Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет76/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Түйін
Қазақ әдебиеті тарихында Абайға дейін ешкім фольк лорды 
мақсатты түрде пайдаланған емес. Бұрынғы поэзиямызда 
сюжетті шығармалар тек қана эпоста болатын. Батырлар жыры 
мен ғашықтық дастандар, тарихи өлең­жырлар белгілі бір 
сюжет бойынша құрылып, шытырман оқиғаны суреттейтін. 
Ал жырауларымыз бен ақындарымыз толғау айтатын да, 
өз шығармаларында оқиғалы сюжетті жырламайтын. Олар 
көбінесе хан сарайында, ханның қасында бо лып, әміршісіне 
кеңес беріп, мақтау айтып, кей тұстарда мемлекеттік маңызы 
бар проблемаларды сөз ететін. Демек, ақын­жыраулар тұсында, 


[
  278  
]
яғни ХV­ХІІІ ғасырларда, әдебиет әміршіге, сол арқылы ме­
лекетке қызмет етті, ол өз кезінің идеологиясы іспетті болды.
Ал Абай үшін әдебиет – идеология емес, ресми саясаттан 
аулақ тұрған өнер. Ұлы ақын әдебиеттің басты міндеті адамды 
дәріптеу, адамды эстетикалық сезімге бөлеу, сөйтіп оны жан­
жақты дамытып, толық адам дәрежесіне жеткізу деп санаған. 
Сондықтан да ол өз шығармашылығында туған халқының 
рухани байлығын молынан пайдаланған және онымен 
шектелмей, бүкіл адамзаттың игілікті мұрасын да арқау еткен. 
Соның арқасында Абайдың поэзиясы мен қара сөздері жалпы 
адамзаттық мәнге ие.
Абай қазақ әдебиетін мүлде жаңа сапаға, биік деңгейге кө­
терді. Осы жолда фольклордың рөлі аз болған жоқ. Кейбір 
зерттеушілер «Абай шығармашылығында фольклор элемент­
тері бар» дегенді ұлы ақынды төмендету деп қабылдайды, 
оған нұқсан келетіндей көреді. Алайда, бұл олай емес. 
Әлем әдебиетіндегі классиктердің қай­қайсысы болса да 
фольклордан аттап кетпеген, одан үйренген, оған арқа сүйеген, 
оны шығармашылықпен пайдаланып, өз өнерлеріне арқау 
еткен. Абай да солай. Ол ежелгі фольклорлық жанрларды 
да, фольклор поэтикасын да, ертегілік сюжеттерді де, мақал­
мәтелдерді де жатсынбай, зор шеберлікпен пайдаланған. Өз 
поэмаларын фольклорлық сюжет негізінде жазуы кездейсоқ 
емес. Абай жаңа әдебиетке жаңа жанр, жаңа әдіс керек екенін 
біліп, реалистік сипаттағы әдебиет үшін қажетті панорамалы 
дүние туғызған. Фольклорлық утопия мен романтикалық 
сарындағы сюжеттерді реалистік поэма етіп жазған Абай 
сонымен қатар романтизмге тән алыстағы елдер туралы 
баяндап, шәкірттеріне жол көрсетті, сөйтіп қазақ әдебиетінде 
реализммен бірге романтизмге де жол ашты (Мағауия мен 
Ақылбайдың «Зұлыс», «Медғат – Қасым», «Дағыстан» сияқты 
шығармаларын еске алуға болады).
Абай фольклорға ақын есебінде ғана емес, сондай­ақ ойшыл 
зерттеуші ретінде де барған. Өзінің көркем поэзиясында ол, 
негізінен, фольклорлық сюжет пен поэтиканы пайдаланса, кара 
сөзінде фольклорды тарихи­қоғамдық тұрғыдан қарастырып 
талдайды. Оның кейбір қазақ мақалдары мен мәтелдерін талдау 


[
 
 279  
]
принципі, зерттеу аспектісі ақынның өлеңдерінде көтерген 
проблемаларымен үндесіп жатады: қалай да адамды түзеу, сол 
арқылы қоғамды жөндеу. Ал, мұның өзі, бір жағынан, халық 
утопиясына апарса, екінші жағынан, ислам дінінің иманды 
адам, жақсы қоғам туралы, хақ жолы жөніндегі түсінікпен де 
байланысып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет