Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


тәрбие теориясы мен әдістемесін, оқыту  теориясы мен әдістемесін



Pdf көрінісі
бет4/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
тәрбие теориясы мен әдістемесін, оқыту 
теориясы мен әдістемесін,
 
педагогикалық басқару жүйесі бойынша жаңа білім 
игереді; тәрбие жұмыстары мен оқыту процесін жүзеге асыру жолдарын және 
оқыту процесін басқару, оқушылармен, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас 
жасау технологияларын меңгереді. 
 
«Педагогика» оқулығында теориялық материалмен бірге, тақырып 
бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған тапсырмалар, глоссарий 
берілген. Әрбір тақырып бойынша болашақ педагогтардың кәсіби құзіреттілігін 
қалыптастыратындай қосымша тапсырмалар жинақталған.
«Педагогика» оқулығы 
 
педагогикалық жоғары оқу орнының барлық 
мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттеріне арналады. 
 



I БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ 
1.1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі 
Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің 
әлеуметтік мәні. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы. Білім беру құндылық 
ретінде. Білім беру үдеріс және нәтиже ретінде. Білім беру жүйе ретінде. 
Білім беру 

 адамның тұлғалық және кәсіптік дамуының факторы. 
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа 
стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен 
қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. 
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің 
мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын 
болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-
машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және 
кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, 
жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу 
болып табылады. 
ЮНЕСКО XXI ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі 
білім құндылығының негізін құрайтын төрт түрлі мәселеге ерекше көңіл бөледі: 
бірлікте өмір сүруге үйрену; білімді меңгеру; еңбек етуге үйрену; өмір сүруге 
үйрену. 
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім 
ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар 
негізінде ұйымдастырылады. Егер ХХ ғасырда білім беруді ұйымдастыру 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет