Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет196/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

екінші қызметі 
– 
тәрбиелеу қызметі:
оқушылардың 
дүниетанымын қалыптастыру. Ол балалар мен ересектерде объективті түрде 
қоршаған орта жөніңде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына 
қарай біртіндеп қалыптасады.
Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз 
бетінше ойлауын 
үшінші қызметі
– 
дамыту қызметі
атқарады (92-сурет). 


216 
 
Сурет-92. Оқытудың атқаратын қызметтері 
 
 
Оқыту қызметтерінің міндеттері:
-
оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру; 
-
оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті 
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру; 
-
ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту. 
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, 
жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады.
 
Оқыту процесінің құрылымы. Негізгі кезеңдері. 
Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-
ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту 
негізінде жүзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал 
жасауды көздейді. 
 
Дидактиканың ұғымдары
: дидактика, білім беру теориясы, білім беру, 
оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері 
– мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың 
нәтижесі. 
Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады: оқыту және білім алу. 
Оқыту
– қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, 
іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен 
дамыту процесі.
Оқыту 
процес
і 
екі жақты процесс
болғандықтан, мұғалім мен 
оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне 
басшылық ету, жоспарлау, ұйымдастыру, басқаруды талап етеді. Оның 
барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. 
Оқыту
дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды 
меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, 
эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің 
белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және ынталандыру
іс-әрекеті.
Оқыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға 
қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар 
аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне айрықша назар аударылмайды
(93-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет