Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет17/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   369
К. Маркс
пен 
Ф. Энгельс
шешті. Ф. Энгельс өзінің 
“Маймылдың адамға айналу үрдісіндегі еңбектің рөлі” атты еңбегінде 
(1896) адамның қалыптасуының шешуші шарты еңбек құралдарын 
пайдалану болғанын, соның арқасында маймылдар үйірі адамдар 
қоғамына айналғанын, “адамды адам еткен еңбек” екенін дәлелдеді. 
Адамның пайда болуы туралы еңбек теориясы деп аталған Энгельстің 
бұл теориясы қазіргі кездегі озат ғылымның негізін қалады.
Дарвин ілімі мен Энгельстің еңбек теориясы анатомияның алдын 
жарықтандырып, оған жаңа міндеттер қойды: мақсатты бағытта өзгерту 
үшін адам организмінің құрылысын сипаттап және түсіндіріп қана 
қоймай, оның қалыптасу заңдылықтарын зерттеп ашу. Отандық озат 
анатомияның ең тәуір дәстүрлерін дамытушы кейінгі оқымыстылар, 
бұл міндеттерді ойдағыдай шешуге белсенді ат салысуда.
Ресейдегі анатомияның дамуы.
Феодалдық Ресейде жеке 
медицина мектебі болмады да, медицина монастырларда дамыды, дін 
иелері олардың жанынан ауруханалар ашты (монастырлық медицина).
XVII ғасырда медицина басқармасы - Аптекарлық приказ, ал оның 
жанынан 1654 жылы бірінші медицина мектебі құрылды. Анатомия бұл 
мектепте бұрын аталып көрсетілген Везалийдің “Адам денесінің 
құрылысы туралы” атты құралымен оқытылды.
XVIII ғасырдың басында Ресейде 
I Петрдің
дәуірі басталды. 
I Петрдің өзі анатомиямен әуестенді, ол оны Голландияга барған 
сапарларында атақты анатом Рюйштан оқып-үйренді. Осы анатомнан ол 
анатомиялык препараттар коллекциясын алды, бұлар I Петр жарлығы 
бойынша жиналған зағиптармен (“монстырлармен”) бірге Петербургте 
тұңғыш жаратылыс-ғылыми музей - “Табиғи заттар кунсткамерасын” 
(табиғи сирек заттар музейін) ашуға негіз болды. Бұл препараттардын 
біразы қазірге дейін сақталуда.
1725 жылы Ресейде Ғылым академиясы құрылып, онда анато- 
мияның дамуына берік іргетас қаланды.
Ғылым академиясында данышпан орыс ғалымы әрі Ресейдегі 
жаратылыстанудың негізін салушы 
М. В. Ломоносов
жүмыс істеді, ол 
материалист болғандықтан, анатомияны бақылау жасау аркылы 
зерттеуді насихаттап, сол аркылы оның даму болашағын дүрыс 
көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет