Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет52/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Мектеп жасына дейінгі балаларға арнаулы білім беру мазмұнының 
сипаттамасын жасаңыз. 
2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларды 
мектепке дайындау мәселесі қалай шешіледі? 
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың арнаулы мектептерде білім 
алуына кедергі болатын жағдайларды ата. 
4. Қазақстан Республикасындағы мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі 
шектеулі балаларға білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін шет 
мемлекеттердегі арнаулы білім беру жүйесінің мазмұнымен салыстыру, 
талдау жасау. 
5. Арнаулы білім берудегі мектептік жүйенің сипаттамасын жасаңыз. 
6. Арнаулы (коррекциялық) мекемелеріндегі білім беру мазмұнының 
негізгі бағыттары қандай? 
7. Тұрақты мекенде орналасқан (облыс, қала) арнаулы (түзету) 
мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің мазмұнына сипаттама беріңіз. 


133 
§ 18. МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК- 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
1. Медициналық-әлеуметтік алдын-алу және ерте жастан 
көмек көрсету 
2. Медициналық-әлеуметтік алдын алу жұмыстары және 
ерте жастан көмек көрсету 
3. Ерте жастан көмек көрсету бағдарламалары 
4. 
Білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды мемлекеттік 
қолдаудың заманауи жүйесі
 
 
Мүмкіндігі шектеулі балалаларға кешенді қолдау туралы сөз 
қозғағанда балаға, оның ата-анасына, педагогтарға күрделі мәселелерді 
шешуге қатысты өмір сүруге бейімділікті арттыру, емдеу жұмыстарын 
қалыпқа келтіру, арнаулы оқыту мен тәрбиенің мазмұнын қайта 
қарастыру, өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтенуі турасындағы көмек 
көрсетудің мазмұны туралы баяндаймыз. 
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж баланың отбасына 
қолдау мен көмек көрсетудегі ұзаққа созылған реабилитациялық түрдегі 
кешенді жұмыстарды жүргізудің кешенін құрайды. 
Ол диагностикалау жұмыстарының бірлігін, ізденушілік, ақпарат 
тарату жұмыстарының біртұтастығын, көмек көрсету жұмыстарына 
таңдау 
жасаудағы 
болжамдық, 
жеке 
реабилитациялық 
жұмыс 
бағдарламаларын құруды қарастырады. 
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық (кешенді) патронажды құру 
мемлекеттік білім беру жүйесі мен әлеуметтік қорғау мекемелерінің 
көлемінде 
психологиялық-педагогикалық, 
медициналық-әлеуметтік 
мекемелер мен бөлімдер арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік 
құрылымдардың қызметін толықтыра отырып мүмкіндігі шектеулі 
балалардың дамуын қамтамасыз етудегі әлеуметтік қызмет түрлерін 
ұйымдастырады. 
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың базалық негізі 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
кеңес 
беру 
орындары, 
психологиялық-медициналық- әлеуметтік орталықтар, диагностикалық 
және реабилитациялық орталықтар, логопедиялық пункттер, ерте 
көмек көрсету және үй жағдайында
оқытуды жүзеге асырушы органдар 
болып табылады. 
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық 
патронаждың 
жүйесі 
арнаулы білім беру жүйесінің бөлімі ретінде қалыптасып, мүмкіндігі 


134 
шектеулі бала дамуының потенциалдық мүмкіндіктерін арттыруға жағдай 
жасайды. 
Кешенді түрдегі медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж 
өзінің әрекет ету координациясын ғылыми-әдістемелік мекемелер мен 
басқа да білім беру құрылымдарымен, халықтың денсаулығын сақтау 
және нығайту, әлеуметтік қолдау жұмыстарымен байланыстыру негізіне 
болжам жасайды. 
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық қолдау жүйесі өзінің жеке 
әрекеттерін мынадай бағыттарда орындай алады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет