Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет200/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Оқытудағы құзіреттілік тәсіл. Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері 

 
оқытудың нәтижесі. Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың 
психологиялық теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой 
әрекеттерін сатылап қалыптастыру және т.б. Оқыту мен білім берудің 
тәрбиелік мүмкіндіктері.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген 
оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың 
алдында жүретін, дамуда шешуші рөл атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз. 
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат 
ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология 
ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, 
бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог 


220 
Л.С.Выготский болды. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму 2 
бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала 
дамуының төмендегідей 2 аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды: 
1)
 
Бала дамуының жақын аймағы 

 
баланың тек үлкендердің көмегі 
арқылы атқара алатын істері. 
2) Бала дамуының қол жеткен аймағы
 
– баланың үлкендердің көмегінсіз 
істей алатын істері. 
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың 
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген 
кезде дамуға өріс ашылады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен 
қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан 
материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне 
өз үлесін қосады.
Ғалым-психологтар 
Л.В.Занков, 
В.В.Давыдов, 
Д.Б.Эльконин 
зертханаларында оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер 
жасалды. 
С.Л.Рубинштейн, 
Е.Н.Кабанова-Меллер 
және 
басқалар 
өз 
зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. 
И.Я.Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей 
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге 
дайындығы деп түсіндіреді.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске 
асырады деп есептейді: байқампаздық; өз ойын еркін жеткізе білу; практикалық 
іс-әрекеттер атқара білу. 
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтау, 
қорытындылай алу дағдысын есептейді. 
Жалпы 
орта 
білім 
беретін 
мектеп 
оқушыларының 
танымдық 
қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының 
дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, 
ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқуды жолға 
қою керек. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен 
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
В.П.Беспалько білімді меңгеру иәтижесін төмендегідей 4 иерархия 
түрінде сипаттайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет