Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері



Pdf көрінісі
бет27/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері: 
-
арнайы кәсіби білім; 
-
нақты нәтижеге бағытталған мақсаттың болуы; 
-
оқыту, білім беру, тәрбиелеу мазмұнының нақтылығы; 
-
баланың педагогпен ынтымақтастық қарым-қатынасы
-
педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін бағалай алуы; 
-
баланы педагогикалық қолдауы. 
Мұғалім 
шеберлігінің, 
шығармашылығының 
мәні 
педагогикалық 
мәселелердің жаңа шешімін іздестіруге және әртүрлі педагогикалық іс-
әрекеттерді игеруге байланысты.
Сурет-6. Құзыреттіліктің түрлері 
Мұғалімнің конструктивтік іс-әрекеті
– оқу-тәрбие материалын іріктеп 
алумен, композициялаумен, жобалаумен байланысты іс-әрекет; оқу және тәрбие 
міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие 
жұмысының формалары мен әдістерінің мазмұнын анықтау. 
Коммуникативтік
кұзыреттілік
Реттеушілік
құзыреттілік
Операциялық 
құзыреттілік
Интеллектуалдық 
құзыреттілік
Ақпараттық 
құзыреттілік


30 
Ұйымдастырушылық іс-әрекеті
бір мезгілде мұғалім жобаларын 
практикада жүзеге асыру және әлдеқайда нақты жобалаудың шарты болып 
табылады. Мұғалімнің бұл іс-әрекетін ұйымдастыру (баяндау, тапсырмалар 
жүйесі); өз мінез-құлқын ұйымдастыру (іс-әрекеттің нақты жағдайларындағы 
педагогикалық әрекеттер); балалар іс-әрекетін ұйымдастыру (ұжымдық, топтық 
және жекеше); оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра 
білуі (белсенділермен, ата-анамен жұмыс жасай білуі). 
Коммуникативтік іс-әрекет
мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-
қатынасының саласын қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет өзінің табиғаты 
бойынша оқушылар мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті. Оның 
табыстылығы 
олардың 
арасындағы 
өзара 
қарым-қатынастың 
қалай 
қалыптасатындығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет