Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет21/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Қырында киік жайлаған
Суында балық ойнаған. 
Оймауыттай тоғай егіннің 
Ойына келген асын жейтұғын, 
Жемде кеңес қылмадың, 
Жемнен де елді көшірдің. 
Ойыл деген ойыңды, 
Отын тапсаң тойыңды. 
Ойыл көздің жасы еді, 
Ойылда кеңес кылмадың, 
Ойылдан елді көшірдің... 
...Еділ менен Жайықтың 


[
  78  
]
Бірін жазға жайласаң, 
Бірін қысқа қыстасаң, 
Ал, қолыңды маларсың 
Алтын менен күміске,
50
 
дейді
 
Асан елді үдере көшірген Жәнібек сұлтанға. Мұнда бұ­
рынғы атамекенді, Еділ, Жайық, Арал айналасындағы өмірді 
дәріптеу, ондағы тіршілікті мұндағы күйзеліске қарсы қою 
бар. «Нәлет біздің жүріске!» – деп, жұрттың бастан кешірген 
бейнетіне, сұлтанның ақылдаспай халықты әуре­сарсаңға тү­
сір геніне налу, наразылық көрінеді.
Осындай қатты қиналыс кезінде Еділ, Жайық, Жем жа­
ғасында өткен өмірді аңсап, оны рахат өмір еді, мынадай жағ­
дайға қалай тап болдық деген ой күйзелген елдің көкейінде 
жүрген еді. Сондықтан бұл ойды жалғыз Асан ғана емес, сон­
дай­ақ Қазтуған жырау да кейбір толғауларына өзек еткен:
Салп-салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер.
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып, мың қой болған жер,
Жарлысы менен байы тең,
Жабағысы менен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас.
СҚайран да менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
51
 –


[
 
 79  
]
деп, Қазтуған Еділ бойында, Жайық жағасында өткен өмірді 
әсірелеп, оны «алтын заман», «рахат өмір» етіп бейнелейді.
Сонымен, өте қиын жағдайда пайда болған Қазақ хан­
дығының көп қасірет шеккен бұқара халқы мұндағы тіршілік 
пен болмысқа, қиын жағдайға налып, өздерінің бұрынғы тұр­
мысын, үйреншікті тірлігін аңсап, жаңа жерге келгеніне 
өкі 
 
ніп, ежелгі атамекенін мадақтап сағынған күйде болды. 
Халық  тың осы халін жақсы сезініп, түсінген ақылгөй жырау­
лар елдің тілеуқоры ретінде сұлтандарға халық жағдайының 
мүшкіл екенін ашық айтады, сөйтіп әміршілерге жек көрінішті 
болады. Бірақ соған қарамастан жыраулар халық көңіл­күйін 
дәл танып, оның ойын, көңіліндегі үмітін жырлайды, халық 
тілегіне сәйкес бұрынғы, Еділ жағасындағы өмірді дәріптеп
оны қазіргі жағдайға қарсы қояды.
Рас, жыраулардың толғауларында бұрынғы «алтын заман» 
туралы түсінік әлі әлеуметтік сипат ала қоймаған. Бұл шы­
ғармаларда әлеуметтіктен гөрі тұрмыстық, шаруашылық 
мәселелер басым. Ал мұның өзі «алтын заман» туралы ой­
пікірлер мен әңгімелер елдің өз өміріне деген наразылығын 
өткен өмірді әсірелеп көрсету түрінде берілетін әлеуметтік 
утопияның бастапқы жолы ғана
52 
деген тұжырымның дұрыс­
тығын дәлелдесе керек.
Дәріптелген бұрынғы өмір қиналған, күйзеліске түскен ха­
лыққа шынында да «алтын заман», «рахат өмір» болып көрін­
ген. Сондықтан ел сол рахат өмірді аңсаған, соған оралуды 
көксеген, бірақ оны қалай жүзеге асыруға болатынын, қайтіп 
сол «рахат өмірді» қайтадан туғызу керектігін білмеген. Ал 
мұндай жағдайда халық өзінің қиялына сүйенетіні белгілі. 
Өз қиялына ол жақсы өмірді алыстан, тұрған мекенінен басқа 
жақтан іздейді, шұрайлы қоныс бар, сонда бақытты өмір сүруге 
болады деп армандайды. Сөйтіп, шалғайдағы Жерұйық немесе 
Жиделібайсын деген құтты қоныс туралы әр түрлі аңыздар мен 
әпсаналар пайда болады. Бұл әңгімелердің Асан Сәбитұлына 
теліну себебі – елге қадірлі, ақылгөй жыраудың Жәнібекпен 
араздығы болу керек. Оның бұл позициясы халыққа ұнап, 
әпсананы туғызушылар оны халықтың да жоғын жоқтап, мұ­
ңын айтушы қаһарман етіп, ол туралы алуан түрлі аңыздар, 
әңгімелер таратқан. Бұл әпсаналардың кейбіреулерінде Асан­


[
  80  
]
ның Жәнібекке наразылығы да көрініс тапқан
53
. Мысалы, 
мұнда Асан Жәнібек ханды: «Ата­бабалардың салтын бұзып, 
қала салдың, қарадан қатын алдың, зорлықпен құладынға 
аққу алдырдың», – деп сынайды. Кейбір текстерде хан кеме 
жа сатып, елді басқа жаққа күштеп көшіреді, жуандық қылып, 
«қарауындағы қызметшінің сұлу әйелін тартып алады», т.т.
Әпсаналарда Асан өте дәріптеле суреттеледі, тіпті, ол әулие, 
алдағыны болжайтын сәуегей ретінде көрсетіледі... Хан одан 
ылғи ақыл­кеңес сұрап отырады. Мәселен,
 
бір әпсанада былай 
делінеді: Жәнібек хан үш рет үлкен той жасайды да үш ретінде 
де Асанды шақырады. Бірақ Асан үш ретінде де бармайды. Бір 
жағы қапаланып, бір жағы ойға қалған Жәнібек, төртінші рет 
Асанға кісі жұмсап, мынадай сәлем айтып жібереді: «Асанға 
менен үлкен сәлем де, келсін деп айт. Халық күйзеліп отыр. 
Ақылдасу керек. Асансыз халық жағдайын түзету мүмкін емес 
екен»
54
. Осы жолы Асан келеді де, Жәнібекке: «Мен желмаямен 
елге құтты қоныс болатын жер іздеймін. Осы жерде күтіңдер 
мені!»
55
 – дейді. Содан ол он жеті жыл сапар шегеді.
Бұл жерде бір айта кететін нәрсе, сол – әпсананы шыға­
рушылар мен айтушылар Асан бейнесін дәріптей отырып, 
халықтық және халыққа жат нәрселерді, сондай қиындықты 
және арман­қиялды шатастырып алған, ара жігін ашпай бі­
рыңғай баяндаған. Айталық, Жәнібекті «қала салдың, қа­
мал тұрғыздың, кеме жасаттың, қарадан әйел алдың» деп 
кінәлайтын Асан жайындағы әпсаналарда үстем тап санасының 
әсері байқалады. Бұл жағдайды Мұхтар Әуезов жақсы бай­
қаған. «Ал бірақ, осымен қатар, Асан Қайғы жайындағы әңгі­
менің екінші бөлек саналы бір түрлері тағы бар екенін де ескеру 
керек», – деп жазады ол.
«Қазақ фольклорында Асан туралы сондай бір әңгімелер 
және ілесе жүреді. Ол аңыздағы Асан халық мүддесімен 
қаты сатын Асан емес, хан сарайының ақылшы сыншысы, са­
нашылы болған Асан... Мұндағы Асан кертартпа феодалдық 
заңның санашылы болып шығады. Хан мен халық арасындағы 
қайшылықты айтқанда, ол хан жағынын таптық мүддесін 
жоқтап, жақтап сөйлейді...
Бұл фольклор болмысында ғажап хал емес. Үстем тап сана­
сының анық халықтық аңызға қосқан қосымшасы. Халық 


[
 
 81  
]
ортасына аса даңқты, абыройлы болған адам атына хан мен 
билер ортасы өз үгітін, таптық санасын, мүддесін қосып 
әңгімелеп, Асанның тұлғасын өз жағына бұрып айтады»
56
.
Ал енді шындық пен қиялдың араласына келетін болсақ, 
бұл да жалпы фольклорға тән құбылыс. Бұл, әсіресе, әлеу­
меттік­утопиялық әпсанада айқынырақ. Бұған таңдануға 
болмайды, өйткені фольклордың басты шарты – нақты, жүріп 
жатқан тіршілікті емес, осындай болса екен деген, көңілдегі, 
ойдағы шындықты, қалаулы өмірді бейнелеу, сондай­ақ кә­
дімгі, өмірдегі адамды емес, идеалды көрсету. Идеал, И. Кант 
айтқандай, болмыстағы емес, қашанда болуға тиісті деп 
есептелетін құбылыс, яғни идеал – утопия, себебі ол өмір­
де болуы мүмкін емес
57
. Идеалға тек қиял арқылы жетуге 
болады. Мұндай жағдай, әсіресе, фольклорда кең тараған. 
Соның айқын бір көрінісі – әлеуметтік­утопиялық әпсаналар. 
Асанның дәріптеліп, әсірелеуге түсуінің сыры осында. Ел 
арасында ол туралы тек әпсана мен аңыз­әңгімелер ғана емес, 
сонымен қатар күйлер де бар. Оларда да Асан дәріптеліп, 
елдің тағдырын ойлайтын, халықтың қамын жеп қиналатын, 
бақытты да ырысты жер іздеп, шарқ ұратын адам болып 
суреттеледі
58
. Сонда Асан Қайғының іздеген жері – қандай 
жер?! Асан мен әпсананы туғызған халықка ол қандай болып 
көрінеді? Басқаша айтқанда, Асан Қайғы іздейтін құтты 
мекенді әпсана қалай сипаттайды, оның ерекшелігі неде? Ол 
жай шұрайлы жер ме, әлде онда тағы да  басқа қасиеттер бар 
ма? Я болмаса, ол бір елді мекен бе, жоқ, әлде мемлекет пе? 
Онда не бар? Енді осы сұрақтарға жауап іздейік. Бір әпсанада 
былай делінеді: «Асан Қайғы жеті жыл бойы жер іздеді. 
Оның іздегені – ешкім мазаламайтын, ел қорқып­үрікпейтін 
жер еді»
59
. Екінші әпсанада: «Асан Қайғы желмаяға мініп, 
жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай 
шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын 
қоныс іздейді»
60
, – деп айтылады. Енді бір тексте Жерұйық 
былай суреттеледі: «Дүниеде Жерұйық деген бақытты ел бар 
деп естиді Асан Қайғы. Онда жер шұрайлы, су мол екен. Ел 
онда жоқшылықтың, қайғының, қанаудың, жауласудың не 
екенін білмейді. Онда қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды 
екен»
61
.
6­279


[
  82  
]
Көріп отырғанымыз: әпсаналарда ырысты, құтты мекен деп 
шөбі шүйгін, суы мол, қанау мен кедейшілік жоқ, ел тыныш 
тіршілік ететін жерді айтады. Мұнда белгілі бір қоғамның, яғни 
халық өмір кешіп жатқан болмысқа қарсы қойылған немесе 
қоюға болатын, идеал қоғамның сипаты жоқ. Өйткені бұл әп­
саналарда әлеуметтік утопияның алғашқы сатысы көрініс 
тапқан: утопияның бұл түрі бойынша, адам (халық) бақытқа 
өмір сүріп отырған қоғамды өзгерту арқылы емес, сол қоғамнан 
басқа жаққа қашып құтылғанда ғана жете алады. Бақытты 
мекенді дәлдеп суреттемеу, ондағы қоғам, қоғамдық өмір 
жайында ештеңе айтпау – қазақтың утопиялық фольклоры 
үшін әдетті шарт. Мәселен, тіпті, Асан Қайғыға қатыссыз 
шығармаларда бақытты жер былай сипатталады: «Таудың ар 
жағында керемет бір жазира бар, онда алуан түрлі хош иісті 
гүлдер, шөптер, миуалы ағаштар өседі, жердің суы әйнектей 
мөлдір, күмісше жарқырап ағады. Жазира рахат өмірге керек 
нәрсеге толы: хордың қызындай хас сұлулар ән салып, би 
билеп, өзіне тартады, олардың сұлулығы соншалықты – тіпті, 
адам қасынан кеткісі келмейді»
62
.
Міне, мұнда да нақты бір қоғамның моделі жоқ. Бақытқа 
толы жер ғажайып арал болып суреттеледі. Ол аралға жеткен 
кейіпкерлердің көретіні – жаңағы нәрселер. Ғажайыпқа толы 
Барсакелмес аралы да кейіпкерлердің өз жерінен басқа жақта. 
Демек, бұл әпсанада да бақытқа жету үшін, өз ортаңнан қашып, 
құтты қоныс іздеу керек деген идея айтылады. Осындай ба­
қытты арал туралы К.В. Чистов былай дейді:
«Аралға орналасқан бақытты елдің көркем бейнесі көптеген 
халықтың фольклорында кездеседі. Өзінің шығу тегі жағынан 
бұл бейне өлген бабаның жаны басқа бір аралға кетеді деген 
түсінікпен немесе өзара байланысып тұратын екі, үш тағы да 
басқа әлемдер бар деген ұғыммен байланысты болуы ықтимал. 
Әрі қарай даму барысында «арал – басқа әлем» деген түсінік 
кей 
бір жағдайда әлеуметтік­утопиялық әпсаналарға негіз 
болады (Офир, Венета, Туле, Рунольд, Антлантида, т.т.)»
63
.
Осы жерде үлкен мәнісі бар бір нәрсені айта кету керек. 
Ол Асан Қайғы іздейтін Жерұйықтың көне замандағы үш 
әлем (көкте, жерде, жер астында) туралы шамандық ұғыммен 
байланысы. Бұл түсінік бойынша, жер асты – өлілер патшалығы 


[
 
 83  
]
деп саналған. Осыған сәйкес, өлген кісінің жаны (құты) сол 
жаққа барып, рахат табады деп есептелген. Өлілер әлемі, бір 
жағынан, зұлымдық, зиянкестік мекені, екінші жағынан, 
өлген адамның жаны жай табатын жер деп қабылданған. 
Сондықтан Қорқыттың жаны су сағасы – өлілер тұрағына (жер 
астына) кеткен. Кейінгі замандарда ежелгі үш әлем, оның 
ішінде жер асты жұмаққа айналып, оған басқа сипат берілген. 
Мұсылман мифологиясында жұмақтың сипаты фольклордағы 
Жерұйық немесе бақытты арал сияқты. Онда да, яғни жұмақта 
да, адам рахат ғұмыр кешеді. Бірақ қоғам мен сана дамып, 
болмыстың қайшылығы, өмірдің қиындығы өскен сайын, адам 
баласы сол жұмақты енді жер бетінен іздей бастайды, ол рахат 
өмірді өлгеннен кейін емес, тірі кезінде көргісі келеді, сөйтіп, 
алуан түрлі аңыздар, әңгімелер, әпсаналар ойлап шығарады. 
Егер бұрын мифте ша ман зиянкес жындармен соғысып, үш 
әлемді шарласа немесе өлімнен қашып, дүниененің төрт 
бұрышын кезсе, енді кейіпкер (ол көбінесе тарихи адам) 
жұмақты, құтты мекенді, Жерұйықты іздеп, жиһан кезеді. 
Егер мифте ша ман ажалсыз жер таба алмай жердің кіндігі – 
өз отанына оралса, енді әпсананың кейіпкері де іздеген құтты 
қонысын таба алмай, өз мекеніне қайтып келеді. Бірақ мифке 
қарағанда, әпсанада тарихтық сипат, реалдық белгі басым. 
Әпсанада қоғам болмысы, белгілі бір дәуірдің оқиғасы, санасы, 
адамдары көрініс табады. Тіпті, кей жағдайда кейіпкердің 
іздейтін құтты қонысы да реалды топоним болып келеді. 
Айталық, Жиделібайсын.
Жиделібайсын – Өзбекстан ССР­інің Сухан дария облысында. 
Ол құтты қоныстың символы болып Асан Қайғы жайындағы 
әпсанаға кейін, XVIII ғасырда, енген. XVIII ғасырда жоңғар­
лар шапқыншылығының нәтижесінде халық қатты күйзеліске 
түсіп, басқа, бақытты жер іздеу идеясы қай 
та етек алып, 
бұрынғы әпсана жаңадан жырланған еді. Енді бұл әпсаналарда 
құтты қоныс болып, жаудан қашқан бі раз ел барып, көріп 
қайтқан Жиделібайсын, ал жер іздеуші Өте ген батыр болып 
әңгімеленеді. Бірте­бірте, бертін келе Жиделібайсын Асан 
туралы әпсанаға еніп, кейбір текстерде Жерұйықтың орнында 
сол аталып жүреді.


[
  84  
]
Ал Жерұйыққа келетін болсақ, оның жайы басқаша. Геог­
рафияда ондай атау жоқ. Демек, бұл – орыстың «Беловодьесі» 
сияқты көркем образ, символ. «Жерұйық» деген сөздің 
этимологиясын екі түрлі түсіндіруге болады. Айталық, оны 
көне түркі тіліндегі «ыдуқ су­йер» («қасиетті жер­су») сөзімен 
формалық та, семантикалық та жағынан байланыстыруға бо­
лады. Мұндай жағдайда Жерұйық ту ралы әпсананың сюжеті 
өте ерте заманда туған және көне мифпен сабақтас деп айтуға 
негіз бар. Ол сюжеттің Асанға таңылуы – бертінгі дәуірдің 
жемісі. Дәл осы тұста, мүмкін одан да бұрын, «Ыдұқ» сөзі 
«ұйық» болып қалыптасқан да, оған қазақтың «ұйық – тау» 
(«ты ныш табу»), «ұйысу» («бірігу»), «ұйытқы», «ұйып тың­
дау» секілді сөздеріндегі «ұйа» («ұя») түбіріне «жер» сөзін 
қосуы арқылы жасалған. Сонда «Жерұйық» деген сөз «ұя жер» 
(салыстырыңыз: «қасиетті жер­су»), «атамекен», «шыққан 
жер», сондай­ақ «елді біріктіретін, ұйытқы жер» деген мағына 
беруі ғажап емес. Олай болса, қазақтар армандаған жерін 
«Жерұйық» деп атап, оған өздерінің сондай болса екен деген 
тілектерін сыйдырған. Осыған байланысты зерттеуші Е.В. За­
вадскаяның мына бір сөзін еске алуға болады: «Ықпал ету» 
утопиясы ежелден бар, – деп жаза ды ғалым. – Атау процесінде, 
«есімдерді жөндеуде» атаудың түрлендіретін және өзгертетін 
қасиеті бар деген сенім керініс тапқан. Елді «Аспан астындағы», 
«Ортадағы мемлекет» деп атаудың өзі оны ойлағандай ең жақсы 
мемлекет етуге тиіс»
64
. Дәл осындай ұғымды «Күн астындағы 
Күнікей» деген қазақтың атауынан да көруге болады. Күннің 
астындағы елде тұрған соң ол қыз міндетті түрде күндей сұлу 
болуы керек те, Күнікей аталуы тиіс.
Сонымен, Асан Қайғы Жерұйықты іздеп елінен шығады. 
Сонда ол құтты қонысты қай жақтан және неше жыл іздейді? 
Осы саяхат кезінде ол қандай оқиғаларды бастан кешіреді – 
міне, осы мәселелерді қарастырып көрелік.
Әпсаналардың айтуынша, Асан Қайғы Жерұйықты ұзақ 
іздейді, бірде жеті жыл, бірде он жеті жыл, тіпті, кейбір 
варианттарда өмір бойы. Ол құтты қоныс таңдап Қазақ­
станның барлық жерін аралайды, бірақ бірде­бір жер оны қа­
нағаттандырмайды. Қайда барса да, сол жерден кемшілік 
тауып, ол жерде неге тұруға болмайтынын түсіндіріп отырады. 
Осы Асанның жерге айтқан сындары әпсана сюжетін дамытып 


[
 
 85  
]
отырады: бір жерді ұнатпаған Асан тағы да басқа жаққа жол 
тартады, сөйтіп, әңгіме жалғаса береді...
Мысалы, әпсанада былайша баяндалады: «Жүрген жерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет