Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет24/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

экстра
аридті
аймақ деп атайды. 
Құрылық ӛсімдіктеріне судың сіңуі тек тамыр жүйесі (неме-
се ризойдтары) арқылы топырақтан алынады. Тӛменгі сатыдағы 
ӛсімдіктердің тамыр жүйесі жоқ, сондықтан олар ылғалды бүкіл 
денесі (жер бетіндегі) арқылы сіңіреді. 
Судың топырақта «ұсталып» тұру механизмі бойынша негі-
зінен үш түрлі: гравитациялық, капиллярлық және байланысқан 
су. 
 
Гравитациялық су
– топырақ түйіршіктері арасындағы 
қуыстарды толтырған ылғал. Ол салмақ қысымы (күші) әсерінен 
тӛмен қарай жылжиды. Бұл сулар ӛсімдіктер тамырына оңай 
сіңеді. 
 
Капиллярлық су
– топырақтың майда түйіршіктері ара-
сындағы ӛте жіңішке қыл түтіктерде орналасқан және капилляр-
лық жабысу (тіркесу) күші арқылы ұсталады. Топырақ бетінде 
ылғалдың булануы нәтижесінде капиллярлық су жоғары кӛтері-
леді. 
 
Байланысқан су
– топырақтың ӛте майда түйіршіктерінің 
сыртында (бетінде) адсорбциялық күштер арқылы ұсталады. То-
пырақта майда түйіршіктер ӛте кӛп және оның бетінің (поверх-
ность) қосынды алаңы ӛте үлкен. Нәтижесінде байланысқан су 
мӛлшері баршылық. 
Ӛз кезегінде байланысқан су екі түрлі: 
1) түйіршіктер бетінде ӛте тығыз байланысқан су. Бұл сулар 
қозғалмайды және ӛсімдіктер сіңіре алмайды; 
2) түйіршік бетінен қашықтау орналасқан және топырақ 
түйіршіктерімен әлсіздеу байланысқан.
Бұл сулардың жылжымалылығы ӛте баяу және еріткіш қа-
сиеті нашар, ал ӛсімдіктердің оларды сіңіруі ӛте қиын. Ӛсімдік-
тер сіңіре алмайтын топырақтағы ылғал тығыз байланысқан су 
мӛлшерімен тең. Осы сулардың мӛлшері топырақ түрлеріне, 
оның физикалық-химиялық қасиеттеріне (түйіршіктер кӛлеміне, 
коллоидты заттардың мӛлшеріне, т.б.) байланысты және оны 
агрогидрологиялық тұрақты көрсеткіш
деп аталады. Ӛсімдік-
тер тұрақты түрде солатын агрогидрологиялық кӛрсеткіш (топы-


39 
рақтың абсолютті құрғақ массасына % есебімен) мӛлшері тӛ-
мендегідей (5-кесте): 
Аталған сулардан басқа топырақ қуыстарында су булары да 
болады. Қоршаған орта температурасы 0°С-тан тӛмендегенде 
ылғалдар мұзға айналады, ал суық одан да күшейгенде байла-
нысқан сулардың бір бӛлігі мұзға айналады және оларды ӛсім-
діктер сіңіре алмайды.
Топырақтағы аталған су формаларының ӛсімдіктерге сіңім-
ділігі әртүрлі. Гравитациялық суды ӛсімдіктер жеңіл әрі толық 
сіңіреді, ал капиллярлық судың сіңімділігі қиындау. 
Тамырдың сору аймағындағы клеткалардың осмостық қы-
сымынан жоғары қысыммен топырақта «ұсталатын» ылғалды 
ӛсімдіктер сіңіре алмайды, яғни бұл ӛсімдіктер үшін «ӛлі су» 
қоры (запасы). 
5 – кесте 
 
Ӛсімдіктердің тұрақты түрде солатын топырақтағы 
агрогидрологиялық ылғалдылық (топырақтың абсолютті құрғақ 
массасына % есебімен) (С.А. Вериго, П.А. Разумова, 
1973 бойынша). 
Топырақ түрлері 
Ӛсімдіктер тұрақты солатын 
топырақтағы ылғалдылық, % 
Құм 
0,5-1,5 
Құмайт топырақ 
1,5-4,0 
Жеңіл құмбалшық топырақ 
3,5-7,0 
Орташа құмбалшық топырақ 
5,0-7,0 
Ауыр құмбалшық топырақ 
8,0-12,0 
Сазды (балшық) топырақ 
12,0-20,0 
Ойлау жерлердегі батпақ торфы 
40,0-50,0 
Жер бетінен белгілі тереңдікте орналасқан топырақ қуыс-
тарын толтырған суларды – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет