[
143
]
беретіндігі. Бұл – тұтастанудың алғышарты. Екінші, батыр
дың туғаннан бастап, өлгеніне дейінгі аралықтағы (балалық
шағы, үйлену, алғашқы сапары) ісәрекеттері
жырда толық
айтылып, мұны өмірбаяндық тұтастықта айтатындығы...
Үшінші, батырдан батыр туады, ол да ата жолын қуады.
Алғашқы бабасы қалай батыр болып туса, одан туған немере
шөберелері бірбірінен асып түскен батыр болып суреттеледі.
Мұны ғылым тілінде генеалогиялық (ұрпақтық) тұтастану деп
айтады...
Төртінші, бас батырға бірнеше батырлар шексіз бағынса,
мұны бір орталыққа тұтастану деп атаймыз. Тұтастанудың
төртінші түрі – қазақ эпосында жоғары дәрежеде дамымаған»
8
.
Ғалымның соңғы пікіріне қосылуға болмайды, себебі ол
кісінің өзі «орталық тұтастану» деп атаған құбылыс «қазақ
эпосында жоғары дамымаған» деуге еш негіз жоқ.
Орыстың
Владимир князіне бағынған Илья Муромец, Алеша Попович,
Добрыня Никитич, сондайақ Манастың қырық чорасы тәрізді
бір батыр мен бір әмірші төңірегіне топталған батырлар мен
олар туралы жырлар қазақта да бар. Мұны «Қырымның қырық
батырынан», әсіресе – Абылай ханның Бөгенбай,
Қабанбай,
Олжабай батырларынан айқын көруге болады. Бұлардың
бәрі – Абылай төңірегіне топтасқан батырлар. Олардың
әрқайсысы туралы жекелеген өлеңжырлар да бар. Демек,
қазақ эпосында тұтастанудың төртінші түрі де қалыптасқан
деп айтуға болады. Осы ретте Сұлтанғали Садырбаевтың мына
сөзіне көңіл аударуға болады.
«Ауыз әдебиеті қай елде ерте дамып, бұрынырақ шарықтау
шегіне жетсе, сол елдің эпикалық поэзиясында тұтастану
процесі пайда болса керек»
9
, – деп жазады ол. Ғалымның
бұл
пікірімен де келісе қою қиын, өйткені тұтастану процесі
фольклордың көне түрінде де кездеседі. Бұл жерде акцент
басқаша болуға керек. Әңгіме тұтастану құбылысы қай
дәуірде пайда болғандығы туралы емес, фольклордың қоғам
дағы рөлі мен қызметіне байланысты болса керек. Яғни фоль
клордың таза танымдықтан гөрі көркемдік функциясы, қай
елдің әдебиеті өнер қызметін,
яғни эстетикалық функция
атқаратындығы есепке алынуы қажет сияқты. Бір ескерілетін
жағдай – қоғамдық дамудың әр дәуіріндегі фольклордың
[
144
]
тұтастануы әр түрлі болып келеді. Айталық, тайпалық дәуір
фольклорында ғұмырнамалық және шежірелік тұтастану
орын тепсе, феодалдық қоғам фольклорында олармен қатар бір
орталыққа тұтастану мен тарихи циклдену пайда болады.
Бұл айтылғандардан «қазақ фольклорында тұтастанудың
қандай түрлері кездеседі?» – деген заңды сұрақ туа ды. Біз
дің
ойымызша, қазақ фольклорында (біз жалғыз эпоспен
шектелмейміз) тұтастанудың алты түрі бар:
10
сюжеттік, ғұмыр
намалық, шежірелік, тарихи, орталықтық («Отандық» десе
де болады) және географиялық. Енді осылардың әрқайсысын
жеке қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: