Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет14/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Сұлу қыздың басында қара құндыз, 
Тексермей сұлуларды неғып тұрмыз? 
Үркердің жалғыз қызын ұрлап алып, 
Қарақшы мына тұрған жеті жұлдыз...
Аңыздың аяқталуында, егер Жетіқарақшы Ақбозат пен 
Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің қалған алты жұлдызын да 
(оның бәрі қыз екен) ұрлап алады дейді...»
54
Ары қарай жалғастыратын тағы бір мысал:
«Үркер – алтау ғана, артындағы Сұлусарымен жетеу. Сұлу­
сары – Үркерден әлдеқайда жарық. Өзінің түсі сары. Алты Үр­
керді көрсетіп тұрған – Сұлусарының жарығы. Ақбозат пен 
Көкбозатқа мініп алып, Жетіқарақшы содан кейін Сұлусарыны 
алмақшы...
Сұлусары Үркердің артынан бөлек тұрады. Ол Үркерден 
кейін туады. Жетіқарақшы енді Сұлусарыны тартып алмақшы. 
Сұлусарыны оның жанындағы Қырлыжігіт сақтап жүр. Сұлу­
сарыға ол өзі ғашық»
55
.
«Жетіқарақшы Сұлусарыны ұрлаймын деп, Үркерді қуып 
жүр. Үркер қашып жүр. Үркер қашып барып, қырық күн жерге 
қонақ болып жатады, жылына бір қара қойдың етін жейді»
56
.
Сонымен, қазақтың космогониялық мифологиясында 
Үркер, Темірқазық, Жетіқарақшы – бәрі бір­бірімен тығыз 
бай ла нысты екен. Осылардың ішінде, біздің ойымызша, Үркер 


[
 
 43  
]
туралы миф – ең көнесі. Әсіресе, Үркердің сиыр тұя ғының 
арасынан сытылып шығып, аспанға қашып кеткені жайын­
дағысы. Мұнда шоғырланып тұрған бір топ жұлдыздың пайда 
болуы адамдардың алғашқы қауым тұсындағы мифтік санасы 
бойынша түсіндірілген жер мен көктің бөлінбей тұрған тұсы, 
жұлдыздар жерде жатқан кез, адамдар әлі пайда болмаған 
шақ, тек хайуандар бар мезгіл. Сонымен қатар, адам өз өмірін 
аспанға әлі көшіріп үлгермеген уақыт.
Үркердің жерде жеті қыз болып, олардың Жетіқарақшыдан 
қашып, аспанға шығып кетуі туралы баяндайтын миф те көне 
замандағы мифтік сананың жемісі. Біріншіден, мұнда адам 
өзін қоршаған әлемнен бөлек екенін сезінген жағдай белгі беріп 
тұр, соның нәтижесі ретінде, екіншіден, адамның жұлдызға 
айналып кете алуы; үшіншіден, оның жұлдызға айналуы өз 
еркімен емес, тыс күштің қыспағынан болуы, яғни, қорқудан 
болғаны; төртіншіден, оның аспанға көтеріліп кетуі, сөйтіп, 
басқа сипатқа ауысуы. Міне, мұның бәрі – алғашқы қауым 
мен кейінгі классикалық ру­тайпалық қоғам тұсында дүниеге 
келген мифтердің басты­басты белгілері.
Енді аспандағы Үркердің қыздарын аңдып, Ақбозат пен 
Көкбозатты торып жүрген Жетіқарақшы туралы мифке 
келер болсақ, ол да ежелгі мифологиялық құбылыс. Алдымен 
Жетіқарақшы жөнінде. Жеті адам жердегі істеген күнәсі үшін 
жаза тартуы керек еді. Алайда, олар жазадан қашып, аспанға 
көтеріліп кетеді. Бұл – архаикалық мифке тән әрекет. Олар 
аспанға кеткенде, жай ғана емес, жұлдызға айналып кетеді. 
Яғни адамның жұлдызға айналуы – тағы да сырт күштің, дә­
лірек айтсақ, елдің ашуының қыспағы. Бұл да алғашқы қауым 
мифінде бар.
Жетіқарақшы аспанға барғанда да жердегі кәсібін таста­
майды, онда да ұрлық істемек. Бұл жерде мифтік сананың 
кейін 
гі сатысы айқын көрінеді: адам өз тіршілігін аспанға 
көшірген, ал бұрын ол маңайындағы табиғатқа телитін. Жер­
дегі үйреншікті өз ісін аспанға көшірудің әдемі көрінісі біздің 
Кемпірқосақ туралы мифте орын алған.
Қазақтың Үркер мен Жетіқарақшы және Темірқазық туралы 
мифтері бір­бірімен байланысты, демек, олар біршама жүйелік 
сипатқа ие. Жұлдыздардың әрқайсысын жекелеп қарасақ, олар 


[
  44  
]
көне мифтік қасиеттерді де сақтап қалғанына көз жеткіземіз. 
Мәселен, Үркерді алайық. Ол – жерде жатқан бір топ жұлдыз. 
Оның саны – бірде 12, бірде 7, бірде 6. Он екі жұлдыздың ал­
тауы аспанға ұшып кеткен де, алтауы жерде қалған. Жерде 
алты ай жаз, алты ай қыс болуының себебі осы. Олай болса, 
Үркер – жыл мезгілін реттеуші, әрі ол – жылылықтың иесі. 
Егер 12 жұлдыз түгел жерде қалғанда, мәңгі бақи жаз болып 
тұрар еді.
Үркер  жеті жұлдыз деп те айтылады. Оның біреуі – қыз, 
есімі – Сұлусары. Жетіқарақшы соны ұрламақ. Алты жұлдыз 
әлгі қызды ортаға алып, көрсетпей тұрады. Жасырмаса, қа­
рақшылар ұрлап әкетеді.
Үркер – кейде біреу­ақ. Ол – Айдың ұлы, ер адам.
Сонымен,  Үркердің  саны  әр түрлі болды. Ал енді ол неге 
аспанға ұшып кетеді? Оның себебі екі түрлі: бірі – малдардың 
үркітіп жіберуі, яғни, олардың тұяқтарымен жаншуынан қор­
қады; екіншісі –  Жетіқарақшыдан қашады. Олардан үнемі 
қашып жүреді, тіпті жазда қашып, 40 күн жерде жатады.
Үркердің қорғаушылары –  екі батыр, олардың екі тұлпа­
ры –  Ақбозат  пен  Көкбозат бар. Қарақшылар, бір жағынан, 
соларды ториды. Атынан айырылса, батырлар жаяу қалады 
да,  қарақшылар Үркердің барлық қызын ұрлауға мүмкіндік 
алады.
Қарақшылардың жалпы саны – қырық, ал жетеуі –  бар­
лаушылар. Егер екі атты қолға түсірсе, Қырыққарақшы 
бүкіл елді шабады. Алайда, екі ат Темірқазыққа байлаулы. 
Егер Темірқазық босап, орнынан жылжып кетсе, қазақ мифо­
логиясы бойынша, дүниенің астан­кестеңі шығып, заманақыр 
болады
57
.
Жетіқарақшының аспанға орналасуының басты себебі – 
жердегі күнәлары үшін жаза тартудан қашу (Кейде олар Үркерді 
қуып, көкке көтеріледі). Жерге қайтадан түсуге қорқады, сол 
себепті де Үркер олардан қашып жерге түседі, сөйтіп, қырық 
күн бойы алаңдамай тынығады.
Осы айтылғандардың бәрі Үркер мен Жетіқарақшы туралы 
мифтер де өте ерте заманда туып, көптеген архаикалық сипа­
тын сақтап қалғанын көрсетеді. Айталық, адамдардың оп­оңай 
басқа кейіпке ауысуы, аспанға қауіптен, күнәдан қашып кетуі, 


[
 
 45  
]
жұлдыздардың жыл мезгілін реттейтін қасиеті, сондай­ақ 
әлем нің кіндігі болып, дүниені сақтап тұруы.
Сөзіміз дәлелді болу үшін осы ғасырға дейін алғашқы қауым 
түрінде өмір сүріп келген кейбір елдің аспан шырақтары жа­
йын дағы бір­екі мифін келтірейік. Міне, маринданим папуас­
тарының Шолпан жұлдызы туралы мифі.
«Манди (Венера) мен Арап (Юпитер) – апалы­сіңлілі екі қыз. 
Бұрынғы заманда олар Явим мен Тораси өзендерінің ортасында 
орналасқан бір деревняда  тұрыпты. Ол жердің  аты Сарападо 
Ави екен. Кең дала екен. Қыздар жұмысты көп істейді екен.
Бір күні үлкені Манди шешесі мен сіңлісіне ештеңе айтпай, 
үйден кетіп қалыпты. Содан ол Имо деген жерге келіпті. Сол 
жерде банан ағашы өсетін тоғай бар екен, оны жергілікті 
адам дар  отырғызған  екен. Манди бананның жапырақтары­
нан төсеніш жасап, жатып қалыпты. Келесі күні Имоның тұр­
ғындары  банан  жапырақтарының кесілгенін көріп, кескен 
кісіні іздепті. Көп ұзамай, олар банан жапырақтарының үстін­
де ұйықтап жатқан сұлу қызды көріпті. Оны деревняға алып 
келіпті.  Еркектер  қызды Имоның ырымды мерекесіне пай­
даланғысы келіп, оны сан түрлі бояумен бояп, кокос майымен 
денесін сылап, қосқа қамап қойыпты.
Таң қылаң бергенде, Манди қашып шығыпты. Сол шықаннан 
ол аспанға жетіпті де, жұлдызға айналып кетіпті»
58
.
Жоғарыда қарастырылған мифтерде Үркер де, Жетіқарақшы 
да адамның аспанға ұшып, басқа кейіпке түсуінен пайда болса, 
төменде келтірілген мифтерде жұлдыздар құстан және жансыз 
заттан пайда болады. Бірде жұлдыз, әдеттегідей аспанға қашу 
арқылы пайда болса, енді бірде жұлдызды адамдар  қолдан өз 
қалауымен  жа сайды.  Текстерге жүгінейік. Австралияның 
байыр ғы тұрғындары Шолпан жұлдызының пайда болуын бы­
лай әңгімелейді екен.
Муллиан деген сұңқар адамды жей берген соң, ел оның күр­
кесін өртеп жібереді. Өрттен қашып Муллиан аспанға көте­
ріледі. Сөйтіп, ол таңертеңгілікте көрінетін Муллиан жұл­
дызына айналып кетеді
59
.
Ал жердің екінші шетінде – Қиыр Солтүстікте тұратын 
орочтар Құс жолының қалай пайда болғаны жайында мына 
мифті айтады екен.


[
  46  
]
«Манги шаңғымен аңда жүріп, бір бұғыны бұзауымен кез­
дестіреді де, соңына түседі. Ұзақ қуыпты, ақыры бұзауын ұс­
тап ты да, өлтіріпті. Содан кейін бұғының өзін қуыпты. Қуа­
қуа жердің шетіне жетіпті. Сол кезде бұғы теңіз тұңғиығына 
секіріпті. Сөйтіп, Манги бұғыны өлтіре алмапты, бірақ оның 
ізі аспанда қалыпты»
60
.
Келесі текст – африкалықтардың мифі.
«Ежелгі бір елдің тұңғыш жаратылған қызы ағаштың күлін 
көкке шашып: «Осы ағаштың күлі құс жолы болсын. Ол бүкіл 
аспанға созылып жатсын, ал оның айналасында жұлдыздар 
орналассын!» – депті.
Содан күл Құс жолы болыпты...»
61
Сонымен, енді космогониялық мифтер туралы ойымызды 
түйін 
дейік. Алғашқы қауымға тән рух­иелік мифологияда 
аспан дағы Күн мен Ай, Үркер, Жетіқарақшы, Шолпан тәріз­
ді жұлдыздар көкке көтеріліп, аспанда орнығып қалған 
адамдар екен. Олар жердегі кезінде алуан түрлі іс­әрекет 
істеп, ел алдында кінәлі болғандықтан немесе бір қауіптен 
қаш қандықтан аспанды паналайды, кейпін өзгертеді. Соған 
қарамастан, жұлдыздар адам қауымы сияқты өмір сүреді: 
өзара ұрысып, араздасып жүреді я болмаса, ғашық болады, 
үйленісіп, балалы болады. Қысқарта айтқанда, адам өз өмірін 
аспанға көшіріп, аспан шырақтарын өзінше танып­біледі.
Архаикалық мифтерден байқалатын басты заңдылық – 
алғашқы қауым адамы ең алдымен маңайындағы заттар мен 
жануарлардың, содан соң ғана алыстағы аспан шырақтарының 
пайда болуын әңгімелеуі. Тағы бір мәнді заңдылық – адам 
жанды­жансыз табиғатты, жұлдыздарды, Ай мен Күнді «та­
нып­білуде» оларды өзіне ұқсататындығы. Сөйтіп, аңдар да
тау­тастар  да,  жұлдыздар  да  адамның өзі сияқты. Сондықтан 
да олар о баста адам болған делінеді, тіпті адам  кейпінен 
айырылғаннан кейін де олар адамша өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет