.
Мәтін аяқталған ақпараттық және құрылымдық бүтін болып
табылатындықтан, семантикалық құрылымдық деңгейде мәтін
бірліктеріне: айтылымдар
,
фраза аралық бірліктер жатады. Ал,
композициялық деңгейде азат жол, параграф, бөлім, бөлімшелер
сияқты бірліктер айқындалады.
«Демек, мәтінді қабылдау, түсіну, тану, талдау, талқылау,
бағалау, филологиялық тұрғыдан жүзеге асыру үшін классикалық
филологиядан бері қалыптасқан ұстанымдар, ережелер,
қағидаттармен жүйелі түрде таныс болу – кәсіби біліктілікке
жетелейтін жол»/1,6/ деген пікірге қосылу керек.
Мәтін үғымы лингвистикада арнайы зерттеу саласы. «Мәтін»
термині – мәтін, дискурс, айтылым, шығарма, таңбалар жүйесі
және т.б. синонимдердің толық қатарын құрайтын ғылыми
парадигмаға жатады. Қазіргі лингвистикада мәтін түсінігі көп
аспектілі. Лингвист үшін мәтіннің кең және тар мағыналары бар.
Кең мағынада мәтін аяқталған ойды білдіретін ретті құрылым,
ал тар шеңберде ол – тіл арқылы мағыналық қабаттар мен
қатарларды өрнектеу деп түсіндіріліп жүр.
Мәтінге лингвистикалық тұрғыдан талдау жүргізудегі мақ-
сат – көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мәнін
түсіндіру, сол арқылы мәтіннің көркем бейнелі болмысын түсі-
нуге қол жеткізу. Лингвистикалық тұрғыдан талдау жүргізу
талдау үдерісінің алғашқы сатысы болса, оның логикалық жал-
ғасы ретінде мәтіннің стилистикалық ерекшеліктеріне назар
аудару қажет. Мұндағы тілдік талдау мәтінде жазушы қолданған
тілдік құралдардың мән-мағынасын ашуға құрылады. Мәтіндегі
тілдік тұлғалардың мән-мағынасын әбден білмейінше, олардың
неліктен қолданылып тұрғанын, өзіне қандай көркемдік мақсат
жүктейтінін, көркем бейне құруға қаншалықты атсалысып
тұрғанын ашу былай тұрсын, мәтіннің жай қарапайым мазмұнын
түсінудің өзі мүмкін болмайды. Ал, стилистикалық талдауда
мәтінде қандай тілдік тұлғалардың қолданылғаны емес, олардың
8
қалай, қандай мақсатпен қолданылғанының сыры ашылады.
Тілдік тұлғалардың мәтіннің көркем бейнелі мазмұнын
ұйымдастырушы эстетикалық қызметіне назар аударылады және
шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын бейнелеуге қатысы
анықталады. Әрине, мәтінге талдауды лингвистикалық және
стилистикалық деп бөлу тым шартты және ол көркем мәтінді
толыққанды танудың жүйесі бола алмайды. Бүгінде мәтінді
біржақты талдау нәтижелі болмайтыны тәжірибелік негізде
дәлелденіп отыр. Осыған байланысты мәтінді филологиялық
талдау атты жаңа интегралданған ғылыми пәннің іргетасы қалану
үстінде. Демек, көркем мәтінді талдау барысында кешенділік
ұстанымы басшылыққа алынады. Талдау барысында оның тек
маңызды қырларына ерекше басымдылық берілуі мүмкін. Себебі
әр мәтін өзіне тән көркемдік шеберлік тұрғысынан ұйымдасады.
Көркем мәтін алдын ала белгіленген нормалар мен стандарттарға
бағына бермейді. Оның өзіндік дараланатын тұсы да осы жерде
көрінеді.
XX ғасырдың екінші жартысында мәтінге әдебиеттануда
ерекше мән беріле бастады. Көптеген зерттеушілер көркем шы-
ғарманың предметтік-образдық аспектісі (шығарманың әлемі)
және идеялық-мағыналық аумағы (көркем мазмұн) оның тілдік
қорын қоса отырып, көркем мәтін құрайтынына тоқталып кетеді.
Мәтіннің өмір сүруінің коммуникативті-прагматикалық шарт-
тары. Автор – мәтін – оқырман: осы тізбектің негізінде мәтін
өзінің толық мағынасына сай құрылады. Көркем шығармада
автор – адресант, оқырман – адресат болып табылады. Адресат
факторы мәтін теориясында маңызды рөл атқаратын күрделі
ұғым ретінде танылады. Ғылыми еңбектерде түрліше аталуының
өзі (реципиент, рецептор, интерпретатор, тыңдаушы, аудитория,
кодты ашушы, әңгімелесуші, сөйлеушінің серіктесі, екінші
коммуникант, тыңдаушы коммуникант т.б.) бұл ұғымның сан
қырлылығын көрсетеді.
Аудиторияның мәтінді барынша дұрыс түсінуі үшін адресант
ақпаратты жеткізу барысында оқырманның (адресаттың) қа жет-
тіліктерін, мүдделерін, білім деңгейін, әлеуметтік ұстаным да рын
ескереді. Сөз субъектісі коммуникативтік ниетін жүзеге асыру
үшін мәтін түзбес бұрын адресаттың а) тілдік біліміне, ә) дәстүрлі
9
біліміне сүйенеді. Осыған байланысты мәтіннің прагматикалық
сипаттамасын арнайы қарастыру қажеттілігі туындайды.
Мәтінді прагматикалық талдаудағы негізгі мәселе адресанттың
прагматикалық ұстанымы десек, психолингвистика тұрғысынан
алғанда мұны ақпараттардың жазбаша мәтінде қодталуы деуге
болады. Ал адресаттың мәтінді интерпретациялауы, кодты ашу,
яғни мәтіндегі ашық және жасырын түрде берілген ақпаратты
дұрыс түсініп қабылдауы болып шығады.
Жалпы мәтінді интерпретациялау (талқылау) дегеніміз –
онда қатталған мазмұнды ашу, айқындау. Мұның өзі адресаттың
когнитивтік санасындағы білім қорының көлемімен тығыз
байланыста ашылатын мәселе. Адресанттың жеткізбек болған
түпкі ниеті реципиентке бұрын-соңды белгілі ұғымдарға
негізделсе, бұл коммуникация біршама нәтижелі болмақ. Ал
ондай сәйкестік болмаған жағдайда оқырманның мәтінді дұрыс
интерпретациялауы екіталай. Сонымен мәтінді интерпретациялау
үдерісінде адресаттың фондық немесе аялық білім қоры маңызды
рөл атқарады. Аялық білім сөйлеу қызметінің ойдағыдай
шығуының алғышарты болып табылады.
Аялық білім өз кезегінде пресуппозиция, зейін, түсінілім, қа-
былдау, ақпаратты кодтау және оны ашу сияқты психолин гвис-
тикалық ұғымдармен сабақтастықта қарастыруды қажет етеді.
Адресат мәтінді түсініп, қабылдау арқылы интерпретациялайды.
Мәтінді интерпретациялаудың алғашқы сатысы – қабылдау.
Мәтін қабылдануы – оның туындауына қарсы процесс. Мәтін
түзу ойдан мәтінге қарай бағытталса, қабылдау мәтіннен ойға
қарай жүргізіледі.
Аялық білімде мәтін құрастыру мен оны қайта кодтау
жүретіндіктен, мәтінді қабылдау пресуппозициямен байланысты
(латынша prae – алдынан, suppositio – болжам, презумпция).
Пресуппозиция – мәтінді сайма-сай қабылдауға мүмкіндік
беретін алғашқы білім, яғни мәтін мазмұнының компоненті.
Мұндай білімді бағдарлы білім деп атау келісілген.
Бағдарлы білім – бұл жазып отырған (айтушы) және оқып
отырған (тыңдаушы) адамның ұлттық болмыс лексикасын білу
деңгейі мен мәдени білімі. Мысалы, Ю.М.Лотман А.Пушкиннің
«Евгений Онегин» шығармасына түсінік бере отырып, ондағы
10
ақынның «Зизи, жанымның кристалы...» деген жолына назар
аударады. Бұл өлең жолындағы «Зизи – Евраксия Николаевна
Вольфтың бала кезіндегі есімі» екендігі білген адамға түсінікті.
Өлең туралы алдын ала білім ғана шумақтың мағынасын соңына
дейін түсінуге көмектеседі. Тіпті мәтіндегі жекелеген айты-
лым дарды түсіну үшін де алғашқы білім қажет. Демек, берілген
мәтін «тізбектелген сөйлемдерден» ғана емес, мәтіннің жалпы
мағынасын құруға қатысатын белгілі бір білімнен тұрады.
Мәтін типологиясы өзінің мәтін теориясындағы маңыз ды-
лығына қарамастан, әлі де жете зерттелмеген. Типологизацияның
негізін құрайтын критерийлер де анықталмаған. Обьективтік
тұрғыдан мұны мәтін феноменінің көпаспектілігімен, яғни
күрделілігімен, ал субъективтілік жағынан мәтін мәселелерінің
бір теорияға жатқызылып, жете зерттеле басталғанына көп уақыт
болмағандығымен түсіндіруге болады. Ең үлкен қиындық –
мәтін дифференцияциясы кезінде бір ғана критерийге сүйенуге
болмайды, себебі классификация жасау үшін бұндай негіздеме
өте тұрақсыз болып табылады.
Қазіргі уақытта «мәтін типі» ұғымы мәтін теориясының
заманауи зерттеулерінде, оның ішінде мәтін лингвистикасында
жиі қолданылады. Ол мәтін манифестацияларының эмпирикалық
түрдегі формаларын білдіреді. «Мәтін типі» ұғымын түсіндіруде
қайшылықтар әлі де айтарлықтай. Ол бірде өте тар мағынада,
бірде кең мағынада пайымдалады. Мәселен, кейде аспаздық
рецепт те мәтін түрі ретінде қабылданса, кейде шығарма мәтін
түрі ретінде түсіндіріледі.
Мәтіннің кейбір типтеріндегі сөйлеу мен тілдік құралдардың
әртүрлілігіне байланысты филологтар үшін мәтіндердің
жіктелуін жасау оңай емес. Дегенмен, функционалдық қызметі
негізге алынып жасалынған жіктеулер нақты да дәл. Кезінде
академик В.В.Виноградов тіл мен сөйлеу стилін қарым-қатынас
орнату, ақпараттандыру және әсер ету сияқты тілдің негізгі үш
функциясына байланысты бөлуді ұсынған. Бұл идеяны сөйлеу
стилінің белгілі бір түріне қатысты болғандықтан да мәтіндерді
жіктеуге пайдалануға болады.
Адамдардың күнделікті тұрмысында қарым-қатынас жасау
қызметі негізгі болып табылады. Тілдік тасымалдаушыларға
11
бел гілі бір ақпаратты жеткізетін мәтіндерге хабарламалық қыз-
мет тән. Ал әсер ету функциясы адам сезімі мен санасына бағыт-
талған көркем және публицистикалық мәтіндер үшін ма ңызды.
Олар белгілі бір деңгейде рецепиентке әсер етуге ар налған.
Белгілі аударматанушы ғалым В.С.Виноградов тіл мен стиль-
дің қызметін ескере отырып мәтіндердің алты негізгі типін
көрсетеді. Олар: сөйлеу тілі мәтіндері, ресми-іскери мәтіндер,
қоғамдық-ақпараттық мәтіндер, ғылыми және көркем мәтіндер,
діни шығармалар. Ал белгілі мәтінтанушы ғалым Н.С. Валгина
мәтіндерді көркем және көркем емес деп бөліп олардың көптеген
айырмашылықтарын көрсеткен.
Мәтін мәселелерімен айналысатын басқа да көптеген авторлар
болмыстың бейнелену сипатына сәйкес және коммуникация фак-
торларын есепке ала отырып, алғашқыда барлық мәтіндерді
Достарыңызбен бөлісу: |