154
Бірақ бұл жазулардың қай қайсысы да жанарсыз жандарға хат тану
проблемасын түбегейлі шешіп бере алмады. Осыдан 2 ғасырға жуық
бұрын, яғни 1825 жылы Париждегі соқыр балалар институтының зағип
оқытушысы Луи Брайль инемен шаншып жазылатын бедерлі нүктелі жазу
жүйесін ойлап тапты. Бар жоғы алты нүктенің орналасу тәртібін өзгерте
отырып әр түрлі әріптер, цифрлар, математикалық белгілер мен нота
сызықтарына дейін айна қатесіз қағаз бетіне түсіре алатын бедерлі жазу
жүйесі екі ғасырға жуық уақыт бойы сан мыңдаған жанарсыз жандардың
рухани қажеттілігін ойдағыдай өтеп келеді. Ал көзі тірісінде еңбегінің
жанғанын көре алмаған Брайль есімі бұл күнде И.Гуттенбергтің,
М.Федоровтай ұлы ағартушылардың есімімен қатар аталады
Көрудің бұзылуы екі деңгейде анықталады: соқырлық және нашар
көрушілік.
Достарыңызбен бөлісу: