің
мағынасы т.б. А.С.Лаппо-Данилевский деректану методологиясы тарихшының ӛзіне таныс
деректерді пайдалана отырып, берілген тарихи фактілердің алатын орнын негізге алып,
принциптер мен тәсілдерді белгілеуі деп тұжырымдайды. Қазіргі кезеңде тарих ғылымының
негізгі методологиялық принципі тарихилық принцип болып саналады. Соған сәйкес барлық
объектілер мен тарихи құбылыстардың заңды тарихи дамуы олардың нақты ӛмір сүру
жағдайымен байланысты болу қажет. Бір де бір тарихи құбылыс ӛзінің тарихи контекстінен
бӛлініп қалмау керек, себебі әрбір тарихи оқиғаның себеп-салдарымен байланысы болу
қажет.
Тарих, тағы басқа гуманитарлық тіл білімі, әдебиеттану,
саясаттану, дінтану,
юриспруденция білімі салаларында салыстырмалы, (салыстырмалы тарихи тәсіл)
қолданылады. Ол тарихи құбыластардың жалпы және ерекшелігін айқындауға кӛмектеседі.
Оның кӛмегімен әртүрлі халықтардың ӛзара мәдени, әлеуметтік, саяси ықпалы зерттеліп,
ортақ тарихи заңдылықтары сараланады.
Әрбір тарихи деректердің ӛзіндік ерекшелігін зерттеуде қосалқы тарихи пәндер ерекше
орын алады. Вексиллогия тулар мен жалауларды, жалаушаларды зерттесе; геральдика -
гербтарды; дипломатика (немесе актілік деректану) тарихи актілер мен ресми немесе жеке
мазмұндағы заңдық құжаттарды, олардың түрлері мен мазмұнын, шынайылығын айқындау;
нумизматика ақшалар мен ақша айналымының тарихын; сфрагистика (немесе
сигиллография) - мӛрлерді; эмблематика символдар мен белгілердің (әскери шендердің
айырмашылығын, фирмалық және тауар маркаларын); эпиграфика кӛне тастар,
металлдар,
саз, сүйектер, ағаштардағы жазуларды зерттеумен айналысады.
Ұзақ жылдар бойы әлем тарихын зерттейтін тарихшылар адамзат тарихын зерттеудің
базалық методологиялық принциптері туралы пікірталастар туғызып келеді. Шығыс елдері
тілдеріндегі нақты деректермен жұмыс жасап жүрген шығыстанушы-тарихшылар әлемдік
тарихи процеске күрделі түзетулер мен теориялық концепциялар енгізуде. Адамзат тарихын
зерттеуде ұзақ жылдар бойы формациялық және ӛркениетті кӛзқарас қалыптасты.
«Қоғамдық-экономикалық формация» түсінігін XIXғ. К.Маркс енгізді. Маркстің анықтауы
бойынша қоғамдық-экономикалық формация белгілі бір тарихи даму сатысы кезеңіндегі,
ӛзіндік ерекшелігі бар қоғам.
Кеңестік кезеңде маркстік тарих ғылымында формациялық негізде адамзат ӛзінің
тарихи дамуы кезеңінде бес негізгі қоғамдық-экономикалық: алғашқы-қауымдық, құл
иеленуші, феодалдық, капиталистік және коммунистік формацияны ӛткереді деген түсінік
қалыптасты. Шығыстануда бұл кӛзқарас академик В.В.Струвенің 1930-шы жылдарғы
пікірлерінен кейін бекіді. Осыдан бастап «бесмүшелік» схеманы сынға алуға тыйым
салынды. Маркстік қоғамтануда сол кезеңдегі тарихи материализмде қалыптасқан догмалық
жорамалдар бойынша барлық тарихшылар формациялық кӛзқарастан
ауытқымауы тиіс
болды. Бір қоғамдық формациядан екінші бір қоғамдық формацияға ӛту әлеуметтік
революциялардың нәтижесінде болады деген пікір қалыптасты.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
80
1980-ші жылдардың соңынан бастап отандық қоғамтану ғылымында формациялық
парадигма ұзақ жылдар бойы шетел ғалымдары белсенді түрде қолданып келген ӛркениетті
кӛзқараспен ауыстырыла бастады. Тарихи дамудың ӛркениетті парадигмасының
қалыптасуына Арнольд Тойнби үлес қосты [3]. Оның концепциясы шетел және ресейлік
ғалымдардың теориялық және қолданбалы негізіне айналды. Тойнбидің теориялық
концепциясы тарихи даму барысындағы ірі әлеуметтік мәдени қауымдастықты қамтыды.
Тойнби алғашқылардың бірі болып адамзат қауымдастығы тарихындағы мәдениет пен
саясаттың тығыз қабысып жатқандығын кӛрсете білді. Тойнби ӛркениетті парадигманың
қалыптасуында екі мәселеге назар аударады. Біріншіден, ол ӛз еңбектерінде ӛркениеттің
дамуының қорытынды кезеңінде империя қалыптасып, аталған ӛркениеттің
рухымен
бағындыра алмағандықтан күшпен қоластында ұстап отыруға тырысатындығын кӛрсетеді.
Тарих оны (Рим, Осман, Ресей империялары, Үшінші Рейх, Қазіргі АҚШ) т.б. дәлелдейді.
Екіншіден, Тойнби «перифериялық үстемдік» деп аталатын идеяның бар екендігін
негіздеп, соған сәйкес, орталық мәдени потенциал біткен кезде әскери саяси қатынаста күшті
ықпал ететін перифериялық халықтарға бағынышты болады деп санайды. Қазіргі кезеңде
«ӛркениет» әртүрлі мағынада қолданылып жүр. Кейбір авторлар «ортағасырлық ӛркениет»
«капиталистік ӛркениет», «батыс ӛркениеті» деп саралап жүр. Кейде «ӛркениет» жергілікті
немесе аймақтық әлеуметтік мәдени қауымдастықты білдіретін, немесе олардың рухани
мәдениеті ерекшеліктерін (христиандық, мұсылман, конфуциандық, конфуциандық-
буддалық ӛркениет) немесе олардың тиісті территориялық және этникалық ерекшеліктеріне
байланысты (европалық, шығысазиялық, таяушығыстық,
африкалық; қытайлық, жапондық,
араб ӛркениеттері) деп, кейде табиғи-географиялық белгілерінің негізінде (гидравликалық,
далалық, континентальды, океандық ӛркениеттер) деп қолданылады. «Ӛркениет» термині
«мәдениет» түсінігінің синонимі ретінде қолданылады. Алайда ғалым В.П.Илюшечкин атап
кӛрсеткендей, «оларды ұқсас етіп кӛрсетудің дұрыс емес екендігін мәдениет қоғамдағы
материалдық, рухани ӛндіріс саласындағы жетістіктердің жиынтығы» деп есептейді [4, 337].
Қазір ӛркениетті кӛзқарасты қолдаушылар ӛркениетті қоғам дамуы процесінің ӛзекті
құрылымдық бірлігі деп санайды. Ғалымдар ӛркениетті кӛзқарас қандай елдің тарихына
байланысты қолдануға ӛте қолайлы деп есептейді. Ӛркениеттік кӛзқарастың ең басым жағы
рухани бастауында. Кӛптеген авторлар ӛркениеттер санының ӛте кӛп екендігін айтады:
Н.Я.Данилевский ӛркениеттің 13 түрі бар десе, О.Шпенглер - 8, А.Тойнби - 26, қазіргі
зерттеушілердің бірі С.Хантингтон - 8 деп санайды. Ӛркениетті кӛзқарастың қарсыластары
бар. Белгілі шығыстанушы ресейлік ғалым Л.С.Алаевтың пікірі
бойынша қазіргі кезеңде
кезеңдік бӛлуді ӛркениетті кӛзқараспен ауыстырудың болашағы жоқ, себебі бұл үшін
ғылыми терминология мен ӛркениеттерді салыстыру критерийлері әлі жасалмаған,
«ӛркениеттер жүйесі» деген түсінік жоқ [5].
Әлемдік-тарихи дамуды әртүрлі методологиялық тұрғыда қарастыра отырып,
формациялық және ӛркениетті кӛзқарастар бірін-бірі толықтырып, тарихи дамудың жаңа
парадигмасының негізін қалайды. Қазіргі кезеңде шығыс елдерінің шынайы тарихын
зерттеуде кӛне шығыс деректерінің ғылыми айналымға енуі бұрынғы қалыптасқан
кӛзқарастардан бас тартып жаңаша зерделеуге жол ашылуда. Шығыс елдерінің тарихын
тереңнен зерттемейінше әлем тарихының дамуын білу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: