Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет53/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

-
 
жеке білім беру бағдарламасын игеруде барлық мемлекеттік және 
мемлекеттік емес ұйымдардың білім беру құрылымдарын негізге 
алады; 
-
 
ата-аналарға арналған оқытудың арнаулы бағдарламаларын 
жасақтау және оларды коррекциялық-оқытудың процесіне енгізу; 
-
 
медицина, психология, әлеуметтік-тұрмыстық оқыту, педагогика 
ғылымдарымен бірлесе отырып оқыту мен тәрбиелеудің, әлеуметтенудің 
біртұтас формасын құруды қамтамасыз ету; 
-
 
оқытудың ақпараттық формалары мен әлеуметтену жағдайларын 
құруға бағытталған жүйені дамыту; 
-
 
арнаулы 
білім 
беру 
жүйесіндегі 
жаңа 
педагогикалық 
технологияларды жасақтау; 
-
 
баланың қоғамдық-педагогикалық бастамасын қолдау. 
Еліміздегі медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың 
құрылуы арнаулы білім беру жүйесінің дамуын анықтап, мүмкіндігі 
шектеулі балаларды отбасы жағдайында кешенді түрде қалыптастырудың 
моделін құруға, отбасы мүшелерінің реабилитациялық орталықтардың 
белсенді мүшесі болуына ықпал етеді. 
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың атқаратын 
қызметінің тиімділігін көрсететін негізгі өлшемдер мыналар: 
-
 
ата-аналар, педагогтар мен балалар тарапынан патронаттық 
қызмет түрлерінің қажеттілігі; 
-
 
білікті мамандар көрсете білетін қызмет түрлерінің көбеюі; 
-
 
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатарындағы дамуға қабілетті 
мүгедектердің санының артуы; 
-
 
отбасы ішілік қатынастардың қалыпқа түсуі; 
-
 
құзіреттіліктің педагогтар арасында ғана емес ата-аналар 
арасында да артуы. 
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық 
патронаждың 
маңызды 
көрсеткіші ерте диагностика мен ерте көмек көрсету болып табылады. 
1993 жылы 20 желтоқсандағы БҰҰ Ассамблеясының қабылдаған 
Мүгедектердің тең құқығын қорғаудың Стандартты ережесінде 
мүгедектіктің алдын алу жұмыстарының маңызды бөлімдері көрсетілген. 


135 
Мүгедектің алдын алу мен оны болдырмау жағдайларын ескерту 
жұмысы дене, психикалық кемшіліктерді кешенді түрде түзету мен алдын 
алу, оны емдеу, бірінші кемшілікті екінші кемшілікке жеткізбеу 
жұмыстарының біртұтастығы негізінде орындалады. 
Мүгедектіктің алдын алу жұмыстары медициналық сипатта ғана емес 
жүктілік кезіндегі, босанғаннан кейінгі уақыттағы баланың ерте даму 
кезіндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету нәтижесінде 
қарастырылуы тиіс. 
Ерте диагностикалау мен ерте педагогикалық көмек көрсету 
жұмыстары өзінің өзектілігін елімізде ғана емес, барлық мемлекеттер 
сияқты уақыт пен қоғамның талабынан туындап отырған жалпы ұлттық 
проблема ретінде көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта барлық әлем бойынша 
мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте диагностикалау мен оларға ерте 
педагогикалық көмек көрсету жұмыстарының бағдарламалары құрылып
тәжірибеге енгізілуде. Бұл бағдарламалардың теориялық базасын ойлау 
операцияларының белсенділігін арттыруды зерттеген белгілі психолог 
Л.С. Выготскийдің құрған еңбектері болып отыр. Бірінші кемшіліктің 
алдын алу жолдарын жүзеге асырудағы «дамудың жақын аймағы» түсінігі 
туралы теориялар, дамудағы екінші кемшілікті болдырмау жолдары мен 
әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуді реттеуге көмектеседі. 
Қазіргі уақыттағы белгілі ерте көмек көрсету бағдарламаларын атап 
айтсақ, нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балалардың дамуын тексеруге 
арналған Коннектикутты тест, туылғаннан 5 жасқа дейінгі балаларды 
оқытуға арналған Каролиндік оқу жоспары, Ерте оқытуға арналған 
Гаваялық профиль, Мюнхендік функционалдық диагностика, Ерте көмек 
көрсетуге арналған «Тандем» (Голландия) бағдарламасы, мүмкіндігі 
шектеулі ерте жастағы балаларды дамытуға арналған «Маккуэри» 
(Австралия) бағдарламасы соңғы төртінші жүз жылдықтағы зерттеушілер 
мен педагогтардың дамыта оқыту бағдарламаларының қатарына еніп 
отыр. 
Біздің елімізде өзекті мәселеге айналып отырған проблемалар әлі де 
даму кезеңінде болса, шет мемлекеттердегі осы бағыттың дамуы 
жеткілікті түрдегі ғылыми-тәжірибелердің жинағымен танымал. Шет 
мемлекеттердегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруі мен 
қоғамдағы орны олардың дене немесе психикалық кемшіліктеріне 
қарамастан ерте диагностикалау мен ерте педагогикалық жұмыстардың 
нәтижесінде дамудың жаңа кезеңіне, интеграция процесіне қосылуларына 
толық мүмкіндік жасалуда. Шет мемлекеттердегі ғылыми-теориялық 
зерттеулердің қорытындысы салыстырмалы түрде отбасында мүмкіндігі 
шектеулі тұлғалардың жалпы дамуына жүйелі ерте педагогикалық көмек 
көрсету жұмыстары бала дамуының сапасын ғана арттырып қоймай, 
қоғамның белсенді мүшесі болуына ықпал ететінін көрсетіп отыр. 


136 
Елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте диагностикалау мен 
көмек көрсетуге бағытталған психологиялық-медициналық-әлеуметтік 
оңалту орталықтар, коррекция кабинеттері және психологиялық-
медициналық-педагогикалық кеңес беру үйымдары өз жұмысының 
негізіне 
аладыАталған 
бағдарламалармен 
қоса, 
қазақстандық 
зерттеушілердің, атап айтсақ Р.А. Сулейменова, Б.С.Халыкова, А.К. 
Ерсарина, А.К.Жалмухамедованың ғылыми-тәжірибелік енбектерің. 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балаларға ерте 
педагогикалық-түзетушілік көмек көрсетуге байланысты бірқатар 
құжаттар қабылданып, жүзеге асырылуда. 
Ерте қолға алу (ерте қолдау
) – психикалық-дене бұзылыстары 
скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, 
емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы 
қолдау. 
Мемлекеттік тарапынан ерте жастан коррекциялық-педагогикалық 
көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі деңгейлер 
бойынша жүзеге асырылуда: 
1. Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан 
көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) 
перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг - “қатер” тобындағы 
балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру. Біздің 
еліміздегі ерте диагностикалау босануға көмектесетін мекемелер мен алғашқы 
медициналық-санитарлық көмек көрсетуші мекемелер базасында жүргізіледі. 
Осы мекемелерде жаңадан туған балаларды жаппай тексеру көру, есту 
қабілеттері, қозғалыс аумақтары бұзылған, туа бітті ауруларды анықтаудың 
тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.
2. Скрининг нәтижесінде анықталған “қатер” тобындағы балаларды ата-
аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-
медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдарына жіберуді қамтамасыз ету. 
3. Арнайы бала-бақшаларды жалпы үлгідегі бала-бақшалардың арнайы 
топтарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелердің 
түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын коррекциялық 
жұмыс ұйымдастыру. 
4. Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, 
компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске 
асыру, нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау. 
Ерте диагностикалау мен ерте көмек көрсету қызметінің негізін отбасы 
жағдайында түзете-педагогикалық көмек көрсету жұмысының бірнеше кезең 
бойынша жүргізілетіндігі құрайды. Зерттеушілерінің тәжірибесі көрсеткендей, 
баланың жан-жақты дамуы үшін бала өз отбасында тәрбиеленуі керек. Ол үшін 
ата-аналар өз балаларына ерте абилитациялық процеске қосылуына жағдай 


137 
жасап, арнаулы мамандар ерте көмек көрсету жұмыстарын тарапынан 
қабылдауы қажет. Отбасының арнаулы мамандардың қызметіне жүгінуі 
үздіксіз жүйелі процеске айналады. Бала дамуының динамикасы мен оның 
өлшемдері тіркеуге алынып, отбасы жағдайында арнаулы оқыту мен тәрбиенің 
мазмұнын құрудың жолдары туралы кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. 
Мұндай қызмет түрі отандық білім беру тәжірибесі үшін инновациялық 
сипатты құрай отырып, ата-аналар мен педагогтар, психологтарға үлкен міндет 
жүктейтін түзету-педагогикалық процестің бағыттарын анықтауға негіз болады. 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балаларға ерте 
педагогикалық-түзетушілік көмек көрсетуге байланысты бірқатар 
құжаттар қабылданып, жүзеге асырылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет