Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет192/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
 
Оқытудың мақсаты мен міндеттері. Оқытудың заңдылықтары және 
қағидалары.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, 
жаттығуларды шапшаң жасайды. 
Дағдылар: ақыл-ой, тілдік, қозғалыс, еңбек, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, 
гигиеналық болып бөлінеді.

Ақыл-ой дағдылары
: ақпараттарды оқу, есте сақтау, өткенді қайталау. 

Тілдік дағдылар
: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп 
сөйлеу, жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. 

Қозғалыс дағдылары
: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс. 

Еңбек дағдылары
: түрлі еңбек құралдарымен жұмыс істеу.

Сенсорлық дағдылар
: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау. 

Ерік-жігер дағдылары
: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя 
білу. 

Мәдени дағдылар
: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі 
тәрбиелеу. 

Гигиеналық дағдылар
: денені таза ұстау және т.б. 
Оқытудың заңдылықтары Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер, И.Ф.Харламов 
және И.П.Подласыйдың ғылыми педагогикалық еңбектерінде кең көлемде 
баяндалған (89-сурет). 


212 
Сурет-89. Оқыту заңдылықтары 
Оқыту процесінің заңдылықтары

1. Оқытудың мақсат-міндеттері қоғам талабынан туындайды. Оқытудың 
мазмұны мен амал-тәсілдері және ұйымдастыру формаларының өзгеріп, 
жаңарып, толығып отыруы заңды процесс болып табылады. 
2. Оқытуда оның білім беру, тәрбиелеу және даму қызметтерінің өзара 
байланыста болуы. 
3. Оқыту процесінде баланың таным белсендігі артады, ақыл-ой қабілеті 
дамиды, ғылыми ұғымдарды, олардың мәнін, ерекшеліктерін түсініп, меңгереді. 
Бұл да оқытудың заңдылығы. 
4. Оқыту – тәрбиенің негізгі құралы. Сондықтан оқытуда тұлғаның жеке 
басының қалыптасып дамуы да заңды процесс. 
5. Оқыту барысында әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін ескеру, 
соған байланысты таным әрекетін ұйымдастырып отыру да заңдылық болып 
есептеледі. 
6. Оқытудың адам және табиғаттың жалпы даму заңдылықтарына 
байланыстылығы, бұл да шынайы заңдылық (90-сурет). 
Оқытудың принциптері – дидактиканың негізгі буыны. Себебі, оқыту 
процесінде кез келген мұғалім оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және 
ұйымдастыру формаларын өз қалауынша таңдамайды. Керісінше, ол оқытудың 
мақсат-міндеттеріне сай қалыптасқан белгілі талаптарға немесе ережелерге 
сүйеніп іске асырады. Солардың ішіндегі оқытудың көрнекілік, жүйелік, 
бірізділік, саналылық, белсенділік принциптерін Я.А.Коменский ұсынған. Ол 
«Ұлы дидактика» атты ғылыми еңбегінде дидактикалық принциптерінің 
жүйесін құра отыра, оқыту адам және табиғат дамуының жалпы 
заңдылықтарына сай құрылатынын тұжырымдайды. 


213 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет