Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет58/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

тілге оқытудың арнайы 
құрылымдық-семантикалық қағидасы
негізінде генетикалық тұрғыда 
саңырау баланың сөйлеу тіліндегі жетістіктер компенсация процесіне 
сәйкес қолданылады. 
Әрекет қағидасы оқушылардың сөйлеу мен тілді игерудегі 
қажеттіліктерін 
орындаудағы 
заттық-практикалық 
әрекетінің 
орындалуына жағдай жасайды. Оқушылардың заттық-практикалық 
әрекеті сөйлеудің қарым-қатынас құралы, өз бетінше белсенді сөйлеуге 
үйрену, өзінің әрекетін жоспарлау деген негізгі түсініктердің қалыптасу 
базасына айналады. 
Техниканың мүмкіндіктерін пайдаланудағы 
есту қабілетін протездеу
саңыраулардың сөйлеуін, есту қалдығын дамытуда өзінің тиімділігін анық 
көрсетіп келеді. 
Есту қабілетін ерте жастан бастап диагностикалау жұмыстарының 
негізі Э.И. Леонгард, Ф.Ф. Рау, А.Д. Салахова, Н.Д. Шматко, Т.В. 
Пелымская және т.б. зерттеулеріне сүйене отырып, Батыс Европа 
елдерінде 1950-ші жылдардың аяғынан бастап саңырау балаларға ерте 
педагогикалық көмек көрсету, саңыраулықты ерте диагностикалау жүйесі, 
яғни ерте жастағы балалардың есту қабілетін протездеу жұмыстары қолға 
алына бастады. Осы ретте Хорватияда сурдотехниканың жетістіктеріне 
сүйене отырып құрылған оқытудың педагогикалық жүйесі, яғни 
саңыраулардың есту қабілетін және сөйлеу тілін дамытуға арналған 
оқытудың верботональдық жүйесі құрылды. 
Нашар еститін оқушылар мен кеш саңыраулыққа ұшыраған 
балаларды оқытуды саралау жұмысы екі бөлімнен тұрады. 
1-ші бөлім - жеңіл түрдегі тіл кемшілігі анықталған, есту қабілеті 
нашар балалар. Арнайы мектепте сыныптағы оқушылардың толымы 10 
оқушыны құрайды. 
2-ші бөлім - күрделі тіл кемшілігі анықталған, есту қабілеті нашар 
балалар. Сыныптағы оқушылардың толымы 8 оқушыны құрайды. 
Білім беру процесі жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес үш 
деңгейде бастауыш білім, орта (толық) білім, жалпы білім 
ұйымдастырылады. 1-2 бөлімдердің сыныбына 7 жастан бастап 
қабылданады, 2-ші бөлім дайындық сыныбынан басталуы мүмкін. Білім 
беру барысындағы педагогикалық процесс коррекциялық-дамыта оқыту 
принципіне сәйкес мазмұнды және әдістемелік бағыттардан тұрады. 


146 
Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұнындағы 
өзіндік ерекшеліктері тұлғаның ортаға бейімделуін, шығармашылық 
әрекетін, эмоциялық-ерік сферасын дамытуға бағытталған. Мұндай 
жағдайлар саңырауларға полисенсорлық негізде арнайы сабақтар жүргізу 
арқылы ұйымдастырылады: 
-
ерін қимылынан оқу дағдысын қалыптастыру; 
-
сөйлеу техникасын игерту (сөйлеу кезіндегі қимылдық база); 
-
есту қалдығын қолдану және дамыту. 
Сенсорлық жүйеде оқыту теориясы 
Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, 
С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, Л.А. Венгер және т.б 
зерттеулерінде есту қабілетінің дамуы сәйкес сезу мен қабылдау 
қасиеттерінің көмегімен орындалып, анализаторлар жұмысының 
белсенділігін арттырады. Аталған теория негізінде саңырауларды тілге 
оқыту есту қабілетінің әсерінен болған кемшіліктерді жоюға негізделеді. 
Мұнда сөздік қорды байыту, сөздің дыбыстық құрамын ажырату, тілдің 
грамматикалық құрылымын игеру, сөйлеу әрекетінің формаларын 
игертуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Жазу мен оқу саңырауларды 
тілге оқытудың негізгі құралы. Мұнда оқу материалын игертудегі 
қолданылатын негізгі құрал көрнекіліктер, драматизация, инсценировка, 
пантомимика. 
Жалпы мектепте білім алатын есту қабілеті нашар балаларға арнайы 
сурдопедагогтың қатысуымен ұйымдастырылатын педагогикалық көмек 
керек. Себебі, бұл балалар оқу материалын игеруде мынадай 
қиындықтарға жолығады: 
-
оқу мен жазуды игеру; 
-
диктант, өз бетінше орындайтын жазба жұмыстарын орындау; 
-
мұғалімнің түсіндіргенін қабылдай алмау. 
Есту қабілеті бұзылған баланың қателіктері: 
-
айтылуы ұқсас дыбыстарды шатастыру; 
-
дыбыстарды айтудағы әуезділіктің жоғалуы; 
-
күрделі сөйлемдерді оқу барысындағы дауыссыз дыбыстарды 
тастап кету. 
Есту қабілетінен айырылған бозбалалар мен бойжеткендер мынадай 
мамандықтарды игере алады: 
-
саңыраулар қоғамы бойынша оқу-шаруашылық орындарында 
жұмыс жасау; 
-
кәсіби-техникалық училишелерде, колледждерде, жоғары оқу 
орындарында. 
Есту қабілетінен айырылған тұлғалар инженерлік-техникалық 
мамандықтарды игере алмайды.
 
Есту анализаторының қалыпты дамудағы атқаратын қызметі баланың 
жалпы дамуында ерекше орын алады. Есту анализаторының қызметі 


147 
бұзылған кезде сөйлеу тілі, баланың психикалық дамуы бұзылады, 
танымдық қабілеттің жалпы дамуы өзгерістерге ұшырайды, осының 
әсерінен, есту анализаторының бірінші кемшілігі бала дамуында қандай да 
бір екінші кемшіліктің пайда болуына себепші болады. Есту 
анализаторының дамуындағы бірінші, екінші, үшінші кемшіліктердің 
барлығы естімейтін баланың танымдық әрекетінің дамуын әлсіретеді. 
Отандық және шетелдік статистиканың қорытындыларына сәйкес, 
есту органының бұзылуы немесе әлсіреуі анықталған балалардың саны 
артып отыр. Осыған байланысты сурдопедагогика ғылымының алдында 
мынадай міндеттер қойылған: 
-
есту қабілеті бұзылған тұлғаларды педагогикалық тұрғыдан зерттеу 
және олардың жеке даму ерекшеліктеріне байланысты есту, сөйлеу 
қабілетіндегі бұзылулардың заңдылықтарын зерттеу; 
-
есту қабілеті бұзылған тұлғалардың түрлі категорияларына арнайы 
білім беру мазмұнын жасақтау, ғылыми түрде негіздеу және тәжірибеге 
енгізу; 
-
есту қабілеті бұзылған тұлғаларды оқытуға арналған білім беру, 
дидактикалық және арнайы әдістемелердің ғылыми негіздерін құру; 
-
есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім берудегі ішкі 
жүйелерді құру, есту қалдығын дамыту, ыммен сөйлеуге, ауызша 
сөйлеуге, ана тілін меңгеруге, (кохлеарлық имплантация кезінде) 
операциядан кейінгі педагогикалық реабилитациялауға арналған білім 
беру технологияларын жасақтау; 
-
есту анализаторындағы бұзылуларды түзету мен компенсациялауға 
арналған техникалық құралдарды құрастыру; 
-
есту қабілеті бұзылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік-
кәсіби тұрғыда бейімделуіне жағымды жағдайларды туғызу. 
Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арналған мектептер болғанымен, 
кей жағдайларда олар жалпы білім беретін мектептерде білім алуға 
мәжбүр болады. жалпы білім беру мекемелерінде есту қалдығы сақталған 
балалар білім алады. Мұндай жағдайда мұғалім сыныптағы барлық 
дыбыстар мен айтылған сөздердің естуі бұзылған балаға естілуін 
қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты осы балаларды бірінші 
парталарға отырғызу қажет. Одан басқа мұғалім оқу процесі кезінде 
балаларға берілген тапсырманы естуі бұзылған баланың естіп отыруын, 
орындауға мүмкіндігін көрсете білуіне үнемі назар аударып отыруы тиіс. 
Соның ішінде тіл сабақтарында сынақхат жазу кезінде, математика 
сабақтарындағы сынақхат, бақылау жұмыстары барысында есту 
анализаторының қызметіне сүйене отырып жұмыс жасауына жағдай 
туғызуы керек. Кей жағдайларда есту қабілеті нашар немесе саңырау 
оқушылар жалпы білім беретін мектеп бағдарламасын толығымен игеріп, 
өз құрдастарымен қатар білім алатын жағдайлар да кездеседі. Есту 


148 
қабілеті бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім 
алуына себеп болатын жағдайларды былайша түсіндіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет