Перзентсіз ата-ана. Ғылымда болашақ батырдың атаанасы
қалай перзентті болғаны туралы баяндауды кейде мотив,
кейде сюжет деп атайды. Егер сюжет – жекелеген мотивтің
жиынтығы (А. Веселовский) екенін ескерсек, перзентсіз ата
ана туралы әңгіме жеке болмай, көбінекөп батырдың керемет
боп туатыны жөніндегі сюжеттің құрамында жүретіні бізге бұл
эпизодты «перзентсіз атаана мотиві» деуге негіз бола алатын
тәрізді
24
.
[
160
]
Айтылмыш мотив, әдетте, ертегілерде және жырларда
кездеседі де, кейіпкерді дәріптеу үшін қолданылады. Айталық,
болашақ батырдың елден ерекше болатынын осы атаанасының
Құдайдан, әулиеден перзент сұрайтынынан неме се анасының
өте күшті аңның етіне, бауырына, жүрегіне жерік болуынанақ
күні бұрын білуге болады. Оның үстіне ол баланың атаанасы
қартайған, баяғыда бала көтеруден қалған кемпір мен шал
болуы да дүниеге келер нәрестенің осал болмайтынын көрсетеді
емес пе? Екінші жағынан, төрт түлігі сай қариялардың «қубас»
атанып, елден безуі, таутасты кезуі – жырдың эмоциялық
әсерін күшейтпей ме, тыңдаушының психологиясына, көңіл
күйіне ықпал жасап, бала үшін зар илеген кәрілерге деген
аянышты сезім тудырып, сол арқылы ғаріп болған жандарға
рахымды болуға тәрбиелемей ме? Мысалға «Қыдырбайұлы
Қобыландыны» алайық. Ақшахан деген хан баласы жоқ Қы
дырбайды өлтіріп, малын, әйелін тартып алғысы келеді. Мұны
естіген Қыдырбай ханның бұлай қорлағанына шыдай алмай,
тентіреп кетеді. Енді жырдың өзін тыңдап көрелік:
Қыдырбай байғұс жол жүрді,
Қаңғырумен көп жүрді.
Басын сүйер жерлері
Далада жатқан тас болды.
Ақшахан сондай қаңғыртып,
Қыдырбаймен қас болды.
Қаңғырудың бойында
Жетпіс күндей жол жүрді.
Толып жатқан көп мола,
Моланы көріп Қыдырбай
Жетіп келді қасына.
Демалайын енді деп,
Құдай тілек берді деп,
Бір моланың қасына
Жата кетті Қыдырбай,
Көзі ілініп кеткенде,
Бір адам келді қасына.
«Аршыланың мен, – деді, –
Басыңды көтер сен, – деді. –
[
161
]
Сіздің үшін тілеуге
Аллаға бардым мен, – деді.
Алла берді тілегің,
Ұл менен қыз туады
Үйге барсаң қатының.
Ноғайлы атын қояды,
Енді елге хан болдың,
Тілегің қабыл жан болдың.
Жатпа мұнда сен», – деді,
Хабар бердім мен» – деді.
27
Айтқандайақ, Қыдырбайдың кемпірі көп ұзамай жүкті
болып, жыланның басына жерік болады. Сөйтіп дүниеге
Қобыланды атты ұл менен Хансұлу атты қыз келеді.
Міне, осындай Құдайдан тілеп алған, жыланның басына
жерігі қанғаннан пайда болған бала елден ерекше болатыны
бірден айқын сезіледі және ол солай болады да: төрт жасында
жігіт болған ол тұңғыш ерлігін көрсетеді – шіреніп атқан
жебесі қара тасты қақ бөледі. Бұл ерлік – ғұмырнамалық
тұтастанудың кезекті бір бөлшегі.
Бірінші ерлік. Әдетте, батырлық ертегі мен эпоста керемет
жағдайда туған бала жылдам өсіп, өте күшті, әрі ақылды болып
шығады. Оның ерен қайраты мен даналығы ерте байқалады.
Көп жағдайда ол ә дегеннен шайқасқа қатыспайды. Керісінше,
оның күші құрдастарымен ойнап немесе күресіп жүргенде
білінеді. Кейде батырдың алыптығы оның жас кезінде аса
қауіпті мақұлықпен я болмаса жабайы аңмен алысқанда көрі
неді. Мысал ретінде Оғыз жырларындағы, дәлірек айтқанда,
Қорқыт ата кітабындағы асау бұқаны өлтіретін Бұқашты,
өзінің құрдастарын түгел жығып салып, төбесіне шығып
алатын Едігені, бір кемпірдің баласын шекесінен шертіп,
байқамай өлтіріп қоятын Қозыны, т.б. батырларды айтуға
болады. Мәселен, осындай алғашқы ерліктің бір үлгісін
Алпамыс батыр былай көрсетеді: «Сол уақыттарда Алпамыс он
жасқа толып, Жиделібайсын жеріне, қалың Қоңырат еліне бек
болып, жұрт сұрап тұрды. Ойнап жүріп ұрған баласы өліп қала
беретін болды. Жұрт баласын шығармай үйінде сақтады.
11279
[
162
]
Бір күндері Алпамыс ойнауға бала таба алмай жалаңдап келе
жатып, бір өрмек құрып отырған кемпірдің ұйықтап жатқан
баласын көріп: «Ей, бала, тұр, ойнаймыз», – деп түртіп қалса,
бала ұрғанын көтере алмай өліп қалды»
26
.
Мұндай «ойындарды» ғылымда «батырлық ойындар» немесе
«бірінші ерліктер» дейді. Батырдың алғашқы қаһармандығы
ерте жаста көрінгендіктен, ол жауға қарсы шайқас емес,
негізінен, күш сынасу, кейде аңмен алысу түрінде болып
келеді. Тек осы бірінші ерлікті немесе «батырлық ойындарды»
көрсеткеннен кейін ғана батырға үйлену құқы беріледі. Яғни
ғұмырнамалық тұтастанудың ендігі кезеңі баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |