Қазіргі уақыттағы арнаулы білім беру жүйесінің қарқынды дамуы
ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың білім алуын, әлеуметік
бейімделуін
қамтамасыз
етудегі
әлеуметтік-мәдени
және
экономикалық
жағдайларға
сәйкестенудің
мүмкіндіктерін
қарастыруда. Атап айтсақ, шалғай жерлерде орналасқан мекен-
жайлардағы мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қамтамасыз
ететін арнаулы білім беру жүйесінің жаңа моделін құрастыру болып
табылады. Осындай тиімділігі мол істерді жүзеге асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының барлық облыстарында арнаулы білім беру
мекемелерінің түрлері қызмет атқаруда. Нақты нормативтік
құжаттар негізіндегі құрылған арнаулы білім беру мекемелері (2005
жылғы 1 қарашадағы Астана және Алматы қалалары мен облыстық
білім басқармаларының (департаменттердің) деректері бойынша)
арнаулы мектептердің типтері бар.
Көрсетілген арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарының негізгі міндеті
- әрбір баланы өмірде айналасындағылардың көмегіне тәуелді болмай, өз
бетінше өмір сүруге дайындау, өз-тұрмысын өздігінен ұйымдастыру
мүмкіндігі
болатындай
әлеуметтік-тұрмыстық
құзіреттілігін
қалыптастыру. Шын мәнісінде, психикалық және дене дамуында
ерекшеліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық үдерісі
олардың қоғамда әлеуметтік бейімделуге қамтамасыз етуге бағытталған.
Дегенмен, арнаулы білім беру саласындағы арнаулы мектептерінде,
мектеп-интернаттарында,
балалар
үйлерінде
тәрбиеленушілерді
математика, физика, информатика, әдебиет, тарих сияқты пәндерді оқыту
қаншалықты қажет болса, қоғамда өмір сүре білуге үйрету күрделірек
және соншалықты қажет екенін өмір көрсетіп отыр. Арнаулы білім
берудің қазіргі жүйесіне бала немесе жасөспірімнің өз өмір жолын, әлемге
деген өзіндік көзқарасын таңдауға, қоршаған өмірде бағдар алуына
көмектесетін «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» курсын енгізу ішінара
жүзеге асып келеді. Бұл пән негізінен есту қабілеті нашар балаларға
арналған, басқа да түзету, мектептерінде, бейімдеу орталықтарында,
мектеп-интернаттарында пән ретінде немесе сыныптан тыс жұмыстар,
130
факультатив сабақтар ретінде өткізуге болады. Курсты арнайы педагог,
әлеуметтік педагог немесе тәрбиеші оқыту мекемесінің жағдайына
байланысты жүргізеді. Теориялық және практикалық тапсырмаларға
лайықталған:тақта, парта; асхана бұрышы (газ немесе электр плитасымен);
ыдыс-аяқ буфеті (шай, асханалық құралдар); тұрмыстық құралдар; жұмсақ
жиһаздармен жабдықталған арнаулы кабинетте өткізілгені тиімді.
Курстың негізгі мазмұны балалар үшін жекелеген, бірақ өте қажет
бағыттарды қамтиды: қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау, мінез-
құлық мәдениеті, тұрмыстық-қоғамдық пайдалы еңбек, жеке бас
гигиенасы, денсаулық сақтау, сауда, көлік, тұрғын үй, байланыс
құралдары дәрігерлік көмек, отбасы негіздері, бюджет, мекемелер мен
ұйымдар.
Әлеуметтік тұрмыстық бағдар беру мақсаты - әрбір баланың интернат
қабырғасынан шыққаннан кейін өздігінен өмір сүруді сенімді бастауына,
әлеуметте табысты бейімделуіне қажетті білім, білік және дағдыларын
қалыптастыру болып табылады. Олар әр түрлі қызмет түрлерімен,
тұрмыстық заттардың атаулары, міндеттерімен танысады, оларға күтім
жасауға үйретеді, оларды дұрыс және ұтымды пайдалана білуді меңгереді.
Сонымен қатар өздігімен өмір сүруге психологиялық дайындау, қарым-
қатынас мәдениеті мен байланыс дағдыларын дамыта отырып, олардың
бойында жеке бас сапаларын: өзіне деген сенімділік, қоғам өміріне
белсенді араласуға икемділігін, іс-әрекетінде бастама көтере білуге
тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар өз үйлерінде немесе түзетушілік қызмет
көрсететін реабилитациялық мекемелерде оқытылады және тәрбиеленеді.
Реабилитациялық
мекемелердегі
балалармен
психологтар,
психоневрологтар, педиатрлар, психиатрлар, логопедтер, мұғалімдер
жұмыс жасайды. Бұл реабилитациялық мекемелердің негізгі міндеттері:
кескінді тұрғыда диагностика жасау, әрбір балаға жеке тұрғыдан
келіп оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциялдық мүмкіндіктерін іске
асыру;
әрбір баланың диагнозына байланысты оқыту-тәрбиелеу
жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу;
балалардың бұзылған психофизиологиялық функциясын түзету,
олардың танымдық қызығушылығын дамыту;
оқу-тәрбиелеу процесінде әдіс-тәсілдерді ендіру т.б. жұмыстар.
Реабилитациялық мекеменің моделі ауданның әлеуметтік-мәдени
және білім беру жағдайының анализінің негізінде жалпы және
реабилитациялық типтегі мекемелердің инфраструктурасы және балалар
контингентінің негізінде (денсаулығының психосоматикалық күйі,
131
әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік жүріс-тұрыс, мекемелер бойынша
бөлу және реабилитациядағы қажеттіліктер) жасауы тиіс.
Аудандық әлеуметтік және білім беру ситуациясының ерекшеліктері
реабилитациялық қызметтің анықталған моделін қалыптастырудың негізін
қалайды. Бұл модель балалардың реабилитациясын организм деңгейінде
(медициналық), тұлға(психологиялық), әлеуметтік субъект(әлеуметтік), іс-
әрекет объектісі (педагогикалық) деңгейінде немесе кешенді түрде
қамтамасыз етеді. Реабилитауиялау жұмыстары кезінде балаларға көмекті
педагогтар ғана емес басқа мамандар да бере алатыны қарасытырылған.
Реабилитациялық жұмыс модельінің нақты бағдарлары мен кадрлар
потенциалы болуы тиіс: мұғалім, босатылған сынып жетекшісі, тәрбиеші,
психолог, дене шынықтыру мұғалімі, мектеп дәрігері. Жалпы
реабилитациялау моделінде психологиялық қолдау көрсетудің моделне
сәйкес реабилитауиялық орталықтары келесі жағдайда ғана тиімді қызмет
ете алады:
-
оңалту жұмыстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
-
оңалту мекемесін кадрлармен қамтамасыз ету;
-
оңалту нысандарын таңдау және диагностика жүргізу;
Әлеуметтік-педагогикалық көмек басқармасы, сенім телефоны,
әлеуметтік-педагогикалық оңалту орталықтары, балалар үйлері, балаларға
көмек көрсету орталықтары арқылы:
-
әлеуметтік
педагогикалық
диагностикасын
(себептері,
деңгейлері, түрлері);
-
балалардың жүйке-психикалық және соматикалық күйінің
алғашқы психологиялық және медициналық көмекті;
-
экстремалды ситуацияларда көмектесуді;
-
жеке оңалту кәсіби-еңбекті, социомәдениеттік, оқу танымдық
және сауықтыру бағыттарындағы бағдарламаларды;
-
нормаға сай өмір іс-әрекетін қамтамасыз ету;
-
кейін өмірлік қалыптасуға көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау бағдарламасы диагностикалық және емдеу
мекемелері, арнайы мекемелер, білім беру және интернаттық мекемелер
арқылы медициналық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік
оңалту жасайды, ол өзіне:
денсаулық күйіндегі кемістікке уақытылы диагностикасын;
мекемелерде емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді;
медициналық реабилитация және емдеу бағдарламасын жасауды;
оқыту-жағдайларының
медициналық-гигиеналық
оптимизациясын;
салауатты өмір салтын қалыптастыру;
оқушыларды, педагогтарды, ата-аналарды медициналық оқыту
мен тәрбиелеуді кіргізеді.
132
Жалпы білім беретін мекемелерде алғашқы диагностиканы жүзеге
асыру, арнайы түзете-дамыту бағдарламаларымен жұмыс жасайтын
топтар ашу; қиын ситуацияларда көмек көрсету, психокоррекция
бойынша арнайы сабақтар өткізу жұмыстарын орындайды.
Профильдік оңалту мекемелер кемістігі бар балаларға жағдай
туғызады (материалдық-тұрмыстық, кадрлық, әлеуметтік-психологиялық)
және оңалтудың нақты басқармаларын жасайды. Қойылған диагнозға
байланысты бала сол мекемеде (дамудағы аномалия табылған жағдайда)
немесе профильдік оңалту мекемелерінде тәрбиеленеді.Бұл жағдайда
көмек тереңдетіліп, кеңейтілген түрде көрсетіледі.
Соңғы уақытта үй жағдайында білім беруді жүзеге асыратын қажетті
біліктілікті игерген арнайы педагогтар, психологтар нақты қызмет
түрлерін көрсетуде. Үй жағдайында білім беру процесі арнаулы білім беру
мекемелеріндегі оқу процесінің мазмұнына сай ата-аналарға кеңес беру,
әдістемелік көмек көрсету жұмыстары түрінде ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |