көркем
және
көркем емес
деп бөледі. Көркем емес мәтіндер
бірмағыналылыққа, көркем мәтіндер көпмағыналылыққа негізде-
луімен сипатталады. Екеуі де түбегейлі маңызды мәселелер бо-
лып табылады.
Оған қоса, мәтіндер ұсынылу формасы бойынша ауызша және
жазбаша болып бөлінеді. Біз әрі қарай жазбаша мәтіндер, оның
ішінде көркем және көркем емес мәтіндер туралы сөз етеміз.
Төменде келтірілетін ерекшеліктер көркем және көркем емес
коммуникацияның негізгі белгілері болып табылады:
1. Коммуникация мен адам тіршілік қарекетінің арасындағы
тікелей байланыстың болу/ болмауы;
2. Эстетикалық функцияның болу/ болмауы;
3. Мазмұнның эксплициттілігі/имплициттілігі (мәтін астары-
ның бар немесе жоқ болуы);
4. Қабылдаудың бірмағынаға немесе көпмағынаға негізделуі;
5. Болмыстың шынайы/шынайы емес бейнеленуі.
Бұл тізімдегі алғашқы ерекшеліктер көркем емес мәтін
белгілері, ал кейінгілер көркем мәтін белгілеріне жатады.
Көркем мәтіндердің түр және жанрлық белгілеріне
бағытталған өзіндік типологиясы да бар. Көркем емес мәтіндер де
өзіндік жеке типологияға ие. Мәселен, бұқаралық қарым-қатынас
мәтіндері; ғылыми мәтіндер; ресми-іскерлік мәтіндер.
Көркем мәтіндер ассоциативтік-образдық ойлауға, ал көркем
12
емес мәтіндер логикалық ойлау заңдарына негізделеді. Көркем
мәтіндерде өмірлік материалдар автор көзімен көрген өзінше бір
«кішкентай әлемге» айналады. Сондықтан көркем мәтіндерде
үнемі мәтін астарлылығы, «екінші болмыс» болады. Көркем
емес мәтіндерде болмыс көбінесе бір мағыналы келіп, шынайы
бейнеленеді. Көркем және көркем емес мәтіндер адамның
эмоционалдық және интеллектуалды жақтарына әсер ету түрлері
тұрғысынан да ерекшеленеді. Сондай-ақ мәтіндер функциялары
бойынша да ажыратылады. Көркем емес мәтіндер коммуникативті-
ақпараттық, ал көркем мәтіндер коммуникативтік эстетикалық
қызмет атқарады.
«Көркем емес мәтін үшін фактілердің мүмкіндігінше объек-
тивті, логикалық түсінікті мәні, ал көркем мәтін үшін бейнелі-
эмоционалды, яғни субъективті мәні маңызды. Сондықтан, көр-
кем мәтінде форманың алатын орны зор, себебі көркемдіктің мәні
содан басталады. Мәселен, пейзажды суреттеу автордың, кейіп-
керлердің ішкі жан дүниесін суреттеудің формасы ғана болуы
мүмкін. Көркем емес мәтінде кездеспейтін екіжақтылық немесе
көпжоспарлылық осылайша құрылады» /2,74/.
Көркем мәтінде ассоциативті байланыс маңызды орын
алатындықтан, көркем сөз мағынасы жағынан толығымен дерлік
сарқылмайтындай келеді. Түрлі ассоциациялар көптеген «мағына
ұлғайтуларына» әкеледі (В.В. Виноградов термині). Тіпті заттық
әлемнің бірдей реалийлері әр суретшіде түрліше қабылданып,
әртүрлі ассоциацияға әкелуі мүмкін. Мысалы, О. Мандельштамда
«тас» – қаталдықтың, сенімділіктің («Тас» – кітап аты), ал И.
Анненскийде ол еркіндік жоқтығының, жан күйзелісінің нышаны
(«Ақ тастың мұңы»). К. Бальмонт үшін «Күн» – мейрамның,
қайнаған өмірдің нышаны болса, Ф. Сологуб үшін ол қураудың,
жансызданудың белгісі. Көркем мәтінде заттық-ұғымдық
құбылыстан гөрі, зат бейнесін ойда елестете алу маңызды. Дәл
осы елестету тікелей қабылдау мен түсінудің арасындағы арқау
болып табылады.
«Филологияда мәтіндерді жаңаша жүйелеуге деген ұмты-
лыс үнемі жүріп жатады. Соңғы жылдарда бір кездегі К. Бю-
лер дің теориясына негізделген көзқарас белең алып отыр.
Бұл функционалдық теория бойынша мәтіндегі салмақ ең көп
13
түсетін компоненттер – стиль мен жанр, осыған қарап мәтін дерді
ақпараттық (ғылыми, ресми стильдердегі мәтіндер), экспрес-
сивтік (көркем мәтіндер), ақпараттық-экспрессивтік (публи-
цистикалық мәтіндер) деп бөлуге болады, өз алдына бөлек мә-
тіндер қатарына ораторика (соттағы сөз), гомилетика (уағыз,
насихат) жатқызылады» /1,7/.
Енді осылардың ішінен бізге қажетті экспрессивті, яғни көр-
кем мәтіндерге тоқтала кетейік. Көркем мәтіндер публицистика,
әдеби сын және көркем әдебиеттің барлық жанрларын қамтиды.
Бұлардың бір-бірімен байланысты әсер ету және эстетикалық
тәрізді мәтін құраушы қызметтері бар. Мұндай мәтіндерде баян-
дау пішіні маңызды болып табылады. Шығарманың эстетика-
лық құндылығы мен оқырманға эмоционалды-экспрессивті әсер
етуінің деңгейі мазмұнның қандай формада жүзеге асқанына
байланысты. Көркем мәтіндерде стильдің барлық бірліктері мен
құралдары қолданылады, бірақ бұл стильдік элементтер өзгеше
әдеби жүйеге енеді де жаңа эстетикалық функцияға ие болады.
Әрине көркем мәтіндерді әдеби жанрларға сәйкес түрлерге бөлуге
болады. Әрбір түрдің көркемдік, тілдік және функционалдық
ерекшелігі бар.
Көркем мәтіндер әдебиеттің барлық жанрларын қамтитын-
дықтан әдеби жанрға байланысты прозалық және поэзиялық
болып бөлінеді. Ал прозалық мәтін деген сөз айтуға оңай
болса да, қолға ұстатқандай етіп дәлелдеп беру, мәтін ұғымын
айқындайтын жайттардың бәрін толық қамту кімге де болса қиын.
Бұл мәселеге қатысты айтылған ойлар, пікірлер мен анықтамалар
өзінің пайымдау шеңберінің кеңдігімен ерекшеленеді.
Прозалық мәтіннің басқа мәтіндерден басты айырмашылығы
– өмір жайлы дерек образдар арқылы бейнеленетіндігінде.
Ол жазылу мақсаты, пішіні, әсер ету күші, тіл қолданысына
да байланысты ерекшеленеді. Прозалық мәтіннің бейнелеу
құралдары да түрлі болып келеді.
Жалпы прозалық мәтін (көркем әдебиет)– эстетикалық
ақпаратты жеткізуге арналған мәтіндер екеніне тоқталып кеттік.
Сонымен, бізге прозалық мәтіндер не үшін қажет? Біз оларды
оқимыз, әсерленеміз, ой түйеміз, басқа адамдармен қарым-
қатынаста мазмұндаймыз, нағыз оқырман оларсыз бір күнін де
14
өткізе алмайды. Кейбір мәтіндердің өмір сүру ғасыры қысқа
болып келеді: ғылыми мақала оншақты ғасыр, нұсқаулық бірнеше
жыл, кәсіпкерлік хат бірнеше күн өмір сүреді. Ал прозалық
мәтіндер ғасырлап өмір сүргендіктен, адамдар оларға қайталап
орала береді. Себебі прозаны оқу оларға орасан ләззат сыйлайды.
Жалпы талдау барысында мәтіннің жанрлық сипаты да
айрықша назар аудартады. Әдебиеттанушының талқылайтын
мәтінінің жанрлық ерекшелігіне орай алдына қоятын мақсат-
міндеттері де әртүрлі болып келеді. Әрбір жанрды талдаудың
өзіндік ерекшеліктері бар. Әлем халықтарының жазба мәдение-
тінде барлық белгілері жағынан теңбе-тең, барлық мәдениетке
тән жанр үлгілері (мәселен, ертегі, аңыз, көркем әдебиет, мақала)
немесе бір ғана халықтың рухани мәдениетіне тән жанрлар
(мысалы, қазақ мәдениетіндегі қара өлең, айтыс үлгілері) бар. Әр
халықтың мәдениетіне, халық қауымдасқан қоғамның әлеуметтік
нормасына қарай мәтін жанрының құралу, түзілу нормасы да әр
басқа.
Талдау барысында жанр табиғатының ерекшеліктеріне мән
берудің маңызы зор. Жанр табиғатының көлемі, композициясы,
кейіпкерлер саны, сюжеті сияқты өзіндік ерекшеліктерімен қатар
оларды автордың қолдану, меңгеру шеберлігі де бар. Көркем
шығарманы зерттеу, оны бағалау кезінде осы аталған мәселелерге
тоқталмай кету мүмкін емес.
Прозалық мәтіндер әдетте шағын, орта, кең көлемді болып үш
түрге бөлінеді. Академик З.Қабдолов: «Шағын көлемді эпикалық
түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы
бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір
немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға
қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін
құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін
болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам.
Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрі-
неді... Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму
үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбек-
теледі; композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ», – деп атап
өтеді /3,224/.
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі – әңгіме.
15
Әңгіме – қиын жанр. Алдымен көлемі шағын. Ол жазушыдан
барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды
бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының
өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуы тиіс.
А.Твардовскийдің белгілі орыс жазушысы Ю.Трифоновқа:
«Әңгімеден бастаңдар. Он беттік әңгіме жазуға құлшынып
көріңдер де, әкеліңдер» деген сөзі проза жазумен айналысушылар
үшін әңгіменің ерекшелігін айқындайды. Әңгіменің маңыздылығы
композициясының нақтылығында, сюжеттік тартыстылығы,
өткірлігі автордың көркемдік-идеялық шешімінің айқындылығы,
кейіпкерлердің мінез-қылығы әрі олардың нақты іс-әрекетте
көрінуі, диалогтың барынша тығыздығы» /4,138/. Л.Н.Толстой
«бір әңгімеде бәрін айтумен әуестеніп кетпеңдер» деген ескертпе
жасайды. Әңгіме шұбалаңқы болған сайын, оқырман ынтасы
кемиді. Ол қарапайым әрі қысқа, нағыз көркемдік жинақылықпен
жазылуы тиіс. Сонымен бірге ол өмірлік шындықтың көрінісін
дәл, шынайы жеткізуімен де көркем. Алайда, ондағы көркемдік
қиял, елестетудің өзі өмірмен өзектесуі тиіс. В.Т.Короленко:
«Қиялда да өмірлік, көркемдік шындық болуы тиіс. Оқырман
қиялға да ақиқат тұрғысынан сене білуі керек», – дейді.
Әдебиетші талданатын әңгімелердің түпнұсқасымен ғана
емес, қаламгердің тұтастай шығарашылығымен және оған
қатысты әдеби зерттеулер, сын-мақалалармен де танысуы қажет.
Ал, повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. «...
орта көлемді эпикалық түрдің жұрт таныған кейбір жанрлық
сипаты – мұнда шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға,
адам өмірінің бір, не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді
құбылыстары кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондықтан,
әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі,
ондағы өмірлік тартыстардың оқиғаларға тұтаса басталуы мен
байланысы, шиеленісі мен шешімі де әлдеқайда табиғи, заңды,
оқиғаға қатынасатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу, кейде
тіпті ондап саналады» /3,302/. Талдау кезінде повестің осындай
сюжеттік-композициялық ерекшеліктерін танып, бағалау
талдаудың сапалы атқарылуының кепілі болып табылады. Басты
ерекшелік – түпнұсқаның стильдік-мәтіндік құрылымы.
Роман жанры шытырман оқиғалы, психологиялық, әлеуметтік-
16
утопиялық, тарихи-детективті, ғылыми-фантастикалық, т.б.
бөлінеді
.
ХVІІІ ғасырдан бастап роман жетекші жанр болып
қалыптасты. Ол барынша ауқымды сюжеттік сипатпен ерекше-
ленеді. Ондағы ең бастысы жекелеген тұлғаның мінез-құлығының
белгілі ортамен, қоғаммен қарым-қатынаста дамуын көрсету.
Әлеуметтік орта мінез-құлықты ашудың аясы болып табылады.
Сюжет – кейіпкерлердің арасындағы тартысты дамытады, мінез-
құлықтың ішкі өзгерісін дәлелдейді.
Сондай-ақ «роман – өмірлік құбылыстар кең шеңберде
бейнеленетін, көптеген кейіпкерлердің тағдыры бар күрделі-
лігімен және көпқырлы сипатымен қарастырылатын баяндау
мәне ріндегі шығарма. Романның тағы бір қыры авторға шын-
дықты кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді. Тек осы жанрда ғана
анағұрлым толық түрде заманның әралуан үрдісі, қоғамның әлеу-
меттік әрі рухани дамуының маңызды кезеңдері ашылуы мүмкін.
Жанрдың құрылымның өзі оқиғаларды кеңінен қамтуды талап
етеді» /4, 136/.
Романды талдау барысында әдебиеттанушы ең алдымен, ав-
тор шығармасындағы заман тынысын, өмір құбылыстарын қан-
шалықты кең қарымда бейнелегеніне көз жеткізу керек. Көпте-
ген әдебиет сыншылары мен жазушылар қазіргі заман рома ны-
ның басты кемшілігі – көп сөзділігі, яғни бейнеліліктен гөрі си-
паттаудың басымдылығын атап өтеді. Нағыз қажетті жайларды
сұрыптап, талғаммен беру, құбылысты суретке түсіргендей, дәл
бейнелеуге әуестікті сынға алады. Романдағы эпизодтар, автор-
лық ойлар, баяндаулар, т.б. көркем элементтер құрылымын дұрыс
жеткізіп, идеялық мазмұнды көмескілеп тұратын тұстарын дәл
көрсету – зерттеушінің басты міндеті. Романда әртүрлі оқиғалар,
құбылыстар, көптеген адам тағдырлары, баяндаудың әралуан
элементтері, сипаттау және мінездеу, диалогтар мен монолог-
тар, лирикалық шегіністер, мәтінді құрудың түрлері қамтыла-
ды. Дұрыс таңдалған, мұқият ойластырылған композициялық
құрылым, сюжеттік шешім баяндаудың бар түрін бір жүйеге
үйлесімді түрде біріктіреді.
Көркем шығарма дегеніміз мазмұны мен пішіні біртұтас бүтін
жатқан дүние. Оның идеясын, мазмұны мен ой тереңдігін немесе
идея мен формасын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Демек,
17
әр қайсысын әртүрлі әдіспен бөлек – бөлек қарастыруға да
болмайды. Проза шығармаларын талқылауда зерттеуші бірінші
кезекте мазмұн мен түр үйлесімділігіне ерекше мән береді.
Көркем шығарманың эстетикалық әсері әрқашан образ
мәселесімен тікелей байланыста және әрбір суреткердің өз
шығармасында өмір шындығын адам образы арқылы ашатындығы,
сол арқылы заман үнін, дәуір шындығын бейнелейтіні белгілі.
Бұл тұста зерттеуші алдына кейіпкердің іс-әрекетімен, сөйлеу
ерекшелігімен қатар, оның күрделі, құпиялы ішкі-жан-дүниесін,
сезімін, түрлі сәттегі қалпын дәл көрсету міндеті қойылады.
Енді әдебиетші кейіпкер психологиясына терең зерттеу жасауға
мәжбүр, міне бұл тұс – автор мен әдебиетшінің ойының, қиялының,
ізденісінің, шығармашылық ерекшеліктерінің тоғысар, үндесер
тұсы.
Қай көркем шығарманы алсақ та, ондағы өмір шындығы адам
образы арқылы ашылатыны белгілі. Ал, образды сомдаудың,
кейіпкер мінезін ашудың бір құпиясы диалогте жатыр. Бұл –
кейіпкерлер тілі деген сөз және әр кейіпкердің өзіне ғана тән
сөйлеу тілі болады. Қай қаламгер болмасын өз шығармасының
кейіп керлерін іздеу, іріктеу кезінде олардың әрқайсысына
лайық сөйлеу тілін де таңдап, тауып қолданатыны олардың ара-
сындағы диалогке айрықша мән беретіні белгілі. Егер көркем
шығармадағы кейіпкер сөзі оның мінез-құлқына, характеріне
кереғар болса, онда шығарма өмірлік шындықтан алшақтайды.
Бұл өмір шындығының көркем шындыққа айнала алмауы немесе
кейіпкердің шынайы сомдалмауында. Кейіпкердің сөйлеу ерек-
шелігі мінез ерекшелігіне апарар жол екенін, әр сөздің адамның
көңіл-күйімен байланыстылығын ескерсек, көтеріліп отырған
жайт филология ғылымындағы көкейкесті мәселелердің бірі.
Көркем мәтінге талдау жасағанда әдебиетші жазушы
кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесін, бүкіл бітім-болмысын
жан-жақты ашу үшін қолданған әдіс, тәсілдерін терең зерттеуі
қажет. Бұл зерттеу талапқа сай жүрсе әдебиетші шығармадағы
кейіпкерлер, образдар әлемін аша алды деген сөз.
Егер іздеу, зерттеу жұмысы талапқа сай жүргізілмей,
кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесін ашу үшін жазушы қолданған
әдіс- тәсілдер дұрыс анықталмаса, онда талқылау да олқылыққа
18
ұрынады. Образ, характерсіз көркем шығарманың рухы да
болмасы белгілі. Белгілі бір образды, характерді сомдау үшін
оның ішкі әлемін көрсету үшін жазушының психологиялық
талдау жасайтыны анық,
Прозалық мәтінді талдаудың келесі бір мәселесі – шығармадағы
ырғақ мәселесі. Әдебиетші белгілі бір көркем шығарманы талдау
үшін қолға қалам аларда ең алдымен, осы күрделі жүйедегі
интонация, ырғақ мәселесін анықтап алуы тиіс. Себебі: тақырып,
идея, образ дегендеріміздің барлығы да осы ырғақ аясында
анықталатыны белгілі. Көркем проза қай тілде жазылса да онда
өзіндік ырғақтың болуы – табиғи заңдылық дей отыра, проза
ырғағының не екеніне жауап беру үшін орыс филологиясындағы
пікірлерге назар аударсақ, бір зерттеуші бұл мәселені жазушы
үніне (тонына), екіншісі стильге, үшіншісі образға, енді бірі
композицияға байланыстыра қарайды. Г.П.Торсуев прозадағы
ырғақты үн екпінінен ажырағысыз тұтастықта қарап: «Әр
тілдің ортақ қасиеттері бола тұра, олардың әрқайсысы өзіне тән
интонация мен сөйлемдегі мағыналық бөлшектенуді білдіретін
өзіндік нормаларға ие болады» – деген пікірді айтса, В.Каверин:
«Мен көркем проза ырғағының бар екендігіне ғана емес,
оның тұтас композициямен органикалық байланыста екеніне,
мінездердің дамуымен байланысты болатынына, сонымен қатар
идеялар өрісінде маңызды рөл атқаратынына сенімдімін», –
деген пікірде. Көркем проза ырғағы жөнінде арнайы еңбек
жазған ғалым М.Гришман өзінің жазған хатына белгілі ақын
П.Г.Антакольскийдің: «Ақынға жол сілтейтін, оның міндетін
белгілейтін ортақ заңдылықтарының бірі – ырғақ ойлаудың
және әлемді поэтикалық танудың түпнегізі болып табылады», –
деген жауабына сүйене: «Осы алғышарттар негізінде прозадағы
ырғақтың рөліне де назар аударуға болады. Әрине, бұл жерде
орыс прозасы жайлы айтылып отыр. Жоғарыдағы анықтама
орынды, өйткені әр тілдің өз ерекшеліктері бар, сәйкесінше әр
тілдің өзіне тән ырғағы болады. Орыс тілінде мәселе тоникалық
ырғақ туралы, яғни екпінді және екпінсіз буындардың кезектесуі
туралы болуы мүмкін, тіпті сол жайлы болуы да шарт», –
дейді. Бұл пікірлердің барлығы да көркем прозадағы ырғақтың
маңыздылығы мен нәзіктігі, күрделілігі мен сан қырлылығы
19
қабаттаса жүретін мәселе екенін көрсетеді. Проза ырғағы өз
алдына томаға-тұйық, жеке тұратын құбылыс емес, керісінше,
өмір шындығының көркем бейнеленуінде тілдік-көркемдік
құрылым ның тұтаса жарасымдылық табуы үдерісімен бірлікте
қарастырылады.
Егер ырғақты жалпы алғанда тең өлшемдер бітімдерінің
заңды түрдегі қайталамасы дейтін болсақ, ол поэзиядағыдай
айқын да анық көрінбесе де, прозада аралық толастардың (пауза)
және мағыналық бітімдердің артық-кем кезектесуінде ырғақ
барлығы байқалады. Бұл ырғақтардың байқалуы – оқырман
сезіміне тікелей қатысты. Ырғақтың сюжет пен композицияға
қатыстылығы, сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің, абзацтың, бө-
лімнің өзіндік ырғақтары барлығы, автор тілі мен кейіпкерлер
тілі ырғақтарының бөлектігі, образдар ырғағы мен пейзажға
қатысты ырғақтардың болуы, тіпті, дыбыстардың да ырғақ ту-
ғызуға әсері болуы көркем прозадағы ырғақтың күрделілігін
көрсетсе, аллитерация, ішкі ұйқас, ой екпіні, ассонанс, инверсия,
сөздер қайталамалылығы мен қосарламалылығы, одағайлар,
қыстырмалар мен қаратпа сөздердің прозалық шығармада ыр-
ғаққа қатыстылығы оның сан қырлылығын көрсетеді. Проза
ырғағы поэзиядағыдай біркелкі тең бітімдердің заңды түрдегі
қайталамасы арқылы емес, мағыналық екпіндердің қайталамасы
арқылы, үн екпіндерінің дәйектілікпен жоғарылатылуы не
төмендетілуі арқылы, сөйлемдердің өлшемдестік құрылымы
– синтагмалардың орналастырылуы арқылы және осыдан
бұрын ырғақтың көп қырлылығына байланысты біз атап өткен
жағдайларға қатысты жасалады. Проза ырғағындағы осы
нәзіктік пен күрделілік, маңыздылық пен сан қырлылық тұтаса
келіп, автордың негізгі ойы мен өзі суреттегелі отырған өмір
құбылысына берген бағасына – идеяға келіп тіреледі. Қорыта
айтар болсақ, көркем прозадағы ырғақ – шығарманың тілдік-
көркемдік құрылымының үндестігі, өмір бейнесінің көркем
шындыққа айналуындағы ерекшеліктердің түп қазығы.
Біз бұл тарауда прозалық мәтінді талдау мен талқылаудың
көптеген мәселелерінің кейбірін ғана қозғадық, ал прозалық
мәтіннің толыққанды көркемдік-эстетикалық сипатын айқындау
үшін талданатын шығарманың әрбір бөлшегін қарастыру қажет.
20
Прозалық мәтінді талқылау тәсілі сан алуан. Өйткені жазушы
шеберлігі де шексіз, оның ұшы-қиырын табу қиын. Себебі
әр суреткер «бар ғұмырын тек шеберлік жолына сарп етеді»
/К.Федин/». Осы күрделі, маңызды мәселені көрнекті жазушы
Б.Соқпақбаевтың прозалық туындылары негізінде қарастырып
зерттеудің де маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |