Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы принципі



Pdf көрінісі
бет195/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы принципі
. Бұл 
принциптің міндеті оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана 
қоймай,сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол үшін 
сабақтар жүйесінде берілетін теориялық білімді практикалық жұмыспен 
байланыстыру – сабаққа қойылатын ең басты талаптардың бірі. Мұның мәнісі 
оқушыларға бейіндік білім беру міндетіне байланысты маңызы арта түседі.
Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі
. Бұл принцип 
оқушылардың таным әрекеті мен оған басшылық жасауға бағыт беретін негізгі 
принциптердің бірі. Себебі, оқушылар оқыту процесінде берілетін ғылыми 
білімдерді меңгеруде жаттандылық пен енжарлық немесе немқұрайлық 
көрсетпей, керісінше саналы әрі белсенді түрде оларды терең және ойларына 
берік тоқулары керек. Ол үшін мұғалім оқыту процесінде оқушыларды ойлауға 
үйретіп, дағдыландырып отыруы тиіс. 
Оқытудағы білімнің беріктігі принципі
. Оқытудың тиімділігін 
арттырып, сапасын жақсартуда оқытудың негізгі принциптерінің бірі 
оқушылардың оқу процесінде алған білімдерінің берік әрі тиянақты болуымен 
де байланысты. Ол үшін мұғалім жоғарыда айтылған оқыту принциптерін 
сабақтар жүйесінде басшылыққа алып, бір-бірімен өзара байланысын 
қамтамасыз еткен жағдайда ғана іске асады. Бұл принцип оларға тікелей тәуелді 
болып келеді. 
Оқыту процесінде педагогикалық процестің қызметтерін іске асыру - 
білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.
Дидактика оқыту процесінің барысын және нәтижеге бағытталған мақсат, 
міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру 
формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет 
атқарады: теориялық және практикалық. 
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның 
қызметтерінен айқындалады.
Біріншісі
– 
білім беру қызметі
: оқушыларда білім, дағды және 
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы.
Оқытудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет