Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет73/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
Философия 
-
адамды күшті идеялық сенімге, 
айқын түсінуге, білушілікке тәрбиелейді. Табиғат пен қоғам дамуының жалпы 
заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу 
жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады.
Педагогика жантану –
психология
ғылымымен адам жанын терең зерттей 
отырып, тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырады. Адам табиғатын білу, 
оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның 
жандүниелік қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар (адамның зейіні, 
ойлауы, есі, қиялы және адамның дербес ерекшеліктері, темперамент, мінез, 
қабылдауы) және оларды ескеру, оқу мен тәрбие жүйесін осы психикалық 
заңдылық, қасиет – сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып 
құрастыру педагогиканың басты мәселелерінің бірі.
Психология – адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан алуан 
сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге
сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, 
т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, 
адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал педагогика 
осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие 
мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады. 
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі 
жас ерекшелік 
физиологиясы 
ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары 
жүйке қызметін, тыныс алу, қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық 
ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу 
процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін 
дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы 
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің 
негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті 
ойдағыдай басқарудың негізі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет