Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет4/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

РУХ-ИЕЛІК МИФОЛОГИЯ
Жалпы сипаты.  Алғашқы қауым кезіндегі рух­иелік ми­
фологияда  әлемнің тұтас түрде пайда болуы туралы баян­
далмайды және дүние о баста Хаос болған деп те айтылмайды. 
Оның басты себебі – алғашқы қауым адамдары күллі әлем ту­
ралы білуге, ол жайында тұтас мәлімет алуға әлі талаптанбаған. 
Ол дәуірде адамдар бірінші кезекке тамақ тауып жеуді алға 
қойған, сондықтан олардың әлем қайдан, қалай пайда болды, 
аспан деген не, ол қалайша құламай тұр, жерді кім жаратты 
деген сауалдар қойып, оларды шешумен шұғылдануға шамасы 
болған жоқ. Ол кездегі адамдар үшін маңайдағы дүниенің бәрі, 
аспан да, жер де, су да, тау да, жұлдыз да атам заманнан келе 
жатқан, өздері қалай өмір сүрсе олар да солай тірлік ететін бо­
лып көрінген. Архаикалық мифтерде адам мен аң­құстың бірге 
«өмір сүріп, олардың әлі бөлінбей, бір­біріне оп­оңай айналып 
кете алатындығы жөнінде айтылатындығы сондықтан. Ал 
әлемнің пайда болуы туралы сөз еткен мифтерде тек жекелеген 
объектілер туралы ғана әңгімеленеді. Мәселен, Австралияның 
ежелгі тұрғындары Хаостан реттелген Космостың пайда болуы 
туралы  мифтерді білмейді. Олар дүниенің бәрін өздерінің 
бұрынғы бабалары жасаған деп есептеген. Е. Мелетинский бұл 
туралы  былай деп жазады: «Олардың мифтерінің ерекшелігі – 
дүниенің  пайда болуы туралы түсініктердің бүкіл әлемінің 


[
 
 15  
]
емес, оның бөлшектерінің қалай пайда болғанын баяндау арқы­
лы білетіндігі...»
12
.
Алғашқы қауым адамдары ең алдымен өз маңайын шолып, 
төңірегіндегі, өзі көріп жүрген заттарды ғана танып білгісі 
келген (Бұл оның күнделікті тіршілігіне қажет еді). Міне, осы 
тұста олар өзінің өмір тәжірибесін пайдаланумен қатар алуан 
түрлі наным­сенімге, қиялға жүгінген, сөйтіп, өздері сенетін 
мифтер шығарған (Ал әлемді тұтас бір дүние деп білуге ұмтылу 
және сол тура лы миф тудыру тек алғашқы мемлекеттер тұсында 
орын алған).
Көне тарих пен  ежелгі қоғам өмірін, алғашқы қауым 
мәдениетін зерттеген ғалымдар ол замандарда ғұмыр кешкен 
адамдардың аспанда патша, яғни, құдай бар  деп түсінбегенін 
ғылыми тұрғыда дәлелдеп шыққаны мамандарға аян. Расында 
да,  алғашқы қауым кезінде жердің өзінде әлі патша болған 
жоқ, сонда сол уақыттың адамдары аспанда патша бар, елдің 
өмірін басқарып, қадағалап отыратын құдай бар деп қалай 
айта алсын?! Өз тіршілігінде жоқ нәрсені ол кезде бар деп 
ойламайтын, себебі алғашқы қауым адамдары көп уақытқа 
дейін өздерін табиғаттан бөлмейтін де, өз өмір салтын табиғатқа, 
кейінірек аспанға көшірген.
XX ғасырға дейін алғашқы рулық қауым түрінде өмір 
сүрген Африкадағы, Австралиядағы, Океаниядағы, Қиыр 
Солтүстік  Азия мен Америкадағы тайпалардың мифтеріндегі 
құдай рөлінде көрінетін кейіпкерлер,  шын мәніндегі, біздің 
түсінігіміздегі құдай емес. Олар –  рух­иелер немесе тәңір­
иелер, әлі құдай деңгейіне жетпегендер. Құдай туралы түсінік 
мемлекет пайда болған тұста ғана пайда болды, онда да ежелгі 
құлиеленуші мемлекетте –  көпқұдайлық, ал орта ғасырдағы 
феодалдық мемлекетте бірқұдайлық болып қалыптасқан.
Ал жаңағы алғашқы қауым мифіндегі рух­иелерге келсек, 
олар – тұлғаланған, яғни персонға айналған табиғаттың күш­
тері, басқаша айтқанда, табиғаттың әр құбылысын иемденген 
кейіпкерлер. Олар, мәселен, тау иесі, жел иесі, күн иесі, су 
иесі, тас иесі, шөл иесі, көл иесі, т.б. болып дербестелген. 
Мысал үшін мына мифке көңіл бөлейік: «Батака деревнясының 
тұрғындары Баракуа тауының шыңында өсетін сиқырлы шөп­
ке барады екен. Онда баспалдақ бар екен, ал шыңның басында 


[
  16  
]
терең жарық бар екен... Сол жарықтың ішінде шыңның рух­
иесі тұрады екен... Егер оны көріп қалсаң, жақсы болмайды, 
жақын бір адамың қайтыс болады. Шыңның дәл төбесінде неше 
түрлі сиқырлы шөп өседі екен. Кейде сол жерде өсетін жұпар 
иісті ақ гүлді табуға болады... Ол гүл сағат сайын ашыла ды 
екен де, бұрынғысы солып қалады екен. Егер ол гүлді тапсаң, 
оның көмегімен ойлағаныңның бәрін жүзеге асырасың. Гүлді 
алақаныңа үгітіп, қолыңды керек кісіге қарата көтеріп, оның 
атын атасаң болды, өзі жетіп келеді, қай жерден болса да. Осы 
гүлді іздеп шыңға баратын болсаң, өзіңмен бір ақ әтеш немесе 
бір атым үгітілген темекі ала жүр, шыңның рух­иесіне сыйға 
тарту керек...»
13
Тау иесі туралы бұл түсінік, сөз жоқ, ежелден келе жатыр. 
Таудың, шыңның рух­иесі бар деген сенімге иландыру мақ­
сатында әрі қарай бір әйелдің жеңілтек күйеуін тәртіпке салу 
үшін сиқырлы гүлге барғаны, оны тауып алғаны, сөйтіп, 
күйеуі нің жетіп келгені туралы айтылады.
Мұндай рух­иелер бейнесі, олар туралы түсінік қазақ 
мифологиясында да сақталған. Мәселен, «Көл иесі – Қамбар­
ау, Шөл иесі – Қамбар­ау!» немесе «Су иесі – Сүлеймен, Ал­
ладан тілек тілеймін» деген эпоста жиі кездесетін поэ зия лық 
тіркес тер – қазақ елінің ежелден сақтап келе жатқан мифтік 
ұғымдары. Осы тектес әр алуан рух­иелерді ертегілерден де, 
хикаялардан да кездестіреміз. Мысалы, әйгілі «Ер Төстік» 
ертегісіндегі Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты мифтік 
кейіпкер 
лер – сол баяғы дәуірдегі рух­иелер. Олардың әр­
қайсысы – әр нәрсенің иесі: Желаяқ – желдің иесі, Таусо­
ғар – тауға қожа, Көлтауысар – көлдің иесі. Әрқайсысы – тек 
өз құбылысының қожайыны, басқа әлемге билік жүргізе 
алмайды, бөтен қожаның жеріне бармайды. Мұны ертегінің 
өзі де баян етеді. Жер астына түскен Төстікке жәрдем етіп 
болғаннан кейінгі олардың жағдайы мынандай:
«Сөйтіп, Ер Төстік жылап Бапа ханға қайтады. Қайтып 
келе жатқанда, жолдан ерген алты жолдастарының бәрі де 
өздерінің жерлерінен әрі жүрмейді (астын сызған біз – С.Қ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет