Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет68/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Патша құдай, сыйындым, 
Тура баста өзіңе. 
Жау жағадан алғанда
Жан көрінбес көзіме.
Немесе:
Я, Құдай, бере көр, 
Тілеген тілекті.
Қорқытпай орнықтыр 
Шошыған жүректі.
Абай інісі мен баласына шығарған жоқтауларында ежелден 
келе жатқан дәстүрді бұзбай, фольклорлық жоқтаудың заң­


[
  250  
]
дылықтарын сақтаған. Әсіресе, оның Оспанға шығарған үш 
жоқтауының екеуі, Әбдірахманға арнаған сегіз жоқтауы ның 
төртеуі фольклор поэтикасына негізделіп жазылған. Мы­
салы, «Әбдірахман өлгенде» деген жоқтаулары әдеттегі халық 
поэзиясындағы жоқтауға ұқсас: алдымен марқұмның арғы 
атасы жайлы, онан соң өзі туралы баяндай келіп, аяғында 
дәстүр бойынша жұбату сөзін де айтады:
Олар да тірі қалған жоқ
Тірлік арты өлмек-ті. 
Оны да алды бұл өлім, 
Сабырлық қылсақ керек-ті.
Фольклорлық жоқтаудың сипаты, әсіресе, «Баласы өлген 
анаға Абай шығарып берген жоқтауда» айқын сезіледі: 
Ата тегі мұндағы – 
Орта жүздің ұлығы. 
Ана тегі ондағы – 
Өзен судың тұнығы. 
Екі асылдан қосылған 
Сом алтынның сынығы. 
Өлгенше естен қалмайды 
Өзгеше біткен қылығы. 
Қызыл балақ қыранның 
Балапанын дерт алды. 
Жеміс ағаш бәйтерек 
Балдырғанын өрт алды. 
Артына белгі тастамай, 
Жал-құйрығын келте алды. 
Ағайынды тойғызбай, 
Аз күн қоймай, ерте алды...
Абайдың айтыс түрінде жазған өлеңдері де бар. Оның 
«Жі гіт сөзі» мен «Қыз сөзі» – осындай шығармалар. «Бұл 
өлеңдерде, – деп жазады Мұхтар Әуезов, – ішкі сырларын сәлем 
хатпен, делдал арқылы айтысып отырған жастар көрінеді... 
Бұл өлеңдердегі асықтар – қазақтың анық Абай тұсындағы 
ауыл жастары. Солардың ішінде құда мен құдаша, бозбала 


[
 
 251  
]
мен бикеш сәлемдемесі. Екеуі де жалын жеңістерін анық­ақ 
ынтық­ынтық сезіммен айтпақ болады. Сол көңіл талаптарына 
арналған нелер шебер теңеулерді ақын табады және тапқанда 
қазақ халқының өз тірлігіндегі, өз табиғатындағы болмыстан
натурадан мысалдар алады»
5
.
Осы орайда арнайы айтатын нәрсе – Мұхтар Әуезовтің 
бұл өлеңдерде дәстүр белгісінің болуын қазақ болмысымен 
байланысты деп түсіндіруі. Жазушы­ғалымның бұл пікірі, 
біздің ойымызша, кеңірек мағынаға ие. Мұнда байқалаты­
ны – ұлы Абай фольклорлық поэтикаға көп жағдайда қазақтың 
өз топырағына байланысты жайттарды айтқанда көңіл 
бөледі, ал жалпы адамзатық немесе өзге жұрттардың өміріне 
қатысты мәселені сөз қылғанда, фольклорлық сюжетті ғана 
пайдаланады да, поэтика саласында өзіндік, соны, тың жолмен 
кетеді. Бірақ, бұдан Абай қазақ өміріне байланысты сюжеттерді 
өз шығармаларына арқау етпеген деген ұғым тумауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет