Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет31/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
 
Сурет-9. Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері 
Педагогикалық іскерлік – бұл мұғалімнің шеберлігінің негізі, онсыз 
мектепте жұмыс істеу мүмкін емес. Мұғалім сабаққа дайындалу әдістерін білуі 
Гуманистік 
Ұжымдық 
Адаптивтік 
Шығармашылық
Қарым-
қатынастық
Өнегелік 


34 
керек және сабақтың әрбір кезеңдерін өткізудің мазмұны мен әдістемесін, 
құрылымын дұрыс анықтауы керек.
Мұғалімнің кәсіби өсуінің келесі деңгейі педагогикалық шеберлік болып 
табылады. Шеберлік – бұл өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін әрбір 
мұғалімге қолайлы болатын оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары және үнемі 
жетілдірілетін өнер. Педагог өз ісінің шебері – бұл өз пәнін терең білетін, 
ғылым мен өнерге сәйкес салаларды жақсы меңгерген, жалпы және балалар 
психологиясына қатысты мәселелерді шеше алатын, оқыту мен тәрбиелеу әдісін 
жеткілікті түрде меңгерген білікті маман. 
Педагогикалық әрекеттің бірнеше түрі бар: іскерлік, шеберлік, 
шығармашылық, жаңашылдық ( 10-сурет). 
 
Сурет-10. Педагогикалық әрекет түрлері 
 
Педагогикалық шығармашылық – оқу-тәрбие жұмысында педагогикалық
әдістемелерді түрлендіру, әдістерді жетілдіру және т.б. 
Педагогикалық шығармашылық белгілі жаңашылдық элементтерінен 
тұрады, бірақ көбінесе, ол оқу мен тәрбие жұмысындағы жаңа идеяларды 
қозғаумен емес, оқу-тәрбие жұмысының әдістері мен түрлерінің өзгеруімен, 
белгілі бір жаңғыртумен байланысты болады. 
 
Педагогикалық үдерістегі мұғалім іс-әрекетінің функционалды 
түрлері. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тұтастығы. Мұғалімнің 
педагогикалық іс-әрекетінің стилі. 
Педагог 
шеберлігінің, 
шығармашылығының 
мәні 
педагогикалық 
мәселелердің жаңа шешімін іздеуде және ол педагогикалық іс-әрекеттің
төмендегідей түрлерімен байланысты: гностикалық, конструктивтік, 
ұйымдастырушылық және коммуникативтік.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке 
басының дамуын, қалыптасуын, тәрбиелеу мен оқыту процесін басқарады. 
Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең 
ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, 
табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет