11
жартас данышпандары, қайнарлар мен ағаштарға қарағанда, құдiреттiрек
құдайлар жоғарылай бастайды, олардың әсер етуi жергiлiктi, дербес немесе
тайпалық жағдайлармен шектелмейдi. Үндiстанның
таулы аймақтарын
мекендейтiн кондылар – дравид тайпаларының дiни түсiнiктерi политеизмнiң
қалыптасуын көрсететiн жақсы иллюстрация бола алады. Кондылардың әлемiн
сансыз көп жергiлiктi рухтар мекендеген, олар табиғат құбылыстарын
басқарып, адам өмiрiне әсер етедi. Жергiлiктi рухтардан жоғарырақ құдайға –
тайпалардың қорғаушысына айналған ғұлама адамдардың жандары тұрады. Ал
олардан жоғары алты ұлы құдай: жаңбыр құдайы, алғашқы жемiстердiң әйел-
құдайы, өнiмдiлiк құдайы, аңшылық құдайы, соғыс құдайы, өлгендердiң
төрешi құдайы орын тапқан. Бұл құдайлардан да жоғарырақ - күн құдайы Бура
Пенну мен оның әйелi, құдiреттi жер құдайы Тари Пенну.
Иерархиялардағы ең жоғары орынды көбiнесе
аспанмен немесе аспан
құбылыстарымен байланысты құдайлар алды (Қытайда – Тань, Мысырда – Ра,
Үндiстанда – Индра мен Шакра). Жер құдайлары политеистiк жүйелерде аспан
құдайларымен бiр қатарға қойылды. Мысалы, Қытайдың ежелгi табиғат
культiнде Тянь (Аспан) мен Ту (Жер) бiр-бiрiмен ерлi-зайыптылық байланыста
бола отырып, әлемдiк ата-ана ретiнде құрметтелдi. Ведалық гимндерде жер
құдай-анасы Притгиви айтылса, ведалық дiндердiң қызметшiлерi рақымшылық
сұрап, Аспан-Әкеге ғана емес, Жер-Анаға да жалбарынған. Ежелгi грек дiнiнде
жер бейнесi ретiнде аспанды, теңiз бен тауларды жаратқан және аспанды
кейiптейтiн құдай - Уранды өзiне жұбайы еткен Гея болды.
Политеистiк жүйелерде жауынгер-құдайлардың маңызы зор болды, бұл ру-
тайпалық қатынастардан таптық қоғамға көшу кезеңiне тән қиратушы
соғыстарға байланысты болды. Бұл соғыстардың барысында тайпалардың
бiрiгуi, тайпалық одақтардың құрылуы орын алды. Осыған сәйкес дiни
түсiнiктердiң синтезi байқалды. Политеистiк пантеонның басына әдетте
гегемон тайпаның құдайы орнықты. Осылайша политеизмнiң бiр түрi –
генотеизм - адамдардың ана немесе мына қауымы көп кұдайлардың бар екенiн
мойындай отырып, өзiнiң тiкелей қамқоршысы
ретiнде көп құдайдың iшiнен
тек бiреуiн санап, соған табынуы пайда болады. Бұл жерден монотеизмге дейiн
бiр ғана қадам қалады.
Ру-тайпалық құрылыстан таптық қоғамға көшу кезеңiнде айтарлықтай
өзгерiстер дiни практика саласында да болды. Құдайларға деген қатынас өлген
адамдардың аруақтарына деген және адамның рухани табиғатының үлгiсi
бойынша пiшiмделген кескiнi жоқ табиғат рухтарына деген қатынастардан
ерекшелене бастады. Егер адамзат қоғамының дамуының ерте сатыларында
өлген адамдардың жанымен, рухтармен қарым-қатынас жасау әрекетi
адамдардың күнделiктi бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауының ары қарай
дамуы деп қарастырылса, кейiнiрек бұл қатынастар өз мәртебелерi бойынша
салыстыруға келмейтiн жаратылыстардың қатынасы сипатына ие болады.
Құрбан шалу сипаты да өзгередi. Сансыз көп құрбандықтар, соның iшiнде
адам құрбандықтары әлеуметтiк иерархияда
жоғары тұратын адамдардың
жандарына ғана емес, сондай-ақ бiрiншi кезекте құдайларға шалынады және
12
бұл құрбандық шалулар қатаң белгiленедi. Құрбандық шалулардың астарлары
мен бүге-шiгесi бiртiндеп қатардағы дiншiл бұқарадан бөлектенген және
әлеуметтiк иерархияда ең жоғары орындардың бiрiн алатын ерекше жiктi
құраған абыздарға мәлiм болды. Көбiнесе абыздық мұрагерлiк мамандық
болды, бұл ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн абыздық бiлiмнiң тылсымдық
сипатымен байланысты болды. Дiни өмiрдiң ордасына айналған тұрақты
ғибадатханалар мен храмдар пайда болады.
Құрбандық шалулар, храмдық
жерлерден алынатын кiрiс, сондай-ақ зайырлы билiктiң материалдық қолдауы
абыздықтың экономикалық және саяси әсерiн нығайтады.
Осылайша, қарастырылып жатқан кезеңде дiн қоғамдық өмiрдiң
салыстырмалы түрде дербес саласына айналады, дiн тарихында жаңа бет -
мемлекет болып құрылған халықтардың дiни жүйелерiнiң дамуы мен қызмет
етуi жайында баяндайтын бет ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: