Қорқыт туралы аңыздаулардан өзгеше. Өлмес су іздеп
Зұлмат
қа барған Ескендір хақындағы хикаяттар көркемдігі жоғары
дамыған жанрға жатады және идеялықэстетикалық қызмет
атқарады. Сол себепті де кейбір зерттеушілер бұл хикаяттарды
новеллалық ертегі мен тәмсілдің
аралығындағы нұсқа деп
есептейді
6
.
Ал өлімнен қашқан Қорқыт туралы аңыздауларға келе тін
болсақ, олар семантикалық мазмұны мен сюжеттіккомпози
циялық құрылымына қарағанда, таза көркем туындылар бола
алмайды. Өте кеш хатқа түскеніне қарамастан, оларда әлі
күнге дейін алғашқы қауымға тән мифологиялық ойсананың,
творчествоның ізі байқалады. Дәлірек айтқанда, шаманның
[
60
]
(немесе неофиттің), тотемнің, бабаның, зиянды жынның жанын
іздеген басқа әлемге сапары, я болмаса ғарышты шарлағаны
туралы көне мифтің сұлбасы айқын сезіледі
7
.
Бұл сөзімді қуаттайтын тағы бір нәрсе – кейінгі замандар
ша ңынан да көрініп тұратын әлемнің құрылысы туралы ми
фологиялық түсініктердің белгісі мен архаикалық мифтегі
жасампаз қаһарманның кейбір қасиеттерін бойына сіңірген
Қорқыттың өз образы.
Қазақ аңыздарындағы Қорқыт, мифтегі шаман мен неофит
сияқты, дүниенің төрт бұрышын шарлап, ақыр аяғында
өз мекеніне, Сырдария жағасына оралады. Бірақ мұндағы
саяхат басқа себептерге байланысты жасалады: өлімнен құ
тылу үшін. Бұл себеп кейінгі дәуір адамдарының өмір мен
өлім туралы түсініктері негізінде қалыптасқан. Яғни, егер
алғашқы қауым адамдары өлімді адамның басқа әлемдегі
өмірі, осы өмірдің жалғасы деп санаса, кейінгі заман адамдары
өлім адам өмірінің жалғасы емес екенін сезе бастап, осы
түсінігін фольклорға енгізген. Одан бертінгі кезеңде адамның
өлмеуінің амалын іздеп, жер жүзін шарлауы – тәңірге, құдайға
қарсылық ету сипатында қабылданады. Мұны құлиеленуші
және феодалдық қоғамдар фольклорынан көруге болады. Ал
қазақ фольклорындағы Қорқыттың саяхаты – құлиеленуші
қоғамның эпосынан да, феодализм дәуірінің ертегісінен де
көне, яғни архаикалық мифтен кейінгі ста
дия және одан
кейінгі дәуірлердің фольклорына апаратын саты.
Қазақ аңыздарында Қорқыт өлімнен қашып, бүкіл кос
мосты аралайды. Мысалы, ең алғаш хатқа түскен тексте былай
делінген: «Түсінен шошынған Хорхут ажалдан құтылу үшін
ертеңінде дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы
түсті тағы көреді. Таң атысымен ол тағы да жолға шығады.
Не керек, әулие осылайша түсінен шошып, дүниенің төрт
бұрышын түгел аралап шығады. Не істерін білмей түңілген
ол жердің ортасына бармақ болады. Айтылды – бітті. Жердің
ортасы Сырдың жағасы екен, қазірде Хорхуттың моласы
тұрған жерде екен»
8
.
Ал 1899 жылы жарық көрген әңгімеде бұл жағдай былайша
баяндалады: «Хорхут ертемен өзінің желмаясына мініп
[
61
]
алып, дүниенің бір бұрышына – батысқа (мағрибқа) сапар
шегеді. Ондағы үміті – өлімнен құтылу. Хорхут желмаясын
кері бұрып, дүниенің басқа бұрышына – жүнібке тартады.
...Хорхут желмаясын дүниенің үшінші бұрышына – шығысқа
(машриққа) бұрады... Онан шығып, дүниенің төртінші
бұрышына – солтүстікке (шамалға) бет бұрады. Онда да сол
өзіне мола қазып жатқан кісіге ұшырасады.
Енді оған жоғарыдан мынадай хабар келеді: «Кері қайт,
ақымақ, өзің шыққан жерге бар, егер де менен құтылам десең!
Сол жерде мәңгілікке тыныш табасың! Өзің бұрын тұрған
мекенің – дәл жердің ортасы, басқа жерден гөрі сонда саған
жақсы болады...»
Сонымен Хорхут бұрынғы жеріне, Сырдарияның жағасына
оралуға мәжбүр болады. Сол жерде әзірейілге өз еркімен жанын
берді»
9
.
Бізге мәлім деректердің бәрінде де осылай: Қорқыт өлімнен
қашып, дүниенің төрт бұрышын шарлайды, бірақ құтыла
ал масын білген соң жердің ортасы деп Сырдарияға қайтып
келеді
10
.
Міне, осы дүниенің төрт бұрышын шарлау, жердің ортасы
болуы, оның Сырдарияда орналасуы, кейіпкердің осы жер
орта сына келуі және Сырдарияда тыныштық табуы, судың ор
тасында ұзақ уақыт өмір сүруі, оның тұңғыш қобыз жасауы,
күй тартуы – осының бәрі ежелгі рулық қауым адамдарының
Космос төрт бұрышты болады, оның ортасы болады, сондай
ақ Космос үлкен өзен түрінде болады, өзен бірнеше әлемді
біріктіріп тұрады және өлімнің біраз нәрсесін, өмір салтын
жасампаз қаһарман жасап, қалыптастырған деген өте көне ми
фологиялық дүниетанымы мен түсініктерінің қалдықтары,
бұлыңғыр іздері.
Мифтердің поэтикасын зерттеген ғалым Е.М. Мелетинский
былай деп жазады: «Тегіс жатқан горизонтальдық космос
мо делінде әдетте ортамен байланысы бар төрт бұрышқа яки
дүниенің төрт жағына орналасқан төрт (кейде сегіз) баға
на, діңгек, немесе ағаш болады (полинезиялықтардың, сібір
ліктердің, америкалықтардың, африкалықтардың, үнділердің,
т.б. мифтерінде).
[
62
]
Төрт бұрышты горизонтальды Космос моделі Кассирер
айт қан әлемнің құрылысына меңзейді. Осы модель көне кос
могониялық мифтерден келе жатқан жер әлемдік мұхиттан (су
хаосынан) көтеріліп шыққан, сол себепті ол барлық жағынан
сумен қоршаулы деген түсінікке жалғасады.
Соған қоса, әлемнің әр тұсына сәйкестенген горизонтальдық
бағыт белгілі бір жолдармен вертикальды Космос моделімен
бай
ланысады да, солтүстік (кейде шығыста) – төменді, ал
оңтүстік – жоғарыны білдіреді
11
».
Мұндай жағдайда төрт бұрышты Космостың ортасы – кіндігі
(жер кіндігі) болады. Ол Қорқыт жайындағы миф бойынша,
Сырдария болып табылады. Ал өзгеріске аз ұшыраған архаи
калық мифтерде жердің кіндігі болып Хаостың реттелген
Кос
мосқа айналуы барысында әлемдік мұхиттан бөлініп
(көтеріліп) шыққан алғашқы төмпешік есептеледі. Осы орайда
Г. Потаниннің Қорқытқа байланысты айтқан мына сөзін кел
тіруге болады: «Осы әпсанахикаяттың, – деп жазады ол, –
негізінде бір факт (мүмкін астрономиялық) жатуы ықтимал.
Онымен жердің немесе мұхиттың ортасы (жердің кіндігі)
туралы, сондайақ қозғалмайтын табыт туралы түсініктердің
байланысы болуы мүмкін»
12
. Өлімнен қашқан сюжеттің өте
кең тарағаны жайында айта келіп, Г. Потанин бұл сюжетке
бас қа да қырынан қарайды. Ол көп халықтың фольклорында
кездесетін кейіпкерлердің табытқа ұшырасуын аталмыш
сюжетке параллель деп санайды. Мысалы, ол былай деп
жазады: «Святогор өзіне өлшеу үшін табыттың ішіне жа тады,
сол кезде табыт мүлде жабылып қалады... Ақкөбелек қазылып
қойған көрге тап болады, көрге сауытын тастаса дәлмедәл
келеді. Көр өзіне қазылғанын көріп, ол көрге өзі түсіп жатады
да, ел оны көміп тастайды... Күні бұрын қазылып қойған көр
туралы әпсанахикаят қазақтарда Хорхутқа байланысты ай
тылады. Кейбір тұста ол – әулие, енді бірде – бірінші ша
ман»
13
. Демек, адамның лажсыздығы мен өмір үшін ажалға
қарсы күресі – өте кең тараған тақырып екенін, бірақ оның
әр халықтың әлеуметтікмәдени өміріне сәйкес өзгергенін
және сол тұрғыдан пайдаланып, бағаланғанын көреміз. Бұл
тақырып қазақ фольклорында ең алғаш шамандық тұрғыда
әңгімеленген. Сондықтан да Қорқыт жайында аңыздауларда
[
63
]
мұсылманнан бұрынғы, тіпті, алғашқы рулық қауымның
мифологиялық сипаттары көп ұшырысады. Осыған дәлел –
жоғарыда айтылған космостық мифтік түсініктердің сақталуы.
Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Өлімнен қашудың
Достарыңызбен бөлісу: |