Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет199/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

«Тұлғалық- бағдарлы»
сөз тіркесі білім беру процесінде қолдануына 
байланысты педагогикалық сөздікке ағылшынның 
«person-centered»
(«тұлға 
орталықты») және 
«pupil-centered»
(«оқушы орталықты») сөздерінің 
аудармасынан енгізілген. Олар К.Роджерстің гуманистік педагогикасы және 
гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі болып табылады. 
Осы ұғымдардың түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл 
пікірлердің көптігі төмендегідей түсіндіріледі: кез-келген оқытудың түрі 
тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әрқайсысын тұлғаға бағдарланған 
оқыту деп тануға болады.
Бүгінгі таңда оқытудың түрлі нобайлары мен технологиялары жасалуда. 
Олардың әрқайсысы «тұлға», «тұлғаның дамуы», «тұлғаға бағдарланған білім 
беру» ұғымдарын өз бетінше түсіндіреді. Тұлға – дербес әрекет ететін субъект 
ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның 
қоғамдық өмірінің дара нысаны.


219 
Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы 
барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзі жүзеге асыра алатын 
тұлға деп түсіндіру арқылы қалыптастырады деп есептейді. 
Оқытудың 
тұлғаға 
бағдарланған 
технологияларын 
жақтаушылар 
Ш.А.Амонашвили, 
М.Н.Берулава, 
Е.В.Бондаревская, 
Ю.И.Турчанинова, 
И.С.Якиманская және т.б.
Е.В.Бондаревская 
тұлғаға 
бағытталған 
оқытудың 
парадигмасына 
төмендегілерді ұсынады: 

білім беруде адамның ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара 
ерекшеліктерін есепке алу; 

балаға ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас: баланы қолдау, оны дамыту, 
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі түзету, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі 
тәрбиелеу және т.б. 

адамды 
қалыптастыратын 
функцияларын 
анықтау 
(ізгіліктік, 
мәдениеттілік, әлеуметтік); 

адамның өмірге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру; 

түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан 
дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға бағытталған педагогикалық 
технологиялар. 
Тұлғаға бағдарланған оқытудың ерекшеліктері: 
-
әлеуметтік-педагогикалық:
тұлға қоғамның сұранысына сәйкес жалпы 
мәдениетті жасаушы және тасымалдаушы ретінде қарастырылады; 
-
пәндік-дидактикалық:
оқытуда жекеше бағыттылықты қамтамасыз етеді, 
бірақ білім беру идеялогиясын өзгертпейді – «тұлға – оқыту іс-әрекетінің өнімі» 
ретінде қалып қояды; 
-
психологиялық:
дамыту, қалыптасу деңгейлерін бағалау. 
Тұлғаға бағдарланған оқыту философиялық, психологиялық және 
педагогикалық ізгіліктің негіздеріне арқа сүйейді: тұлғаның біртұтастығы, 
тұлғаның мүмкіндіктерін толық пайдалану, тұлғаның өзіне деген сенімін 
арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет