Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия



Pdf көрінісі
бет70/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, 
психология, әлеуметтану, физиология және баска ғылымдармен 
байланысының түрлері. 
Педагогика ғылымы 4 бөлімнен тұрады: педагогиканың жалпы негіздері; 
тәрбие теориясы; дидактика; педагогикалық менеджмент.
Педагогика ғылымының жүйесін немесе салаларын жіктеу процесі белсенді 
түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдары педагогиканың бұрын болмаған 
салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде (39-сурет). 
Мектепке дейінгі педагогика 
– мектеп жасына дейінгі балаларды 
дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. 
Мектепке дейінгі педагогика отбасы, балалар бақшасындағы, мектеп жасына 
дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Мектеп педагогикасы
 
мектеп жасындағы 
балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен 
принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды.
Дефектология 
– педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология 
көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар 
балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. 
Дефектология 4 салаға бөлінеді:


77 

Сурдопедагогика
 
– саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру 
және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы. 

Тифлопедагогика
 
– көру қабілеті нашар және соқыр балаларды 
тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы. 

Олигофренопедагогика
 
– ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие 
беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы. 

Логопедия 
– тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу 
мәселесін зерттейтін педагогика. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет