Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Оқушы бойында танымдық қызығушылықты арттыру үшін мәселеге  төмендегіше қарау керек



Pdf көрінісі
бет276/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
Оқушы бойында танымдық қызығушылықты арттыру үшін мәселеге 
төмендегіше қарау керек:
 
1)
шынайы материалдық сілтеме тағайындау (сабақты жарақтандыру);
 
2)
алдын-ала қажетті біліми мәліметті беру;
 
3)
оқушыны психологиялық тұрғыда дайындау;
 
4) мұғалімге, пәнге деген дұрыс көзқарас.
 
Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын 
қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге 
асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді 
саналы түрде игеріп, танымдық-шығармашылық және қарапайым есептерді 
шешуде дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін 
дамытады. Өз бетінше оқып-үйрену үшін қажетті мінез-құлқын, ерік-жігер мен 
ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсіресе, жоғары сынып оқушыларымен 
жүргізілетін жұмыстарда айқын білінеді. 
 


291 
Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген 
тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол алдына 
саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттап отыру 
мүмкіндігіне ие болуы керек.
 
Танымдық белсенділік – мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық 
және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық 
құрылымынының сипаттамасы:
 
1.
Мотивациялық-тұлғалық: өзін-өзі тану; өзіне-өзі сену, дамыту; өзінің 
танымдық қабілетін дымытуға қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу.
 
2.
Мазмұндық-амалдық: тіректік білім; жалпы дидактикалық және арнайы 
дидактикалық дағдылар; білім жетілдіру дағдысы.
 
3.
Процессуалды-жігерлік: танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін 
қиындықтарды жеңуге дайындық; өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі
танымдық белсенділікке ұмтылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет