Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Оқытудың атқаратын қызметтері



Pdf көрінісі
бет197/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Оқытудың атқаратын қызметтері 
Білім беру 
Тәрбиелік 
Дамыту 


217 
 
Сурет-93. Оқытудың мәні 
 
Оқыту – қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі 
ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, коғамдық сананың даму 
нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны 
белсенді қайта өзгерту, білімді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны 
олардың меңгеруі. 
Білім беру оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілін меңгеріп, олар 
арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білім, дағды мен іскерлікті 
үйренулерін, өздерінің рухани, дене және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, 
еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді. 
Білім беру
деп - табиғат және 
қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін 
және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. 
Тәрбиелеу әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді 
шығармашылығын және әлеуеті кемелденген жоғары адамгершіліктегі 
үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді. 
Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси 
жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі 
таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып 
отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен сипатталады. 
Білім 
– адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, 
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне 
айналыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу 
және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп 
өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, 
яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет