Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері



Pdf көрінісі
бет39/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—16 в 15.19.59

идеал 
газ 
деп 
молекулалары материялық нүкте болып табылатын, өзара әсерлесетін

соқтығысқан кезде абсолют серпімді соқтығыс болатьш газды айтады. Газ 
молекулаларының арасында жылулық тепе
-
тендік орнағанда ғана идеал газ деп 
айтуға болатынын оқушыларға ескерту қажет

Идеал газ үлгісінің қодцанылу шегі 

өте жоғарғы қысымда және өте
төменгі 
температурада қолдануға болмайды.
Егер газ сығылса, оның тығыздығы артады және молекулалардың арасындағы 
қашықтық кішірейеді, олардың соқтығысуы көбейеді, әрі
бір
-
бірімен әсерлесуі 
артады. Мұндай жағдайда молекулалардың өлшемін
ескермеуге болмайды. 
Ал газдың қысымы тек молекулалардың соқтығысуынан ғана емес, олардың 
өзара әсерлесуіне де байланысты. Егерде газдың қысымы 10
8
Па
-
дан артса, онда 


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
Бойль
-
Мариот заңынан көп ауытқу болатыны эксперименттен белгілі. Өте 
төменгі температурада осындай жағдайлар болады.
Газ заңдарын оқыту әдістерітң ерекшеліктері.
 
Газ заңдарын оқытуда 
индуктивтік
, және 
дедуктивтік
әдістерді қолдануға 
болады.
Индуктивтік
әдісте бірінші газ заңдары оқытылып, идеал газ күйінің теңдеуі газ 
заңдарының негізінде қорытылып шығарылады. Мұнда газ зандарын оқыиуды 
олардың ашылуына байланысты бірінші Бойль
-
Мариот заңынан бастайды.
Газ заңдарын оқытуда мынандай жоспарды ұсынуға болады:
1) процеетің анықтамасы; 2) процестің орындалу шарты; 3) формуласы және 
заңның тұжырымдамасы; 4) процестің графиктік бейнеленуі; 5) заңның тәжірибе 
жүзінде тексерілуі; 6) заңдылықты МКТ тұрғысынан түсіндіру; 7) заңның қолданылу 
шегі.
Мысалға изотермдік
процесгі қарастырайық. (Термос жылудеген грек сөзі).
1) 
Температура тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру 
процесін изотермиялық деп атайды.
2) 
Бұл заңды тәжірибе жузінде ағылшын ғалымы Бойль және француз ғалымы 
Мариотт ашты (1662 ж). Бойлъ
-
Маріют заңы кез келгеи газдар ушін, сондай
-
ақ 
газдар қоспасы үшін де (мысалы, ауа үшін де) дұрыс. Тек атмосфералық қысымнан 
бірнеше мың есе жоғары қысымдарда ғана бул заңнан ауытқу елеулі түрде 
байқалады

3) 
Егер газдың температурасы өзгермесе, онда оның берілген массасы үшін газ 
қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты болады.
 
;
const
T
=
;
)
1
const
PV
=
;
)
2
2
2
1
1
V
P
V
P
=
2
1
2
1
)
3
V
V
P
P
=
4) 
Тұрақты температурада газ қысымының көлемге тоуелділігі график турінде 
изотерм деп аталатын қисық сызық арқылы кеаанделеді. Газдың изотермі қысым 
мен көлемнің арасындагы кері пропорңионал тәуелділікті өрнектейді. Қисық 
сызықтың мұндай түрі гипербола деп атайды.
5) Монометрмен қосылған герметикалық кеңірдекті приборды пайдаланып Бойль
-
Мариотт заңын тәжірибе жүзінде тексеруге болады.
6) Бойль
-
Мариотт заңын МКТ түрғысынан түсіндіру: газдың қысымы ыдыс 
қабырғаларына соғылатын молекулалар санына байланысты, ал соқтығысу саны газ 
концентрациясына тәуелді





 =
V
N
n
Ыдыстағы газдың көлеміүлкен болғанда 
концентрациясы аз болады, көлемі азайған сайын, ыдыстағы молекулалардың кон
-
центрациясы көбейеді, олай болса қысым артады.
7) Бойль
-
Мариотт заңы көлем мен қысымды баяу өзгерткенде ғана дүрыс, әрі 
газдың массасы түрақты және химиялық қүрамы өзгермеген жағдайда орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет