ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет33/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Түйін сөздер:
конференция, Крайов армиясы, парламент, демократия, манифест. 
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистік басқыншылықтың құрсауында 
қалған Польша Республикасының территориясын жаудан азат ету мақсатында КСРО 
Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті 1944 жылы сәуір айының 3 күні Мәскеу қаласында 
«Поляк армиясының Әскери Кеңесін құру шаралары туралы» арнайы қаулыға қол қойды. 
Кӛп ұзамай «Поляк Армиясының Әскери Кеңесі туралы Уақытша Қаулыны» бекітіп, оны 
басқару ісі – генерал-лейтенант З.Берлинг (қолбасшы), генерал-лейтенант Сверчевский 
(қолбасшының орынбасары) және полковник Завадский (поляк партизан қозғалысының штаб 
басшысы және саяси-тәрбие бӛлімшесінің қолбасшысының орынбасары) секілді әскери 
басшыларға тапсырылды [1]. 
Қызыл Армияның «азаттық әскерлер» тұрғысындағы жауынгерлері Польша 
территориясына 1944 жылдың шілде айында кірген болатын. Осы кезден бастап-ақ Поляк 
ұлт-азаттық комитеті (ПҰАК) Қызыл Армия әскери басшылығымен тығыз байланыс жасай 
отырып, жауға тойтарыс беру жағдайын қолға алды. Олар халықты ӛз жақтарына шақыра 
бастады. Сонымен бірге елде таратылған үндеу парақтарында: «Қолдарыңа қаруларыңды 
алыңдар! Қай жерде болса да немістерді ӛлтіріңдер! Олардың кӛліктеріне шабуыл жасап, 
поляк және кеңес солдаттарына кӛмек кӛрсетіңдер! Азат етілген аудандарда тез және нақты 
іс жүргізіп, Поляк әскерінің құрамына кіріңдер! Немістерден қыркүйек науқаны үшін кек 
алып, одақтастар әскерлерімен бірге фашистерге жаңа Грюнвальдті кӛрсетіңдер!» деп 
айтылған еді. 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
82 
Осыдан кейін кӛп ұзамай, яғни, 1944 жылы 21 шілде күні Варшава қаласында ӛткен 
Уақытша поляк парламенті тұрғысындағы Елдің ұлттық кеңесінің (Крайова рада народова) 
пленарлы мәжілісінде Польша ұлт-азаттық комитеті бұдан былай – Уақытша Атқарушы 
орган болып қайта құрылды. Оның тӛрағасы болып Эдвард Болеслав Осбука-Моравский 
тағайындалды. Поляк ұлт-азаттық комитеті ӛздерінің уақытша тұрағы ретінде неміс 
басқыншылығынан азат етілген және ӛздерінің алғашқы қызметтерін бастаған Хелм қаласын 
таңдап алды. Бұл комитеттің алдарына қойған мақсаттары поляк халқын неміс 
басқыншыларына қарсы күреске шақыру, яғни, олар немістерге қарсы барлық халықты ӛз 
қол астарына біріктірген – Ұлыбритания, КСРО және АҚШ сияқты ұлы державалар 
басшыларымен тығыз байланыс орнатуды қолға алды.
1944 жылы 26 шілде күні КСРО Сыртқы Істер Халық Комиссариаты Кеңес үкіметінің 
басшылығына мынадай ұсыныс жасады: «Қызыл Армия табысты түрде алға жылжып, Кеңес 
Одағы мен Польша Республикасының мемлекеттік шекарасына жетті. Кейін шегінген герман 
әскерлерін ӛкшелей отырып Кеңес әскерлері Поляк армиясымен бірге Батыс Буг ӛзенінен 
ӛтті. Кӛп зардап шеккен поляк халқын неміс басқыншыларынан азат етуді Қызыл Армия ӛз 
қолына алды» деп айтылған болатын. Польша Республикасының шекарасына таяп қалған 
Кеңес әскерлерінің алдарына қойған мақсаты - герман әскерлерін талқандап және поляк 
халқын неміс басқыншыларынан азат етіп, «тәуелсіз демократиялық Польша Республикасын 
қалпына келтіру» болды. Сонымен бірге Кеңес үкіметі Қызыл Армияның Польша 
территориясындағы әскери қимылдарын «достық, одақтас» мемлекет тұрғысында 
қарайтындарын да айтып ӛтті. Осыған байланысты Кеңес үкіметі Польша территориясында 
ӛздерінің әкімшілік ұйымдарын орнатпайтынын, ӛйткені, мұны поляк халқының ӛз ісі деп 
қарайтынын мәлімдеді. Ал Кеңестік Қолбасшылық және Поляк әкімшілігі арасындағы 
байланыстарды Поляк ұлт-азаттық комитеті ӛз қолдарына алуды міндет етті. 1944 жылдың 
жазында Қызыл Армия әскерлері Польша жеріне кіріп, КСРО жерінде құрылған 1-ші Поляк 
армиясымен бірге неміс басқыншыларына қарсы соғыс қимылдарын жүргізді. Ромблев 
маңында және Липск орманында фашистерге қарсы табанды түрде шайқас жүргізіп ерлік 
кӛрсеткен Халық Армиясы (Армия Людовой), Ел армиясы (Армия Крайова), Шаруалар 
батальондары және Волынь дивизиялары жауға қарсы шайқасқа Кеңес әскерлерімен бірге 
шықты. Сонымен 1944 жылы шілде айының соңына қарай Кеңестік Қызыл Армия әскерлері 
поляк халқын жаудан азат ету миссиясымен Польша территориясына енгеннен соң КСРО 
үкіметі мен Поляк ұлт-азаттық комитеті арасында әкімшілік басқару жұмыстары жӛнінде 
екіжақты келісімге қол қойылды. Онда: «Польша территориясындағы соғыс қимылдары 
жүріп жатқан аймақтардағы барлық әскери операциялар кеңестік Басқолбасшылықтың 
қолына кӛшіріледі. КСРО территориясында құрылған поляк әскери бӛлімшелері Польша 
жерінде әскери қимылдарын жалғастырады. Кеңестік Басқолбасшылық және Поляк ұлт-
азаттық комитеті арасындағы байланыс Поляк әскери миссиясы арқылы жүргізіледі. Неміс 
басқыншыларынан азат етілген аудандардағы қайта әкімшілік басқаруды Поляк ұлт-азаттық 
комитеті ӛз қолына алады» [2] деп аталып ӛтілді. Сӛйтіп, бастапқы кезде Польша жеріндегі 
әскери қимылда кеңестер ӛз саясатын, ал поляк азаматтары ӛз заңдарымен әрекет жасады. 
Дегенмен, екі мемлекет арасындағы бірнеше жылдан бері (1939 ж.) шешімін таппай 
келе жатқан даулы мәселенің бірі «шекара» жӛнінде болды. Осыған байланысты 1944 жылы 
27 шілдеде КСРО үкіметі және ПҰАК арасында кеңес-поляк келіссӛзі болып ӛтті. Осы 
келісім бойынша Кеңес Одағы және ПҰАК екі ел арасындағы мемлекеттік шекара мәселесін 
қайта қарап, реттеу үшін «достық рухтағы» бірнеше кездесулер ӛткізген болатын. Алайда екі 
ел арасындағы мемлекеттік шекара «Керзон сызығы» деп аталатын саяси негізден асып кете 
алған жоқ. Кеңестік келісімдегі ұсыныс бойынша Керзон сызығының шығысындағы Батыс 
Буг ӛзені және Крылов қаласының оңтүстігіндегі Солокия ӛзені, Немиров-Яловка 
учаскесіндегі Беловежский Пуще аймағындағы жерлер Польша мемлекетінің мүддесіне 
қарай шешілді. Сонымен бірге Шығыс Пруссия территориясының солтүстік бӛлігіндегі 
Кенигсберг порты Кеңес Одағының мүддесіне шешілді, ал Шығыс Пруссияның қалған 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
83 
бӛлігі, сонымен бірге Данциг облысы Польшаға қарады. Сан ӛзенінің шығысындағы Мычков 
елді мекеніне дейін, одан әрі шығыс Перемышлдан батыс Рав-Русскаяға, одан Солокия 
ӛзеніне дейін, бұл жерден Батыс Бугтен Немиров-Яловкаға дейінгі жерлер Польша иелігінде 
болып қала берді. Нәтижесінде Кеңестік саясаттың басымдылығынан Польша Республикасы 
мен Кеңес Одағы арасындағы мемлекеттік шекара 1939 жылға дейінгі жағдайын сақтаған 
жоқ [3].
1944 жылы тамыз айының 3 күні Мәскеу қаласында кеңестік басшылық ӛкілдері 
Лондондағы Польша эмигранттық үкіметінің премьер-министрі С.Миколайчикпен соғыстан
кейінгі герман мәселесі және Польшада Уақытша үкімет құру, тылдағы Ел Армиясының 
(ЕА) жағдайы, Польша мемлекеттік шекарасын қайта қарау мәселелері тӛңірегінде кездесу 
ӛткізді. Осы екі жақты кездесуге поляк жағынан С.Миколайчик, С.Грабский, Т.Ромер, 
И.Мнишек, ал кеңестер жағынан И.В.Сталин, В.М.Молотов және тілмаш В.Н.Павлов 
қатысты. Кездесу барысында премьер С.Миколайчик кеңес армиясының гитлерлік әскерді 
талқандап жатқан табыстарын айта келе, олар Польша территориясын да азат етуге қолғабыс 
тигізері туралы әңгіме бастады. Ал Сталин болса осындай қиын халықаралық жағдайда 
Кеңес үкіметі Польшаны жаудан азат етуге қол ұшын беруді ӛзінің «парызы» деп санайтыны 
туралы айтып ӛтті [4]. Әрине, ӛйткені Кеңес Одағы Шығыс Еуропаға, тіпті соның ішінде 
Польшаға деген ӛз мүддесінен айырылмауы керек болатын. Алдағы болып ӛткен және 
соғыстан 
кейінгі 
әлемді 
бейбіт 
жолмен 
реттеу 
жағдайындағы 
халықаралық 
конференциялардың күн тәртібіндегі «Шығыс мәселесін» Сталин ӛз тізгінінен жібермеудің 
барлық мүмкіндігін қарастырды.
Осыдан кейін кӛп ұзамай-ақ КСРО Сыртқы Істер Халық комиссары В.М.Молотов 
Польша эмигранттық үкіметінің басшылары С.Миколайчик, С.Грабский, Т.Ромер және 
Поляк ұлт-азаттық комитетінің басшылары Б.Берут, Э.Осубка-Моравскийді «Польша 
мемлекетінде коалициялық үкімет құру туралы» мәселені талқылау үшін қабылдаған 
болатын. Бұл кездесудегі басты маңызды, яғни, белгілі болған жағдай Лондондағы 
эмигранттық үкімет басшысы С.Миколайчикке қарағанда Польша Халық кеңесінің тӛрағасы 
Беруттың Мәскеудегі кеңестік басшылар алдында беделі жоғары екені де байқалды. Осындай 
олқылықтарды пайдалана отырып Кеңес Одағы екі үкімет басшылары, яғни, лондондық 
үкімет пен ПҰАК ӛкілдерінің Польша Республикасының 1935 жылғы Конституциясын 
мойындаудан бас тартуларына қол жеткізді. Ӛйткені олардың пайымдауы бойынша 
«халықтың кӛпшілігі бұл конституцияны мойындамайды», ал ПҰАК ӛкілдерінің 
хабарлауынша «заңдық негізде поляк мемлекетінің жаңа конституциясы демократиялық 
жолмен жасалып, сейм бойынша бекітілгенге дейін елде 1921 жылғы конституция 
жүргізіледі» деп жариялады. Сонымен қатар ПҰАК-нің тағы бір ұсынысы «мемлекеттің 
алдындағы міндеттерді табысты түрде шешу үшін елдегі «демократияға қарсы» заңдарды 
жойып отыру керек» деп атап ӛтті. Дегенмен, бастапқы кезде ПҰАК-нің ұсынысы бойынша 
елдегі коалициялық үкіметтің премьері С.Миколайчик болып тағайындалды деп атап 
кӛрсетті, ал оның Лондондағы эмигранттық үкіметі кеңестік саясаттың ұсынысы бойынша 
Варшаваға келуге тиіс болды. Ал осы кездегі ПҰАК ӛкілдерінің позициясы бойынша жаңа 
үкімет поляк күшін біріктіруді қарастырады, олардың пікірінше жаңа үкіметте тек 
демократиялық партиялар ғана болуы керек.
1944 жылдың аяғы 1945 жылдың қаңтар айында Поляк халық ұлттық кеңесінің 
(парламент) заңына сәйкес Польша Республикасында ПҰАК-нің орнына Уақытша үкіметтің 
құрылғандығы туралы жариялады. Елдің ұлттық кеңесінің президенті болып 1921 жылдың 
17 наурызындағы Польша Республикасының Конституциясының 45 бабына сәйкес Берут, ал 
премьер-министрі Эдвард Осубка-Моравский, Поляк әскерінің Басқолбасшысы генерал-
полковник Михал Роял-Жимерский тағдайындалды. Осы кездесуден кейін КСРО үкіметі 
және Польша Республикасының Уақытша үкіметі ӛзара дипломатиялық байланыс орнатуды 
«мақсат етуде» дегенді де кейінге қалдырған жоқ. Нәтижесінде 1945 жылы 5 қаңтарда екі ел 
арасындағы дипломатиялық байланыс туралы құжатқа қол қойылды. Сӛйтіп Поляк Уақытша 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
84 
үкіметін мойындаған Кеңес Одағы Польшаға Виктор Захарович Лебедевті елшілік қызметке 
жіберді.
Еуропада соғыс аяқталғаннан кейін және Польшадағы Кеңес Одағының азаттық 
миссиясы ӛз жұмысын аяқтаған соң поляк сыртқы саясаты алдындағы басты міндет, 
мемлекетті қайта құру, батыс шекараны қайта бекіту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 
халықтық мемлекетті халықаралық деңгейде мойындату және жаңа қоғам құрылысы үшін 
қалыпты сыртқы саяси ұстанымын қалыптастыру мәселелері тұрды. Соғыстан кейін Кеңес 
Одағының беделі адам айтқысыз деңгейге ӛсті, ал бұл дегеніміз енді Польшада Уақытша 
халықтық бірлік үкіметін құру туралы мәселені шешуге қалыпты жағдайдың туғанын 
кӛрсетеді. Ал батыстық державалардың поляк мәселесін шешу үшін жұмсаған күштерінен 
еш нәтиже шыға қойған жоқ. Ӛйткені, Кеңес Одағы Поляк Уақытша үкіметімен болған екі 
жақты келісімге табан тіреп тұрып алды. Нәтижесінде АҚШ және Ұлыбритания 
мемлекеттері біріккен поляк үкіметіне қатысты ӛз талаптарынан бас тартуларына тура келді.
Қырым шешімдеріне сәйкес үш ұлы держава басшылары - КСРО, АҚШ және 
Ұлыбритания - Мәскеу конференциясы кезінде де Поляк Уақытша халықтық бірлік үкіметін 
құру туралы мәселені (1945 ж. 17-21 маусым) шешуде Уақытша үкімет ӛкілдері, Польшадағы 
және эмиграциядағы «лондондық» лагерьдің либералды және демократиялық қанатының 
ӛкілдері қатысып, яғни, Қырым конференциясының шешімдеріне келісетіндерін жариялаған 
болатын. Поляк жұмысшы партиясы (ПЖП) және Елдің ұлттық кеңесі (ЕҰК-уақытша 
парламент) бүкіл жұмысшы табының ағымын, барлық шаруалардың саяси лагерін және бүкіл 
қалалық орташа халықты біріктіру бағдарламасын іске асыру мақсатында Поляк ұлт-азаттық 
комитетінің Шілде Манифестінде (1944 ж. 22 шілде) «лондондық» лагерьдің сол қанатымен 
кездесуге шықты. Олардың басшысы бұрынғы эмигранттық үкіметтің премьер-министрі 
С.Миколайчик болатын. Екі жақты келісімнің жетістігі қырымдық конференция шешімінің 
орындалуын талап етті және Польшада саяси күштерді қайта құру сұрақтары болатын. 
Мәскеу келіссӛздерінде оң қанаттағы людовтық (шаруалар) қозғалысы басшылығындағы 
революциялық-демократиялық коалициямен және жасырын Поляк социалистік партиясымен 
(ПСП) байланыс орнату жағы да қаралды [5]. Әрине, бұл кезде Польшада ішкі саяси жағдай 
ӛте күрделі болатын. Мысалы, 1944 жылы шілде айында Люблин қаласында құрылған 
коммунистік ұлт-азаттық комитеті мен С.Миколайчиктің эмигранттық үкіметі арасында 
шиеленіс басталды. Оның аяғы тіпті қарулы Ел армиясы мен Халық Армиясының арасында 
ушығып Польша азамат соғысының сәл-ақ алдында қалды. Мұнда да елдің ішкі ӛміріне 
араласып отырған Кеңестік НКВД ұйымы болды. Дегенмен, «лондондық» лагерьдің ӛкілдері 
Уақытша үкіметтің талаптарын қабылдауларына тура келді. Онда: Шілде Манифестінің 
бағдарламасын мойындау; елдің сыртқы саясатының негізгі және Польшаның тәуелсіздігінің 
кепілі ретінде КСРО-мен одақтастық және достық қатынас орнату; жаңа құрылатын 
мемлекеттің басқару орындарын атқаруға да ӛз келісімдерін берді. 
Жаңа үкімет құрамына Поляк жұмысшы партиясынан (ПЖП) алты ӛкіл кірді (нақты 
жетеу, алайда ұлттық қауіпсіздік министрі партияда болмай шықты), Поляк социалистік 
партиясынан (ПСП) алты ӛкіл, Поляк шаруалар партиясынан (ПШП) үш ӛкіл, Людовтықтар 
партиясынан үш ӛкіл және Демократияны жақтаушылар (Стронництво демократычне) 
партиясынан екі ӛкіл қатысты. Сонымен халықтық бірлік үкіметінің басында Поляк 
социалистік партиясының басшыларының бірі – Э.Осубка-Моравский болып қала берді, 
ПЖП-ның Орталық Комитетінің Бас хатшысы В.Гомулка премьердің бірінші орынбасары, ал 
екінші орынбасар және жершаруашылығы министрі болып–С.Миколайчик тағайындалды. 
Ал С.Миколайчиктің жақтастары қоғамдық, әкімшілік, почта және телеграф, еңбек және 
әлеуметтік қамтамасыз ету және ағартушылық салалары бойынша бірнеше министрліктердің 
сӛмкесіне ие болды. Дегенмен, жаңа үкіметтегі негізгі орындарды «жұмысшы табының 
мүддесін қорғаушы» партиялардың ӛкілдері тізгіні иемденді. Сыртқы саяси ведомстваның 
басшысы – Демократияны жақтаушылар (ДЖ) партиясының тӛрағасы В.Жимовский болып 
тағайындалды. Ал оның орынбасарлары ПЖП ОК Саяси бюросының мүшелері Я.Берман 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
85 
және З.Модзелевский болды. Елдің ұлттық кеңесіндегі (уақытша парламент) сыртқы істер 
комиссиясының құрамына жұмысшы партиясының ӛкілдері (В.Гомулка), сонымен бірге 
жастар қозғалысының сол қанаты, людовтықтар, демократтар, кәсіподақ ӛкілдері т.б. кірді 
[6]. 
Сӛйтіп, 1945 жылы шілденің 28 күні Варшава қаласында жаңа үкіметтің құрамы туралы 
жарияланды. Ал осыдан кейін кӛп кешікпей-ақ Польша Республикасының Министрлер 
Кеңесінің тӛрағасы Э.Осубка-Моравский КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің тӛрағасы 
И.В.Сталинге жеделхат жолдады. Онда: «...1945 жылы 28 шілде күні 1921 жылғы Польша 
Республикасының Конституциясының 45 бабына сәйкес Варшавадағы Уақытша үкімет 
ӛкілдері және шетелдердегі поляк демократиялық қайраткерлердің және үш ұлы державаның
Қырым конференциясындағы «поляк мәселесіне» қатысты шешімдері, Мәскеуде жүргізілген 
келіссӛздерінің жетістіктері нәтижесінде Польшада 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет