4
Борбасова Қ.М.
Діндер тарихы
. – Алматы, 2014. –
Барлық оқу формалары бойынша студенттерге оқу әдістемелік құралы
ретінде баспаға ұсынылады.
Рецензенттер:
филос.ғ.д., профессор Аяжан Сағиқызы
филос.ғ.к., доцент Л.К. Құрманбаева
Діндер тарихы / : ЖОО-на арналған оқу әдістемелік құралы. – Алматы:
Қазақ университеті, 2014. – 150 б.
Оқу әдістемелік құралында діни
наным-сенімдердің алғашқы
формаларынан бастап, ұлттық және әлемдік діндер жан-жақты
қарастырылған. Дін тарихын баяндауда даосизм, индуизм, иудаизм және
басқа ұлттық діндермен қатар буддизм, христиан, ислам сияқты діндердің
тарихы баяндалады. Әр тақырыпты студент тест сұрақтары бойынша
тереңірек қарастыра алады.
5
Алғы сөз
Дін мәселелері қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды да күрделі болып
табылады. Дін қоғам өмірінің
барлық жақтарына әсер етіп, қоғамдық дамуға
зор ықпал етеді. Сондықтан дін жайлы дұрыс көзқарасты, түсінікті
қалыптастыру дінді зайырлы тұрғыдан талдаудың басты мақсаттарының бірі
болып табылады. Қазақстан қоғамы үшін сапалы білім алған кәсіби
мамандарды дайындау маңызды мемлекеттік мәселе. Білім берудің мақсаты –
жастардың кәсіби біліктілігін
қалыптастырумен қатар, олардың бойында
рухани құндылықтарды терең сіңіріп, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру.
Осы тұрғыда адамның тұлғалық қасиеттерін ашып, кемелденуіне негіз болатын
гуманитарлық пәндердің, соның ішінде дінтанудың маңызы өте зор.
Ұсынылып отырған оқулық осы қажеттіліктен туындаған және соны
қанағаттандыруға бағытталған қадам болып табылады.
Дінтану мамандарын даярлауда Мемлекеттік стандарт бойынша «Діндер
тарихы» пәні міндетті пән ретінде кіргізілген. Соған орай бұл пән 1 курста
мамандандырудың арнайы курсы ретінде оқытылады.
Діндер тарихын
сипаттау дін эволюциясының сатыларын қамтиды, бұл бөлімде әлемдік
діндердің ілімдерін, ғибадаттық ерекшеліктері мен бағыттарына басты назар
аударылды. Оқырман қауым діннің тарихи түрлерімен таныса отырып, олардың
ілімдік
ерекшеліктері, негізгі бағыттары және культтік практикасы туралы
толық мәлімет ала алады. Сонымен қатар студенттер әртүрлі діндерді
салыстырмалы зерттеу мүмкіндігіне ие болады.
Дін тарихын оқыту мен игеру әлемдік және отандық діни мәдениеттің озық
үлгілерімен таныстыра отырып, жастардың дүниетанымдық ұстанымдары мен
құндылықтарын айқындауына, кемел рухани тұлғаның қалыптасуына зор ықпал
етеді.
Діндер тарихы курсы педагогика, құқықтану, тарих, мәдениет пен өнер
және т.б. көптеген салалардағы мамандардың кәсіби даярлығына өз үлесін
қосады, себебі бұл курстан мамандар әр елдің, әр ұлттың діні, ділі,
мәдениеті
туралы жан-жақты мәліметтер алады.
Оқу әдістемелік құралын
жоғарғы оқу орындарының гуманитарлық,
қоғамдық, жаратылыстану және техникалық бағыттарында білім алушы
студенттер мен магистранттар кеңінен пайдалана алады. Оқулық орта және
арнайы
оқу орындарының, мектептер мен гимназиялардың, лицейлер мен
колледж оқушыларының, осы пән бойынша дәріс және практикалық
сабақтарды жүргізетін оқытушылар мен ұстаздардың
және дін мәселесіне
қызығушылық танытатын оқырмандардың дін тарихы туралы толық әрі терең
білім алуына өз үлесін қосады.