Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет7/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
Діндер тарихы Борбасова

 
ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР 
 
ИНДУИЗМ 
 
Индуизм Үндістанда пайда болып қазіргі кезде кең дамып келе жатқан діни 
дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан 
асады деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдері (Үндістан жұртшылығының 
83

-ы), Непалда, Шри-Ланкада , Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік 
Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) елдері мен Африканың кейбір 


19 
аудандарында да аздап таралған. ХХ ғасырдан бастап индуизм Европа мен 
Америка елдеріне тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшылықтың бірден 
назарын аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған 18 томдық «Индуизм» 
атты энциклопедияның дайындалып жатқандығы дәлел десе де болады. Бұл 
энциклопедияға әр елдің 1250 ғалымның 10000–нан астам ғылыми мақалаларын 
енгізу көзделіп отыр.
Индуизм термині «Синдху» өзенінің парсы тіліндегі атауы «Хинду» деген 
сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен оның жағасындағы Үнді елін 
ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналды. 
Индуизм дінінің ерекшелігі бұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ 
бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ 
көптеген жеке ілімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті 
кітап жоқ, оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын жазбалардың 
беделі өте күшті. Бұл дінде жалпы мойындалатын сенім символдары мен 
талаптары болмағанымен де индуистердің дүниетанымында ерекше орын 
алатын ұғымдар ( дхарма, карма, сансара, мокша, Брахман, атман, варна, каста 
т. б.) бар.
Индуизмдегі құдайларды бір атпен атау, бір түрге біріктіру мүмкін емес. 
Бұнда құдай концепциясы әр түрлі, себебі индуизм Үндістанда ғасырлар бойы 
жинақталған жазбалардың барлығын өзінің қасиетті кітаптары ретінде 
қабылдаған, сондықтан да осы кітаптарда аталған 33 құдай ( 11-і аспандағы,
11-і ауадағы, 11-і жердегі ) индуизмде мойындалады. Осы құдайлардың 
арасынан Брахма, Шива, Вишну ерекше деп есептеледі. Брахма - әлемді 
жасаушы, бастапқы бірліктің барлық тірі және өтпелі шындыктың мәңгілігін 
жүзеге асырушы. Бірақ, Брахманның адам алдындағы еңбегі дәстүрлі индуистік 
түсінік бойынша көрнекті болмады. Сондықтан да Брахманға онша сиынбайды, 
оған арналған храмдар саны да санаулы ғана.
Индуистердің көпшілігі Шива мен Вишнуға табынғандықтан шиваиттер 
мен вишнуиттер болып екіге бөлінеді.
Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту, сонымен қоса Ол өмірлік 
күштің және еркектік бастаманың иесі. Шиваға Лингама формасында еркектік 
өмір жасаушы бастама ретінде табыну өте көп таралған.
Шива перілерге қарсы күрестерде ерекше батылдық көрсеткендіктен, Оны 
көбінесе қатал жоюшы ретінде қабылдайды. Бұл ипостасында Шива ырғақ пен 
би құдайы да болып келеді. Бидің қозғалысындағы Шиваның төрт қолы оның 
құдіреттілігі мен мүмкіншіліктерін символдайды. Қастарының ортасындағы – 
үшінші көз де жоюшылық күшті білдіреді. 
Индуистер, әсіресе шиваитер Ұлы Шиваға өте көп функцияларды таңады. 
Соның бірі шакти- Шиваның өзінің бөлек рухани энергиясы. Шакти тек қажетті 
жағдайларда ғана көрінеді. Индуистердің түсінігі бойынша Шактидің 
көмегімен адам өзінің негізгі мақсатына, мокшаға (жанның туу мен өлім 
тізбегінен босатылуы) жетеді. Шактиді киелі әйелдік бастама Шиваның жұбайы 
Шакти құдай деп қабылдайды. Бұл Шактидің көрінісі ретінде көптеген әйел 


20 
құдайлар пайда болды. Солардың ішінде Дурға мен Калиге сиынушылар өте 
көп. 
Вишну индуизмдегі сақтаушы қызметіндегі құдай. Ол қарапайым және 
адамдарға өте жақын. Оның жұбайы Лакшми құдай нәзік әйел махаббатының 
бейнесін символдайды. Вишнудың аваторлары (басқа құдай түріндегі 
көріністер) өте көп. Төрт бейнеде ол жануар болып көрінеді. Вишнудың қалған 
белгілі бес аваторлары: Парашурама, Рама, Кришна, Будда және болашақта 
келетін Калка құдайы болып есептеледі. Будданы Вишнудың аваторы ретінде 
қабылдау буддизмнің индуизм жүйесіне кіргізілгенін көрсетеді. Рама Рамаяна 
поэмасында патшаның ұлы, тақтың мұрагері, батыр бейнесі. Халықтың 
санасында ол құрметке бөленіп, Раманың, Вишнудың аваторына айналған. Ал 
тағы бір белгілі эпостық жырдың кейіпкері Кришна да Вишнудың аваторы 
болып есептеледі. Кришна жалпы үнділік жоғарғы құдай дәрежесіне 
көтерілген. Жыр бойынша батыр – жауынгер Арджунаның атқосшысы болып 
тұрып, оған аспан заңы мен эпикалық заңдардың жоғарғы мәні туралы әңгіме 
айтады. Кришнаның бұл философиялық тұжырымдары Бхагавад – Гита тарауы 
түрінде Махабхарата жырына енгізілген. Кейіннен Кришна ақылшы 
данышпаннан көңілді, жеңіл ойлы бақташы құдайға ауысады. Осы ипостасында 
ол Үндістан әйелдерінің сүйікті және өте белгілі құдайы ретінде дәріптеледі. 
Көктемгі діни мейрамдарда Кришнаға арналған көп діни ғибадаттар жасалады. 
Кришнаға табыну қазіргі кезде Америка, Батыс Европа, ТМД елдерінде 
вайшнавизм ілімі ретінде «Кришна санасы» қоғамдары арқылы кең таралған.
Индуизмнің қасиетті жазбалары Ведалар болып есептеледі. Олар шрути 
«тыңдау, естілу» деп аталады. Оның екі себебі бар: олар жоғарғы құдайдан 
естілген және шәкірттер ұстаздарының әңгімелерінен осы текстерді 
қабылдаған. Қазіргі индуизмде құдайға құлшылық еткенде осы Ведалық 
текстерден мантралар оқылады. Мантраларды ( қасиетті сөздер ) тек санскрит 
тілінде оқу керек. 
Брахмандар, абыздардың сыйыну мен құлшылық ету оқулығы проза 
түрінде жазылған. Бұлар Ведалық әдебиеттердің екінші бөлігі болып 
есептеледі. Абыздар жеті Брахмандық текстерді ерекше бөліп айтады.
Араньяки текстері де Құдайға құлшылық, медитация туралы айтады. Ал 
Упанишадтарда индуизм философиясының мистикалық концепциясы берілген. 
Упанишад - қатар отыру деген сөзді білдіреді. Гуру ( рухани ұстаз ) қасына 
отырған таңдаулы шәкіртіне қасиетті ілім туралы кеңес берген. Дәстүр 
бойынша Упанишадтар 108 тексттен тұрады. Бұл тексттерде индуизм 
философиясының мәнін ашатын категориялар берілген:
- Жеке жан (Атман) және Әлемдік жан (Брахман) 
- Брахман мәңгі өмір сүреді, бірақ формасы болмайды. 
- Әлем бұл – елес (иллюзия, майя). 
- Жан тізбектелген өмір циклынан (сансарадан) өтіп отырады, оның келесі 
тіршілігі өзінің іс-әрекетіне (кармасына) байланысты. 
- Жанның азаптан босатылу қасиеті бар (мокша). 
- Жаратылған әлемдегі барлық заттар бірлікте болады. 


21 
Үнділіктердің белгілі эпостық жырлары Махабхарата (дүниежүзіндегі ең 
ұзақ жыр) мен Рамаяна да қасиетті текстер (смрити) құрамына кіреді. 
Махабхаратаның алтыншы кітабының бір бөлігі болып есептелетін Бхагават-
Гита да индуистер үшін өте құнды кітап.
Бхагават-Гита тексттерінде Жоғарғы Құдай туралы ұғым ерекше орын 
алады. Сонымен қоса бұнда адам өмірінің мәні туралы философиялық 
тұжырым жасалады. Адамдағы ең маңызды нәрсе тәнде емес, сезімде емес, 
оның рухында. Әлемде Жоғарғы Рух Атманнан басқа ешнәрсе жоқ. Атман әр 
адамда бар, сондықтан өлуге де, біреуді өлтіруге де болмайды. Адамның тәні 
өледі, ал оның негізі – мәңгілік рух қалады. Осы шындықты адам түсініп 
өлімнен қорықпай, өзінің адамдық міндетін орындауы керек. Яғни адам ең 
бірінші өзін-өзі түсінуі керек. 
Алдына рухани мақсат қойған қауымдастықты Үнді жерінде арийлықтар 
қоғамы деп атаған. Олардың әлеуметтік құрылымы варнашрама-дхарма деп 
аталады. Бұл қауымдастық төрт таптан, төрт рухани даму сатысынан тұрады. 
Олар: брахмандар- (ой-өрістері жоғары тап), кшатрилер (әкімшілік), ваишилер 
(саудагер-фермер) және шудралар (жұмыскерлер). 
Варнашрама-дхарма – тұқым қуалаушылық касталық жүйеге айналған 
құрылым. Бұл 
құрылым алғашында Жоғарғы Құдай Бхагаванмен 
берілгендіктен адамдар оны табиғи түрде ойға қонымды қабылдаулары керек 
деп есептеледі. Адамдар осындай табиғи таптарға бөлініп, рухани жетілу 
сатысында бірлікте болса қоғам жоғары жетістікке жетеді. 
Төрт варнадан басқа жоғарыда айтылған төрт ашрама немесе өмірдің 
рухани сатылары бар. Брахмачари (некесіздікті ұстанатын шәкірттік кезең), 
грихастха (отбасылық өмір), ванапрастха (қоғамдық өмірден бас тарту), 
санньяси (тариқаттылық).
Қазіргі Үндістанда варнашрама-дхарма қасиетті кітаптарда жазылғандай 
таза варнамшрам қоғамы жоқ деп сенімді тұжырым жасауға болады. Бұны 
индуистердің өздері де мойындайды. Себебі қазіргі заман Ведаларда жазылған 
Кали-юга ғасыры бүкіл әлемнің тоқырау заманы деп түсіндіріледі. Осы 
замандағы Құдайға жетудің бірден-бір жолы Оған қажетінше құлшылық ету. 
Индуистердің осы жолдағы діни рәсімдері үш категорияға бөлінеді: нитья, 
наймиттика, камьия.
Нитья – бұл күн сайын жасалатын рәсім. Әр үндіс таңертең Күнге арнап 
сумен құрбандық шалады немесе отбасы құдайларының алдында пуджи 
(құдайларға құрмет көрсету) өткізеді.
Наймиттиканы адам өмірінің ерекше кезеңдерінде жасайды. Бұл отбасына 
кіріс болғанда, балаға есім бергенде, некелескенде өткізілетін рәсім.
Діни рәсімдердің үшіншісі камьия – діни саяхат. Бұл діни парызды 
орындау қажет деп есептесе де, әркімнің таңдауына ерік беріледі. Индуистер 
үшін діни саяхат табиғи өмір салтына айналған деседе болады. Діни мейрам 
кездерінде әсіресе ана құдайға арналған қысқа діни саяхатты индустар жаяу 
жасайды. Қасиетті қалалар мен әулиелер орналасқан алыс жерлерге ұзақ 
саяхатқа шығады. Индуизмде Ганг, Ямуна, Синдху (Инд), Сарасвати (жер 


22 
астында орналасқан), Нармада, Гадавари және Кавери өзендері қасиетті деп 
есептеледі, сондықтан осы өзендерге шомылу адамның күнәсінен арылып, 
рухани тазаруына әкеледі. Кейбір қасиетті жерлер Гималай тауларында 
орналасқан.
Индуизмде отбасында жасалатын діни ғұрыптар – самскаралар ерекше 
орын алады. Индуистердің көпшілігі мойындайтын он алты самскара мыналар: 
1) балалар дүниеге келгенге дейін: ұрықтану, құдайдан ұл сұрап жалбарыну, 
шашты тарау; 2) бала жасындағы рәсімдер: баланың дүниеге келуіне 
байланысты жасалатын ғұрып, балаға ат қою, баланың алғаш үйден шығуы, 
баланың ең алғашқы жеген қатты тағамы, ер баланың алғаш шашын алуы, оң 
құлағының жоғарғы жағын тесу, шәкірттік мирас қабылдау, қасиетті 
жазбаларды оқуды бастау, Ведалық білімді меңгерудің аяқталуы 
3) ересектерге арналған рәсімдер: некелесу, отбасы қызметін атқару кезеңі, 
қызметтен кету кезеңі, 60 жасқа толғанда жасалатын рәсім, кремация (денені 
отқа беру).
Индуистердің діни ұғымы бойынша вегетериандықты ұстану қажет. Әйтсе 
де кейбіреулерінің қойдың етін тамаққа пайдаланатындығы кездеседі.
Бұл діндегілер аюрведалық медицинамен емделеді. Себебі бұнда табиғи 
өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер қолданылады. Мемлекетте аборт жасау 
заңмен рұқсат етілгендіктен индуистер қыз баланың дүниеге келуіне бөгет 
жасауды, қалаусыз болған жүктілікті тоқтатуды дұрыс деп қабылдайды. 
Индуистер үшін адамның өзіне - өзі қол жұмсау ерсі әрекет емес, себебі бұл 
аскетизмнің соңы, діни кемелденудің шыңы деп қабылданады.
Индуизм әлемдік діндер қатарында болмаса да бұл діннің ілімі 
дүниежүзінде өте кең тараған. Үндістанның өзінде Ария Самадж ұйымы 
үнділіктерді индуизмге бағыттау үшін жұмыс жасайды. 
Батыс және Америка елдерінде ISKCON – Халықаралық Кришна Санасы 
Қоғамы индуизмнің бір тармағы ретінде Харе-Кришна қозғалысын дамытуда.
1990 жылы Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында “Кришна Санасы” 
қоғамының орталығы тіркеуден өтті. Қазіргі кезде Қазақстанның біраз 
қалаларында қоғамның орталықтары ашылып, белсенді жүргізген миссионерлік 
қызметтерінің нәтижесінде әр түрлі ұлт өкілдері осы діннен өз орындарын 
табуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет